"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҮРЖАРДА БОЛДЫ

25.07.2022
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҮРЖАРДА БОЛДЫ
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың аймақтың шалғай аудандарына сапарлары жалғасуда. Өткен сенбі күні облыс басшысы Үржар ауданына жұмыс сапарымен барды.

Облыс әкімі өз сапарын Мақаншы өңірінен бастады. Шекараға іргелес жатқан Мақаншы ауылындағы №2 аудандық ауруханада болып, мекеменің жұмысымен, жабдықталуымен танысты. Одан соң осы ауылдың ақсақалдармен кездесіп, қариялардың пікірлерін, уәждерін тыңдады.

Нұрлан Тельманұлы сонымен қатар Алакөл жағалауының туристік әлеуетімен танысты. Аймақ басшысы «Арбат» серуендеу аймағын абаттандыру жұмыстарын  көрді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы мұнда алаңдар,  «Турист Инфо» ғимараты, LED-экран  жөнделіп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген болатын.

Қазіргі уақытта Алакөл аумағын интернет қызметтерімен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде. Облыс басшысы өрт кезінде зардап шеккен нысандардың иелеріне де бірқатар ескертулер айтты.

«Құқық қорғау органдары өрттің себебін анықтауы керек. Курорттық аймақта ретсіз құрылыс болмауы тиіс», — деп ескертті Нұрлан Ұранхаев. Аймақ басшысы аудан әкіміне курорттық аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды. Сөз орайында бұл мәселені бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Одан кейін Нұрлан Ұранхаевтың сапары аудан орталығы Үржар ауылында жалғасты. Ондағы әуежайдың ұшу-қону жолағын және аэровокзал ғимаратын қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жоба «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы басталған. Бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстарының 95 пайызы орындалған. 2100 метрге дейін ұзартылған жасанды ұшу-қону жолағына асфальт-бетон жабындысы төселіп, екі әуе кемесіне арналған жүру жолдары мен перрон орнатылды.

Сонымен қатар қазіргі таңда патрульдік жолды ретке келтіру, қойма, жанар-жағармай зертханалары, аэронавигациялық мұнара, орталық тарату пунктін салуға жер телімдерін дайындау жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ әуежайды электрмен жабдықтау үшін кабель орнату жұмыстары аяқталуда.

Жұмыс сапары барысында Нұрлан Ұранхаев Үржар ауылындағы бассейнді қалпына келтіру жұмыстарымен де танысты. Сондай-ақ өңір басшысы балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған қолданыстағы ғимаратқа жапсарлас құрылыс жобасымен танысты.

Үржар ауданының облыстың агроөнеркәсіптік орталығы ғана емес, туристерді тартатын бірегей орталыққа айналуға әлеуеті, ішкі мүмкіндіктері жетеді. Бұл туралы облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев Үржар ауылындағы жергілікті халықпен өткен кездесуі барысында айтты. Облыс әкімі аудан басшысына «көлеңкелі бизнеспен» күрес, жұмыс орындарын құру, экономикалық әлеуетті толық көлемде пайдалану сынды бірқатар тапсырмалар берді.

— «Көлеңкелі бизнестің» дәуірі өтті. Салық түссе, Абай облысының бюджетіне түседі.

Ол қаржыны халық қажетіне жұмсаймыз. Сондықтан, кәсіпкерлерге айтарым: табысты жасырып-жасқаудың еш қажеті жоқ, — деді аймақ басшысы.

Нұрлан Тельманұлы ауданға қатысты жағымды жаңалықты жеткізді.

—  Келешекте, облыстың транзиттік әлеуетін арттыру үшін «Бақты-Аягөз» темір жол учаскесін және «Қарамай-Тачэн-Аягөз» темір жолын салуды жоспарлап отырмыз. Ол жол сіздер арқылы өтеді. Яғни  жаңа жұмыс орындары ашылады. Оның да игілігін, ең алдымен, жергілікті жұрт көруі қажет, — деді облыс әкімі.

— Мақаншының да жағдайын білемін. Аудан халқы бар, шекаралық аймақ дегендей. Осының бәрін, егжей-тегжейлі зерттеп, бір қорытындыға келеміз. Сондықтан бұл мәселеде біраз сабыр сақтауларыңызды сұраймын. Біз бәріміз осы облыстың қайта құрылуын  25 жыл күттік. Тұралап қалған өндірістер бар. Оның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл жалғыз менің, не болмаса әкімдіктің ғана қолынан келмейді. Бұл — ел болып, жұрт болып, бірге шешетін мәселе. Бәрі бір күнде бола қоймайды. Бәріне уақыт керек. Ел болып, халық болып біріксек, Абай облысы өзінің лайықты орнын алады деп сенемін, — деп Нұрлан Ұранхаев Үржар халқын бірлесе еңбек етуге шақырды.

—  Жалпы, жолдың жайы қайда барсаң да өзекті. Әсіресе қалааралық байланыс өте қиын. Халықтың наразылығы орынды. Бұл мәселені біз мәжіліс пен министрліктер деңгейінде қарадық. Жауапты органдарға мәселені сапалы шешу тапсырылды. Бұдан басқа интернет, ауыз су, жұмыссыздық мәселелері бар. Оның бәрімен таныспын. Облыс жаңадан құрылып жатыр. Бюджет әлі бекіген жоқ. Мемлекеттік органдар енді жасақталуда, — деді аймақ басшысы.

Үржар ауданы 27 ауылдық округтен тұрады. 71 мыңнан астам тұрғыны бар ірі аудандардың бірі. Аудан экономикасын дамытудағы негізгі рөл агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі екенін айта кету орынды, өсімдік және мал шаруашылығы саласында елеулі экономикалық әлеует бар. Ірі қара мал мен қой шаруашылығында белсенді даму байқалады.

Нұрлан Ұранхаев тұрғындар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді. Кездесуден соң жеке қабылдау өткізіп, алдағы уақытта да халықпен кері байланыс орнатуға көңіл бөлінетінін атап өтті.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Таскескен ауылындағы 1960 жылы ашылған кәсіптік-техникалық колледжге де соғып, материалдық-техникалық базасымен танысты.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҮРЖАРДА БОЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

09.09.2026
Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Желтоқсан айының соңына дейін Қарулы күштерге, Ұлттық ұланға, ҰҚК Шекара қызметіне және басқа да...

Толығырақ...Details

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

08.09.2026
Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Бүгін Семей қаласындағы ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңында «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» жобасы аясында мерзімді әскери қызметке шақырылған...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 день бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 день бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 день бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

4 дня бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

4 дня бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

4 дня бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

4 дня бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

5 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

5 дней бұрын

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС