"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛУЫ ТИІС

05.07.2022
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛУЫ ТИІС
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШҚО прокуратурасының қала-аудандар прокурорларының, облыстық полиция департаменті мен аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау мекемелері басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген алқа отырысында 2021-2022 жылдарға арналған кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстардың алдын алу және сот-тергеу практикасы саласындағы заңдылықтың жай-күйі мәселелері қаралды.

Отырысты ашқан облыс прокуроры Алмат Байшолақов кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар қоғамның ең маңызды проблемаларының бірі болып табылатынын, олардан адамдардың ең осал санаты – балалар зардап шегетінін атап өтті.

– Мүдделі мемлекеттік органдар мұндай қылмысты болдырмау үшін уақтылы алдын алу шараларын қабылдауы қажет, өйткені олар балалардың дене және психологиялық денсаулығына орны толмас зиян келтіреді. «Мемлекет басшысы бұған ерекше көңіл бөліп отыр, 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауы да бекерден-бекер емес, – деді өз сөзінде облыс прокуроры.

Жиында қаралып отырған санаттағы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату жөніндегі заңнамалық шараларға қарамастан, өткен жылдың қорытындысында өңірде олардың саны жоғары болғаны атап өтілді, бұл осы талдауды жүргізуге негіз болған. Атап айтқанда, 2021 жылы 71 қылмыс тіркелсе, оның ішінде 38-і зорлық-зомбылыққа қатысты. Ағымдағы жылдың 5 айында 31 қылмыс жасалса, оның 21-і — зорлық-зомбылық қылмыстары.

Объективті себептер бойынша қылмыстардың бір бөлігі кейіннен есептен шығарылады, бұл ретте 100 пайыздық тіркеу оларды жасыру фактілеріне жол бермейді.

Тұтастай алғанда, аталған істер бойынша сот-тергеу практикасы қалыптасты. 2021 жылдың қорытындысында түрлі мерзімге 23 адам, биыл 13 адам бас бостандығынан айырылған.

Мамандардың мәлімдеуінше, мұндай қылмыстарды ашудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол көп жағдайда қылмыс куәгерлерінің болмауына байланысты, ал жәбірленушілердің өздері ол туралы ұзақ уақыттан кейін хабарлайды. Ал бұл дәлелдемелер базасын жинауды қиындатады.

Сонымен қатар қылмыстық қудалау органдары тергеудің толықтығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Осыған байланысты, облыстық полиция департаменті мен аумақтық полиция органдары басшылығының алдына қылмыстық-процестік заңнама талаптарының бұл бөлігінің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету және ведомстволық бақылауды күшейту міндеттері қойылды. Аудан және қала прокурорларына істер бойынша ерекше қадағалаудың сапасын арттыру тапсырылды.

Жиында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

– Дәл осы мәселеге барлығымыз негізгі күш-жігерімізді жұмсауымыз керек, – деді облыс прокуроры мәжіліс залында отырғандар мен мемлекеттік органдардың басшыларына.

Осы мақсатта ағымдағы жылы облыс прокурорының тапсырмасымен Өскемен қаласының прокуратурасы аталған қылмыстардың алдын алуға және азайтуға бағытталған пилоттық жоба әзірлеген.

Ол бойынша жұмыс екі бағытта ұйымдастырылған: «тәуекел тобындағы» отбасылармен жеке жұмыс және балалармен, олардың ата-аналарымен жалпы алдын алу жұмыстары. Тұтастай алғанда, жоба «тәуекел тобындағы» балаларды анықтаудан бастап, кейіннен әрбір отбасымен нақты жұмыс жүргізу, жұмысқа орналасуға және мемлекеттік көмектің өзге де түрлерін алуға жәрдем көрсету, мектеп және колледж оқушылары арасында ақпараттық-профилактикалық жұмысты арттыруды іске асырудың бірнеше кезеңдерін қамтиды.

Бүгінде Өскемен қаласының прокуратурасы, ішкі істер басқармасы, білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері бірлескен іс-шаралардың тиісті жоспарына қол қойып, қанатқақты жобаны іске асыруға кіріскен.

Жобаның мерзімі 2022 жылдың қорытындысына белгіленді. Алқа мүшелерінің алдын ала нәтижелерін қазан айында тыңдау туралы шешім қабылданды.

Жоғарыда айтылған қылмыстардың алдын алуда жергілікті полиция қызметіне ерекше маңыз берілеті анық. Өз кезегінде облыстық полиция департаменті басшылығы аталған бастамаларды қолдап, өздері тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданатынына сендірді.

– Пилоттық жоба бойынша нәтижелерді талдағаннан кейін осындай жұмыс облыстың басқа өңірлерінде де жалғасады, — деді алқа отырысын қорытындылаған облыс прокуроры Алмат Байшолақов.

Д.АЛЛАБЕРГЕН,

Өскемен қаласы

Мақалада: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛУЫ ТИІС

Ұқсас жаңалықтар

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 день бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 день бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 день бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

4 дня бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

4 дня бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

4 дня бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

4 дня бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

5 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

5 дней бұрын

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС