"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық науқан басталды

26.11.2025
Зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық науқан басталды
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» – әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы жыл сайын өткізілетін жаһандық халықаралық науқан бастау алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлнұр Ыдырышева баяндады.

— Науқан 25 қарашада Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күнінде басталып, 10 желтоқсан Адам құқықтары күнінде аяқталады. Биыл науқан «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» ұранымен өтеді. Қазіргі таңда цифрлық кеңістік қарым-қатынас, білім алу және кәсіби даму үшін кең мүмкіндіктер ұсынып, өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда цифрлық технологиялардың дамуы кибербуллинг, онлайн-қудалау, жеке деректерді келісімсіз тарату сияқты зорлық-зомбылықтың жаңа түрлерін туындатуда. Әйелдер мен қыздар осы санаттағы зорлық-зомбылыққа ең көп ұшырайтын топ болып отыр. Бұл олардың психологиялық жағдайына, әлеуметтік белсенділігіне және цифрлық экономикаға толыққанды қатысуына кері әсер етеді, — деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, Абай облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Виталий Каверин зорлық-зомбылық түрлерінің ішінде ең кең таралғандарын атап өтті.

— Зорлық-зомбылық түрлерінің ішінде онлайн-қудалау (61%), сексистік мәлімдемелер (37,3%), киберсталкинг (33%) және жалған ақпарат тарату (23,24%), виктимблейминг пен қоғамдық шеймингтің кең таралуы анықталды. Көп жағдайда қоғам агрессорды емес, жәбірленушіні айыптайды. Бұл жағдай цифрлық ортаны қауіпсіз емес етуге әкеледі және зорлық-зомбылықты қалыпты құбылыс ретінде қабылдауға ықпал етеді. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, 11–15 жас аралығындағы жасөспірімдердің кемінде 12%-ы кибербуллингке ұшыраған. Әлеуметтік желілерде сексуалдық қанау, қажетсіз байланыстар орнату, жасына сәйкес келмейтін контенттің таралуы сияқты қосымша қауіптер бар, — деді полиция подполковнигі.

Науқанның басты мақсаты – әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылыққа қоғамның төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, цифрлық қауіпсіздік пен құрметке негізделген орта құру. Оның міндеттеріне цифрлық зорлық-зомбылықтың түрлері мен салдары туралы ақпараттандыруды арттыру, зардап шеккендерді қорғау тетіктерін таныту және мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, БАҚ пен жеке сектордың өзара іс-қимылын күшейту кіреді.

Ұқсас жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

06.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы...

Толығырақ...Details

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

06.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас...

Толығырақ...Details

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

04.07.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Әділет» партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға толықтай дайын екенін мәлімдейді. Біз бұл сайлауды жаңа Конституцияны іске асырудың және Қазақстандағы демократиялық...

Толығырақ...Details

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

04.07.2026
Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

Semeytany.kz – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасымен өткен республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы өз жұмысын аяқтады. Алты айға жуық уақытқа созылған...

Толығырақ...Details

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

04.07.2026
Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталулы шара Ұлттық домбыра...

Толығырақ...Details

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

13 часов бұрын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

13 часов бұрын

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

3 дня бұрын

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

3 дня бұрын

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

3 дня бұрын

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

4 дня бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

4 дня бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

4 дня бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

4 дня бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС