"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАЛАҢЫЗ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН БА?

23.08.2022
БАЛАҢЫЗ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН БА?
45
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1 қыркүйек жақындаған сайын, оқушылардан бұрын ата-аналар уайымдай бастайды. Баланың мектеп формасына, аяқ киіміне, оқуына қажетті құрал-жабдықтарға кететін қаржы әсіресе қазіргідей қымбатшылық кезеңде үлкендердің қалтасына қосымша салмақ болары анық. Осыған орай, жақында Премьер-министр Әлихан Смайылов: «Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Ата-аналар балаларының мектеп формасы мен аяқ киімдерін, оқу құралдарын түгендеу қамына кірісті. Алайда олардың бағасы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Әлбетте, баға саясатына әлемдік логистиканың қымбаттауы, шикізат пен қызметтердің құны тікелей әсер етеді. Бірақ Үкімет пен әкімдіктерде қазақстандықтар үшін қаржылық шығындарды жеңілдетуге мүмкіндік беретін механизмдер бар», – дей келе, Үкіметке шұғыл шараларды қабылдауды тапсырған еді.

«Мектепке жол – шекарасыз жақсылық»

Елімізде сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде. 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасатын бұл науқан «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр. Акцияға әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолын созуға әзір кез келген адам – еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, қарапайым азаматтар қатыса алады. Немесе, керісінше, тұрмысы төмен отбасылар қатысушы ретінде көмек сұрай алады. «Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр. Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға кез келген адам көмектесе алады. Осылайша, әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын аламыз. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың атаулы, жеке тізімдері жасалған. Білім беру ұйымдарында «жедел желі» үздіксіз жұмысы ұйымдастырылды. Қиын өмірлік жағдайға тап болған барлық бала мен ата-ана көмек сұрай алады. Өз кезегінде бейжай қарамайтын азаматтар, кәсіпкерлер, меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға қол ұшын соза алады», – дейді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев. «Мектепке жол» акциясы Семей қаласында да ұйымдастырылуда. Кәсіпкерлер мен меценаттар қаламыздағы жағдайы төмен 123 отбасындағы балаларға жаңа оқу жылына сөмке, мектепке қажетті құрал-жабдықтарды тарту етті.

«Мектепке жол» аудандарда қалай өтуде?

Үржар ауданының жаны жомарт азаматтары да бұл акциядан шет қалмады.

— Акция аясында Үржар ауданының білім беру ұйымдарында мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңестің ұйымдастыруымен аудан азаматтары халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетіп, балаларды мектепке дайындауға атсалысуда. Атап айтсақ, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылардағы 426 балаға демеуші, меценаттар тарапынан 2 960 850 теңге көлемінде оқу құралдары, спорттық киімдер сыйға тартылды, -дейді Үржар аудандық білім бөлімінің мамандары. Ал Абай ауданында аталған республикалық акция аясында жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен Қарауыл гимназиясы Алматыдағы «Тори компаниясымен» келісімшарт жасасып, аз қамтылған, көп балалы отбасылардағы 132 оқушыға 2 376 000 теңгенің қыстық аяқ киімін алып беріпті. Аяқ киім уақытында жеткізіліп, оқушыларға берілуде. Сонымен қатар Шәкәрім орта мектебінің түлегі, қазіргі таңда Семей қаласындағы кәсіпкер Дәулет Тоқажанов 50 мың теңге аударыпты. Шәкәрім орта мектебі ұжымы акция аясында 31 қыз балаға мектеп формасын алып берді. Бекбосынов атындағы орта мектептің түлектері Тілек Ерболин мен Гүлнұр Күмісханова аз қамтылған отбасындағы оқушыға оқу құралдарын тарту етіпті. Басқа өңірлерге қарағанда Жарма ауданында акцияға белсене қатысқан жандар көп екен. Мысалы, «Тау-кен өндіру кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аталған қайырымдылық акциясы аясында Н.Крупская атындағы орта мектептегі 99 оқушыны 571000 теңгенің оқу құралдарымен қамтамасыз етіпті. Абай атындағы мектепбалабақша кешенінде аз қамтылған отбасыдан шыққан 23 оқушыға демеушілер тарапынан 205 мың теңгенің кеңсе заттары, аяқ киімдер мен спорттық киімдер табысталыпты. Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте 3 оқушыға жалпы білім беру қорынан мектеп формасы, демеушілер тарапынан 17 оқушыға 171 мың теңгенің оқу құралдары мен сөмкелер сыйға берілсе, Т.Көбдіков атындағы орта мектептің 13 оқушысына кәсіпкерлер 100 мың теңгенің оқу құралдарын алып беріпті. 3

7 000 теңге кімге беріледі?

Бүгінде «Жалпыға міндетті білім беру қорынан» атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар, АӘК алмайтын, бірақ бір мүшеге табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жанұялар, жетім балалар және атаанасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайлардан зардап шеккендер, мектептің алқалы органы айқындайтын оқушылар және өзге де санаттағы отбасылар 37 мың теңге көлемінде қаржылай көмек алуда. Бұрын жаппай оқыту есебінен көмек сомасы 17-ден 37 мың теңгеге дейін болған. Сондай-ақ мектеп керекжарақтарын сатып алумен әкімдік қызметкерлері айналысты. Бұрындары әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға мектеп формасы заттай берілетін болса, биылғы жылдан бастап ата-аналардың өтініштері бойынша қаражат түрінде аударылатын болады. «Көп балалы аналардың шағымдарын ескере отырып, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізілді. Түзетулер ата-аналардың карточкалық шотқа тікелей ақша алуы және әр балаға мектеп формасын, аяқ киім мен оқуға қажетті құралжабдықтарын өз бетінше таңдай алуы үшін қабылданды», – деп түсіндірді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өкілі. Біз қаламызда қанша отбасы осы қаржылай көмекті алатынын білу мақсатында Семей қалалық білім бөліміне хабарласқан болатынбыз. Алайда ондағы мамандар Семейде қаржы бөлінбегенін, отбасыларға тек материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Осы ретте қымбатшылық жайлаған қазіргі уақытта 37 мың теңгеге бір баланы киіндіру мүмкін бе деген сұрақ туындайтыны да рас. Осы орайда біз қаламыздағы базарға барып, бір баланы мектепке дайындау үшін қанша қаржы жұмсалатынын есептеп көрдік.

Жаңа оқу жылы – жаңа баға

Шаһарымыздағы орталық базардың жұмысы қызу. Мұнда тіршіліктің қайнап, сауданың қызып тұрғанын бірден байқайсыз. Әсіресе балаларына оқуға қажетті керекжарағы мен киім-кешегін іздеп сабылған атааналар мен қалам-қарандашын алып, сөмке арқалап жүрген балаларды көп кездестірдік. Бұл — жаңа оқу жылы таяп қалғанда жыл сайын қайталанатын жағдай. Осыдан бірнеше күн бұрын Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов журналистерге өзінің оқушы ұлына мектеп формасын алуға қанша қаражат жұмсағанын айтқан еді. — Балам жаңа оқу жылына дайын. Бірнеше ақ жейде, шалбар, костюм, галстук алдық. Барлығына 35 мың теңге шамасында қаражат кетті, — деді министр. Дегенмен бұл тек қана киім-кешекке жұмсалған қаржы, одан бөлек, балаға аяқкиім, спорт киімі, басқа да құрал-жабдықтар қажет. Сонымен, министр айтқандай, 35 мың теңгеге киім-кешек, яғни мектеп формасын алуға бола ма? Бір қарағанда ұсақ-түйек болып көрінетін оқу құралдарына кететін шығын қандай? Ендеше, бірге бағамдап көрсек. Ең алдымен қыз балаға кететін шығыннан бастасақ. Ақ бантик – 1 мың теңге, ақ жейденің ең арзаны 4 мың теңге болса, қымбаты 12 мың теңгеге дейін барады. Қыздардың костюмі 10 мың теңгеден басталып, ары қарай шексіз кете береді, әрине, баға сапасына да байланысты дейді сатушылар. Дүңгіршектердегі белдемше 6 мың теңгеден 12 мың теңгеге дейін болса, аяқ киімнің ең арзанын 6 мыңтеңгеге аласыз. Қыз баланын шұлығына тағы 1 мың теңге қосыңыз. Яғни сіз қыз баланы киіндіру үшін 28 — 50 мың теңге көлемінде шығынданасыз. Ал ұлдарға жұмсалатын шығын бөлек. Ер баланың костюм-шалбары 15 мың теңгеден басталып, 35 мың теңгеге дейін барса, ақ көйлек қыз баланың жейдесі сияқты 6 мың теңгеден басталып, ары қарай бағасы өсе береді. Аяқ киім де дәл солай, ең арзаны – 6 мың теңге. Белдік 1500 теңгеден басталады. Демек, 27 мың теңге мен 60 мың теңге аралығында шығынданасыз. Бұл тек бір жейде мен бір костюмге кететін қаржы. Балаға оқу жылына кем дегенде 2-3 ақ көйлек, қосымша шалбар, спорт киімі мен аяқ киім аласыз. Яғни, мектепке киім алу үшін жоғарыда айтылған бағалардан көбірек қаражат керек. Биыл мектеп формасының бағасы былтырғы жылға қарағанда әлдеқайда қымбат. Сатушылардың айтуынша, осы жылы оқуға киетін киімдер 30-40 пайызға қымбаттаған. Баланы мектепке дайындау тек киім алумен ғана шектелмейді. Сондықтан біз оқу құралдарының да бағасын бағамдап көрдік. Қарапайым дәптер 40-45 теңгеден басталады. Қалам, қарындаш 70 теңгеден басталса, күнделік 400-700 теңге көлемінде. Өшіргішті 100 теңгеден деп есептейік, сызғыш шамамен 300 теңге болса, қалам салғыштың бағасы көлемі мен сапасына қарай әр түрлі. Ал сөмке бағасы 5 мың теңгеден басталып, 12 мың теңгеге дейін жетеді. — Биыл оқу құралдарының бағасы былтырғыға қарағанда қымбатырақ. Ресейден келетін заттар 2 есеге өскен. Әрине, мектеп заттарының бағасын барынша түсіріп беруге тырысамыз, дегенмен өзімізге де күн көру керек, — дейді сатушылардың бірі. Айта кетерлігі, сізе тек дәптер ғана керек болса, базардан оны бөлек сатып ала алмайсыз. Дәптерлер оқу құралдарымен бірге сатылады. Мұны маркетингтің бір жүйесі ме дерсіз.

— Мен ауылдан қалаға балаларыме мектеп формасын алу үшін келдім. Екі қызым мектепке барады. Ең арзан деген аяқ киімді бес мың теңгеге таптым, бірақ оның өзі былтырғы саудадан қалғандары екен. Оны қазір балалар кимейді де. Ал көп балалы, жағдайы төмен отбасылар балаларына керек-жарақты қалай алып жатыр, оларға оңай тимесі анық, — дейді ата-ана Нұржан Саматов. Ал кейбір аналар кеңестік кездегі мектеп формасына қайта оралса дейді. — Бұрынғы форманы дұрыс деп ойлаймын. Қазіргідей қымбатшылық уақытта мектеп киімдерінің бағасын көп жанұяның қалтасы көтере бермейді. Кезінде қандай болды? Ақ жейде мен қара белдемше немесе қара шалбар. Артық ештеңе керек емес еді, — дейді Толқын Құраисова. Әрине, бұл — кеңес заманынан бері келе жатқан киім үлгісі. Ал алдағы уақытта бірыңғай ұлттық үлгідегі мектеп формасын енгізсе, қоғам қалай қабылдар екен? — Мектеп формасының қазақи нақышта болғанын өз басым қолдаймын. Бірақ қымбат болмауы керек. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп, қазақтың ою-өрнектері бар мектеп киімдері тігілсе жақсы болатын еді, -дейді Гүлжан есімді қала тұрғыны. Дегенмен бұл уақыт еншісінде. Ал бөлінген қаржымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың бір жыртығын жамасақ та, мәселе түбегейлі шешілмейтініне көз жеткізгендей боласыз. Себебі бір баланы киіндіріп, оқу құралдарын алып беру үшін кем дегенде 80 мың теңге көлемінде қаражат қажет. Оған түрлі үйірмелер мен қосымша дайындық сабақтарына кететін қаржыны қосыңыз…

Көп балалы ата-ана бұл тығырықтан шыға ала ма? Бұл, әрине, ойланарлық мәселе.

 Талшын ҚАЛИАСҚАР,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

11 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

11 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС