"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қазақстандықтардың Түркияға жаппай көшуі Үкіметті тосын қадамға итермеледі

Түрік еліндегі қазақ диаспорасының күрт артқаны сонша, Түркияда тек қазақтар оқитын мектептер, қазақ жігіттері әскери борышын өтейтін әскери бөлімдер пайда болуда.

25.07.2022
Қазақстандықтардың Түркияға жаппай көшуі Үкіметті тосын қадамға итермеледі
560
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстандықтардың Түркияға жаппай көшуі Үкіметті тосын қадамға итермеледі

Өткен ғасырдың басында отарлаудан, байлардың дүние-мүлкін кәмпескелеуден, ақтар мен қызылдардың қырғынынан, ашаршылықтан, геноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен қашқан қазақтардың үлкен бөлігі шетелге ауды. Содан кезінде Қытайға, Ауғанстанға, Сауд Арабиясына, Иранға барып паналаған қазақтар 1930–1950 жылдар аралығында Түркияға қайта қоныстанды. 1923 жылы ғана тәуелсіздік алып, жаңадан іргесін көтере бастаған Түркия қазақ миграциясына тосқауыл қоймай, өзектен теппей, құшағын ашты. Көбісіне тегін баспана, жер телімдерін берді. Нәтижесінде, қазақ диаспорасы Ыстамбұл, Измир өңірлерінде шоғырланды.

Ыстамбұлдағы қазақ-түрік қоғамына басшылық еткен Кәміл Жезердің мәліметінше, 90-шы жылдары Қазақстан оралмандарды қабылдауға қатысты бағдарламаны іске қосқанда, тек Ыстамбұлдан Қазақстанға қандастарға толы екі алып ұшақ аттанған. Қазақтар ата-жұртқа қайтуға мүмкіндік туғанына бөркін аспанға атып қуанған. Дегенмен 2000-шы жылдардың басында қазақтардың атажұртқа көші саябырсып барып, доғарылды.

Қазіргі кезде кері үрдіс өршуде. Қазақстандықтар енді Түркиядан жылжымайтын мүлік сатып алып, жаппай көшіп жатыр.

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлдың айтуынша, бұл үрдіс қаңтар оқиғаларынан және Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін күрт үдеді.

«Кейде Қазақстанда мен сияқты қара қазақтар ғана қала ма деп қамығамын. Ауқатты қазақтар АҚШ-қа, Еуропаға, Сингапурға, одан қалды Дубайға кетуде. Орташалары Түркияға ауып жатыр. Белгілі тұлғалар, көрнекті жазушылар, саясаткерлер, түрлі саланың білікті мамандары, әскерилер, зейнеткерлер шетелге көшіп кетуде. Таныстардың біразы АҚШ-ты және Түркияны таңдады. Мысалы, жыл басынан бері бір ғана Анталияға 22 мың қазақстандық қоныстанған. «Мынау ұлы даламызда кім қалады? Неге кетіп жатсыңдар?» деп бірде кейідім. «Ағасы, ертең қаңтардағыдай тағы террористер басып кірсе, не агрессор көрші шабуыл жасаса, қайтеміз? Ұрпағымыздың амандығы үшін көшіп барамыз» дейді бірі. Бірқатарын Қазақстандағы экономикалық жағдайдың жыл санап нашарлауы итермелеген көрінеді. Мұның бәрі өткінші деген сенімдемін. Ел басшылығы Жаңа Қазақстанды құруға күш салуда, соған қазақ болып жұмылмасақ, сырттан ешкім келіп ештеңені жасап бермейді ғой», – деді Б.Смағұл.

Депутаттың дерегінше, бұған дейін, яғни ХХ ғасырдың бірінші жартысында ауып барған қазақтар Ыстамбұл, Анкара, Измир маңында шоғырланып тұрған. Ал жаңа көшке ергендер негізінен түріктің теңіз жағалауларына жақын қонған қалаларын қалайды.

Осылайша, оның байламынша, Түркияға қоныстанушы қазақтарды бұл қадамға итермелеген негізгі факторлар – экономикалық, идеологиялық, қауіпсіздік салаларына қатысты.

«Бір мықты кісі Қазақстанда мемлекеттік тілді дамыту ісінде ілгерілеушілікті көре алмай, түңіліп кетіп бара жатқанын жеткізді. Балаларымның орыстанып кетпесіне еш сенімім жоқ, ұлттық идеология жоқ деді ол. Бізде кез келген алқаш сахнаға шығып алып, көк туымызды қорлай береді. Ал ол жақта қазақтар тұтас аудан болып отырады. Әр төрде көк байрағымыз тұр. Өзара тек қазақша сөйлеседі. Ортада қазақ мектебін ашып алған. Бұрын Түркиядағы қазақ диаспорасы Қазақстаннан қазақ тілді оқулықтарды алғыза алмай қиналатын. Бүгінде көшіп жатқан ауқатты қазақтарда ондай мәселе жоқ сияқты. Қазақстаннан электронды кітаптарды алғызып, сонда төл типографияларында басып шығартады. Елде басы бірікпеген, туды қорлағанға шімірікпеген қазақтың отаншылдығы тек шетелде ғана оянса, жатжұртта ұлт болып ұйысса, оңған екенбіз. Ойлануды, ісімізді оңға бұруды қажет ететін мәселе», – деді Бақытбек Смағұл.

Ұлт жанашырларының сөзіне құлақ асатын, жарқын болашаққа жол ашатын шаралар қабылдауда Смайылов Үкіметінің пәрмен танытып отырғаны байқалмайды.

Сонымен бірге, шетелдегі қазақ диаспорасын қолдайтын шаралар да өрістегені жөн. Осы орайда Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан Республикасының Анталия қаласындағы (Түркия Республикасы) консулдығын қайта ұйымдастыру туралы» Президент жарлығының жобасын әзірлеп шықты. Оған сәйкес, қазақ елінің осы курорттық қаладағы өкілдігі күшейтіледі.

«Біріншіден, Қазақстанның Анталия қаласындағы консулдығы (Түркия Республикасы) Қазақстанның Анталия қаласындағы Бас консулдығы ретінде қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. Екіншіден, Қазақстан Үкіметі осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Үшіншіден, осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген құжатта.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа түсіндірме жазбасында Премьер-министр Әлихан Смайылов бұл қадам Түркияда қатары күрт өскен қазақ диаспорасын қолдау үшін жасалып отырғанын мәмімдеді.

«Жарлық жобасы Түркияның Анталия қаласындағы Қазақстанның консулдығының дәрежесін көтеруді көздейді. Жобаны қабылдау көрсетілетін консулдық қызмет түрлерін кеңейтуге, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық саласындағы жұмыстарды жүйелі жолға қоюға, атап айтқанда қазақстандық экспортты ілгерілетуге, инвестициялар тартуға, бірлескен ұйымдар құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл ақпараттық-имидждік және талдамалық жұмыстарды айтарлықтай күшейтуге, сондай-ақ Түркиядағы қазіргі саны көп қазақ диаспорасымен қажетті жұмыстың жүргізілуін қамтамсыз етуге жол ашады», – деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, жарлықты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды және республикалық бюджеттен қосымша ақшалай қаражат бөлуді қажет етпейді.

RestProperty агенттігінің дерегінше, Анталиядағы апартаменттер мен жаңа үйлерді сатып алушылар арасында қазақтар орыстар мен германиялықтардан кейін үшінші орында тұр. Ал Түркия бойынша жылжымайтын мүлік сатып алу жөнінен қазақтар алтылыққа кіреді.

«Жыл өткен сайын Анталияда тұрғын үй және коммерциялық мүлік сатып алатын қазақстандықтар саны қарқынды түрде артып келеді. Қазақтар бүкіл дүниежүзінде неге дәл осы Түркияны таңдайды? Әрине, қазақ клиенттердің әрқайсысының талғамы, қалауы, себептері әрқалай. Бірақ кем дегенде 4 ортақ себебі бар. Біріншіден, Қазақстандағы ірі қалаларда тек ортанқол пәтер алуға ғана жарайтын қаржыға бізде жағалауда орналасқан салтанатты үйден әрлендірілген, инфрақұрылымы дамыған, асүйі жабдықталған элиталы апартамент табуға болады. Екіншіден, Түркия рухани, мәдени, тарихи жағынан қазақтарға жақын. Мұнда олар төл рухын, дәстүрін, тілін сақтайды. Түркия қазақтары үшін бүгінде қазақ тіліндегі мемлекеттік радиокомпания жұмыс істейді», – дейді компания кеңесшісі Өзал.

Үшіншіден, Түркия бір жағынан зайырлы, сонымен бірге мұсылман құндылықтарын ұлық тұтатын ел. Анталияның немесе Аланияның кез келген ауданында әр элиталы үйдің жанында, қол созым жерде міндетті түрде мешіт орналасады. Қазақтар жергілікті азаншылардың күміс көмей үніне елтіп оянатынын, ләззат алатынын айтқан. Таңғы азанның ғаламатына туристер де қайран қалады. Ал Қазақстанның кейбір қалаларында тұрғындар қарсы болады деп, имамдарға азан шақыру кезінде қуатты дауыскүшейткіш аппаратураларды пайдалануға рұқсат бермейді.

«Қазақстан зайырлы әрі көп конфессиялы мемлекет болғандықтан, мешіттердегі шақырлатын азан дауысы шектен тыс зорайтылып, сол арқылы мешітпен көршілес тұрғын үйлердегі азаматтарға зарар беруге де болмайды. Осыны ескерген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзіне қарасты барлық мешіттердегі айтылатын азанның дауысы ҚР заңнамасындағы талаптарға сәйкес 30–45 децибелден аспауын қадағалап келеді», – деп жазады Кazislam.kz порталы.

RestProperty талдауынша, төртінші маңызды фактор – тілдердің жақындығы. Қазақтардың көбі шет тілдерден тек орыс тілін біледі. Сондықтан ағылшын не басқа тілдерде сөйлейтін елдерді жатсынады. Ал ана тілін жақсы білетін қазақтарға түрік тілін үйрену сонша қиындық тудырмайды. Бұған қоса, Анталияда да, Аланияда да ересектер мен балаларға түрік тілін үйрететін семинарлар, оқытушылар көп.

«Бұрындары қазақтар негізінен, Ыстамбұлда, Измирде шоғырланып тұратын. Соңғы уақытта қазақстандықтар Анталияда, Аланияда, Бодрумда жылжымайтын мүлікті белсенді сатып алуда. Анталияда Қазақстанның іскерлік топтары өкілдерінің қатысуымен саналуан іскерлік, мәдени, білім беру іс-шаралары үнемі өткізіліп тұрады. Алда мұнда Қазақстанның бас консулдығы ашылады деп күтілуде», – деді агенттік өкілі.

Оның мәліметінше, Түркияда экономикалық дағдарыс күшейіп келеді. Сондықтан жергілікті тұрғындарға да жұмыс табу қиын. Түркияға көшкен біраз қазақ Қазақстанда жиған байлығына өмір сүріп, өмірден рахат алады, денсаулығын сауықтырады. Кейбірі төл бизнесін ұйымдастыруға талпынады. Жылжымайтын мүлік агенттіктерін құрып, Қазақстаннан клиенттерді тартады. Орысша білетін маман іздейтін қонақүйлерге, туристік сауда орындарына жұмысқа тұрады. Жалпы алғанда, шетелдіктерге Түркияда ресми жұмысқа орналасу күрделі. Сол себепті көшкен қазақтардың көбі Қазақстандағы бизнесі болса соны сақтап, қашықтан басқарудың жолдарын іздейді.

Жанат Ардақ
inbusiness.kz

Мақалада: Қазақстандықтардың Түркияға жаппай көшуі Үкіметті тосын қадамға итермеледі

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

22 часа бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

22 часа бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС