"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берік Уәли: Өңірде тазалық жұмыстары жыл он екі ай тоқтамауы керек

26.11.2025
Берік Уәли: Өңірде тазалық жұмыстары жыл он екі ай тоқтамауы керек
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының өңірде іске асырылу барысы талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары, өңірлік департаменттер мен республикалық ұйымдардың филиал жетекшілері, сондай-ақ аудан, қала әкімдері онлайн режимде қатысты.

Басқосуда табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Теміржанов, облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әсет Өтепов және «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Қанат Әділбай «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Облыста экологиялық бастамаларды жүйелі түрде іске асыру мақсатында 44 іс-шарадан тұратын өңірлік жоспар бекітілген. Биыл санитарлық-экологиялық екі айлыққа 349 мыңнан астам тұрғын, 15 мыңнан аса ұйым және 6 мыңнан астам техника тартылды. Соның нәтижесінде 182 мың аула, 3 мыңнан астам парк пен сквер, 1315 ескерткіш аумағы тазартылып, 52 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылған. Семей қаласында экологиялық бақылауды күшейту үшін 1937 құқық бұзушылықты тіркеу камерасы жұмыс істейді.

Берік Уәли: Өңірде тазалық жұмыстары жыл он екі ай тоқтамауы керек

Көгалдандыру және абаттандыру бағытында да бірқатар жұмыстар жүзеге асуда. Биыл Семей қаласында алғаш рет 75 мың ағашты толық түгендеуді қамтитын дендрологиялық жоспар әзірленді. Жалпы өңір бойынша қалалар мен аудандарда 70 мыңнан астам көшет отырғызылған.

Полиция қызметкерлері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында күн сайын аумақтарды абаттандыру ережелерінің сақталуын тексеру үшін рейдтер өткізіп келеді. Жыл басынан бері 9091 құқық бұзушылық фактісі анықталып, 74,6 млн теңгеге жуық айыппұл салынған. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою бойынша аудандық жергілікті атқарушы органдарға 171 хабарлама жолданды.

Берік Уәли: Өңірде тазалық жұмыстары жыл он екі ай тоқтамауы керек

«Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының ғарыштық мониторингі нәтижесінде облыс аумағында 191 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Қазіргі уақытта оларды жою жұмыстары жүргізілуде. Мәжілісте қоқыс орындарына камералар мен ескерту тақтайшаларын орнату, аялдамаларға қоқыс жәшіктерін жеткілікті көлемде қою, заңсыз қоқыс төгілетін аумақтарды жою, ағаш отырғызу жұмыстарын әлсіз жүргізген аудандардағы жауапты тұлғалардың жұмысын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Кеңес барысында барлық қала-аудан әкімдері аймақ басшысына «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде анықталған кемшіліктерді жою бағытында қолға алынған шаралар туралы есеп берді.

Берік Уәли өз сөзінде бағдарлама аясында бірқатар іс-шаралар атқарылғанымен, олардың нәтижесі әлі де жеткіліксіз екенін атап өтті. Аймақ басшысы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, көпқабатты үйлерге қызмет көрсететін компаниялар мен мердігер ұйымдардың жұмысын қатаң бақылауға алуды, құрылыс нысандарын қоршау кезіндегі кемшіліктерді жоюды тапсырды.

Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына ерекше тоқталып, тазалықты қамтамасыз ету науқандық емес, күнделікті өмір салтына айналуы керектігін айтты. Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес облыста бұл бағытта 12 арнайы жиналыс өткізіліп, 102 хаттамалық тапсырма берілгенімен, олар толық көлемде орындалмаған.

– Қардың жаууы тазалық жұмыстарының тоқтауына себеп болмауы тиіс. «Таза Қазақстан» тек жазғы сенбілікпен шектелмейді. Аудан-қала әкімдері жұмысты дұрыс үйлестіріп, жүйелі түрде ұйымдастыруы қажет. Өңірде тазалық жұмыстары қысы-жазы бір сәтке де тоқтамауы тиіс. Қоғамдық орындар, әлеуметтік нысандардың аумағы, жаяу жүргіншілер жолдары мен көпқабатты үйлердің аулалары уақытылы қардан тазартылып, қоқыс жәшіктері тұрақты түрде босатылып тұруы керек, – деді Берік Уәли.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС