"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАЛАЛАРДЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН ҚОРҒАЙ АЛЫП ЖҮРМІЗ БЕ?

27.08.2022
БАЛАЛАРДЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН ҚОРҒАЙ АЛЫП ЖҮРМІЗ БЕ?
328
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай айтпақшы, бала – өмірдің жалғасы, ата-ананың көз қуанышы. Бала – бақыт, әр ата-ана үшін өмірінің мәні. Десе де соңғы уақытта ата-ана қарауынсыз қалған балалардың оқыс оқиғаға тап болып жатқандары жайлы жиі естіп жүрміз. Балалардың жоғалуы, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болуы, терезеден құлап кетуі, суға шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан қайғылы жағдайлардың орын алуы жиілеп кетті. Бұл сонда қоғамның баланың өмірі үшін жауапкершілікті сезінбегені ме?

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі», – дей келе, Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Президент бұл жыл тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту үшін ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты. Ендеше, ел ертеңі, өскелең ұрпақ – балалардың жақсы тәрбие алуы мен кедергісіз білім алуы өз алдына, олардың сапалы өмір сүруі мен қауіпсіз ортада өсіп-өнуіне жағдай жасай алып жүрміз бе? Біз осы мәселеге тоқталуды жөн көрдік.

Соңғы кездері қаладағы көп қабатты үйлердің терезесінен балалардың құлап кету оқиғалары жиілеп кетті. Осының салдарынан бүлдіршіндердің кейбірі мерт болып, кейбірі жарақат алуда. Көп жағдайда 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды. Бұл бүлдіршіндер терезе алдында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсінетін жаста емес. Ал қайғылы жағдай орын алса, оған кім жауапты? Біз шығыс өңіріндегі жағдайды білу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдай басқармасына хабарластық.

— Жыл басынан бері Абай облысында 5, Шығыс Қазақстан облысында 2 бала терезеден құлап кеткен, Абай облысында 4 бала суға кетті, жалпы, шығыс аймағында орын алған өрт салдарынан жарақат алған 5 бала, оның ішінде Абай облысынан  3 бала, Шығыс Қазақстан облысынан 2 бала тіркелді, — деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысындағы Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Төтенше жағдайлар басқармасы  қызметкерлері қайғылы оқиғаларға балаларды қараусыз қалдыру, ересектердің немқұрайлылығы, не болмаса терезелерде арнайы бекіткіштердің болмауы себеп болатынын айтады. Осы орайда мамандар бірқатар қауіпсіздік шаралары жайлы айтып берді.

 

ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ ОРЫН АЛМАС ҮШІН

Қазір кейбір ата-аналардың кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырып кететіні көпшілікке таңсық емес. Ал мұндай жағдайда бала өміріне қауіп төну ықтималдығы жоғары болатыны белгілі. Бес минутқа дүкенге не жұмысымен далаға шығып кеткен ата-ана кейде үйінде кілтін ұмыт қалдыратын, не болмаса есік құлпы ішінен бекіткішке жабылып қалып, сыртынан аша алмай қиналатын кездер де болады. Осындай жағдайда құтқарушыларға жүгінуге тура келеді. Төтенше жағдай қызметкерлері мұндай құтқару операцияларын апта сайын өткізеді.

— Жыл басынан бері құтқарушыларымыз бекітілген 279 есікті ашты. Кішкентай балалар мен қарттар тұратын үйде есіктерге бекіткіштерді орнатпаған дұрыс. Сондай-ақ есіктер күтімді қажет ететінін де ұмытпау керек. Ілмектер мен құлыптарды мезгіл сайын тазалап, майлап отырған жөн, ал құлып кептеліп, кішкене ақаулар пайда болса немесе есіктерді ашу-жабу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда, дереу ұстаны шақырыңыз, — деп кеңес береді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдай басқармасы «ӨСжАҚЖҚ» бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев.

Сондай-ақ ТЖБ мамандары ата-аналар болуы мүмкін қауіптердің алдын алуға және балаларды қатерден қорғауға міндетті екенін ескертіп, бүлдіршіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шараларды есте ұстау керегін айтып берді.

— Терезелерді ашық қалдырмау, бала өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын бекіту, арнайы қорғаныс тетіктерін орнату керек, бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп жиһаздың барлық түрлерін одан алыстатып қою қажет. Сондай-ақ москит торы мықты бекітілмейтіні белгілі, сондықтан баланы терезе алдында тұруға және көшеде не болып жатқанын қарауға үйретпеу керек, олардың балконға ересектердің қарауынсыз шығуына жол бермеу маңызды, — деп еске

Әрине, мұның барлығы ересек адамдардың балалар өміріне жауапкершілігіне байланысты. Құтқарушылар келер, бірақ баланы қорғау, ең бірінші, ата-ананың міндеті. Себебі балаларды қараусыз қалдыру жазатайым оқиғаларға алып келетініне сан мәрте көзіміз жетті. Сондықтан қауіпсіздік шараларын әрдайым есте ұстайық. Балалардың ашық терезелерге, балкондарға шықпауын қадағалап, пәтерлерде, су айдындарында жалғыз қалдырмауымыз қажет.

 

НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ ҚОҒАМ ДЕРТІНЕ АЙНАЛҒАН БА?

Көп қабатты тұрғын үй жанынан өтіп бара жатып, балконға шығып тұрған балаларды көріп қалу жиі кездесетін жағдай. Көбінесе ата-аналар балаларын қараусыз қалдырып, сыртынан жауып кеткенде балалар терезеге шығуға әуес. Тіпті үйде үлкен адам бола тұра, бүлдіршіндердің терезеден қарап тұратыны бар. Бала қызық көрінген жерге шыққысы келетіні рас, бірақ ондайда жанында ата-ана немесе ересек адамның болғаны жөн. Себебі қараусыз қалған балалардың оқыс жағдайларға душар болуы күннен-күнге артып келеді. Бұл ретте сала мамандарының, бала тағдырына бейжай қарамайтын азаматтарымыздың арқасында қаншама өмір құтқарылды. Өкінішке қарай, дер кезінде көмек көрсетілмегендіктен, ата-аналардың жауапсыздығынан бейкүнә сәбилеріміз ажал құшуда.

«Бала жоғалды. Ата-анасы дабыл қақты», «Қаншама күннен бері табылмай жатыр», «Тауда жоғалып кетті, суға батып кетті» деген сынды хабарламалар БАҚ беттерінен түспейді. Алайда жүрек ауыртатын мұндай ақпараттарды күнделікті әлеуметтік желілерден көріп,  селт етпейтін күйге түскендейміз. Себебі баланы қорғау полиция мен жақын туыстардың міндеті деген түсінік қалыптасқан. Балаларды қорғауға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге неге бәріміз жауапты болғымыз келмейді? Бұл ретте біз не істей аламыз?

Қазір әлеуметтік желінің мүмкіндігін әлі де толық пайдалана алмай келе жатқандаймыз. Қазіргі таңда ақпарат кімде болса, сол билеуші, ал ХХІ ғасырда ғаламтордың мүмкіндігі шексіз заманда ақпараттан көп дүние жоқ. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, ақпараттың шектен тыс көп болуы өзінің кері әсерін де тигізіп жатыр. Өзіңе керек мәліметті алып, қоғамдағы орын алатын жағдайларға «Сен тимесең, мен тиме бадырақ көз» көзқарасын ұстанып алғандар жетерлік. Мысал ретінде, жақында ғана теледидар жаңалықтары мен әлеуметтік желілерді шулатқан жағдайға оралсақ,  ол – 5 жасар кішкентай қыздың жоғалуы. Қостанайлық бүлдіршінді іздеуге 500-ден астам полиция қызметкері, еріктілер мен мүдделі азаматтар жұмылдырылды. Дрон, тікұшақтың көмегімен жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде, өкінішке қарай, 5 жастағы Мадина Ерланқызының мәйіті  жасанды су қоймасынан табылды. Алайда бұл жерде назар аударатын үлкен мәселе бар. Полиция қызметкерлері бала жоғалған күннің хронологиясын жасады. Онда көрсетілгендей, үйде 18 және 13 жастағы әпкелерінің қарауында қалған бала екінші қабаттағы ас үйдің терезесінен шығып, газ құбыры арқылы тұрғын үйдің кіреберіс есігіндегі күнқағарға түскен, кейін күнқағардан ағашқа өрмелеген. Сол уақытта ауладағы шуға елеңдеп, сыртқа шыққан көрші ер адам балаға ағаштан түсуге көмектескен. Оны пәтерге алып барғанымен, есікті қағып тұрған кезде бала көшеге жүгіріп шығып кеткен.  Бүлдіршін бейнебақылау камерасына түсіп қалған, сондай-ақ балдырғанды ауыл тұрғыны да көрген. Бір адам баланы орталық көшеден көрсе, кейін ауылға қарай бет алған тракторшы да, велосипедші де байқаған. Демек, жолдан бірнеше адам кездейсоқ көріп қалғанымен, тек қана оны қай жерде, қай уақытта көргендерін айтумен ғана шектелген. Бір адам баланы тоқтатып, қайда бара жатқанын сұрауға, пәтерге алып барған адамның өзі артынан баруға тырыспаған. Сонда таңертең бала неге көше кезіп жүр деген ой ешкімді мазаламағаны ма? Әлде немқұрайлық таныту қоғам дертіне айналып кеткен бе?! Сұрақ көп. Тек жағдай басқаша болғанда, бәлкім, оқыс оқиғаның алдын алуға болар ма еді деген ой өзегіңді өртейді.

 

МАМАНДАР НЕ ДЕЙДІ?

Оқыс оқиғалар айтып келмейтінін ескерсек, ең бірінші, өзіміз үшін, екінші, ата-ана болса, бала үшін жауапты екенін ұмытпау қажет. Қазір шомылу маусымы аяқталып қалса да, суға кету жағдайлары әлі кездесуде. Мұндай кезде өзімізді және балаларды қалай қорғауға болады? Бұл сұрақты да ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне қойдық. Олардың мәліметінше, суға батудың себептері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ негізгілері – рұқсат етілмеген жерде жүзу, дауыл кезінде, мас күйде шомылу, жүзе білмеу, үрленетін құралдардың жарылуы, баланы қадағаламау. Әрине, біз  қандай жағдайда оқыс оқиғалардың орын алатынын біле бермейміз, сондықтан сақтық шараларын ұстану ешқашан артық етпейді.

— Жазатайым оқиғалардан сақтанудың ең жақсы тәсілі – жүзуді жақсы білу және суда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау. Күтпеген жерден бата бастасаңыз, не істеу керек? Ең алдымен, тыныштық сақтаңыз және үрейленбеңіз.  Өкпеге ауа жинап, баяу дем шығарыңыз. Айқайлауға тырыспаңыз. Суға батып бара жатқан адамдар физиологиялық тұрғыдан айқайлай алмайды, ал айқайлауға тырыссаңыз суға кетуіңіз мүмкін, — деп кеңес береді мамандар.

Құтқарушылардың айтуынша, мұндай кезде, ең алдымен, адамның жағдайын сұрау қажет. Егер адам жауап қайтарып, сізбен сөйлессе, онда қорқудың қажеті жоқ. Ал жауап қайтармайтын болса, онда оны құтқару үшін сізде бір минут қана бар. Батып бара жатқан адам су бетінде 20 секундтан 1 минутқа дейін болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, ең бастысы, уақыт оздырмай, дереу көмекке шақыру қажет.

— Жақын жерде құтқару құралдары бар-жоғын тексеріңіз. Егер суға батып бара жатқан адамды құтқаруға бел байласаңыз, судың, желдің барысын, кедергілер мен қашықтықты ескеріңіз. Адамға жақындағанда, оны тыныштандыруға және жігерлендіруге тырысыңыз. Егер ол өз әрекеттерін басқара алса, онда сіздің иығыңыздан ұстауы керек.  Ондай болмаған жағдайда батып бара жатқан адамды шашынан ұстап, жағаға қарай жүзіңіз. Құтқарылған адамды жағаға шығарып алып, тыныс алуында және жүрек соғысында кінәрат болса, дереу алғашқы көмек көрсетуге кірісіңіз. Жедел жәрдем мен құтқарушыларды шақырыңыз. Егер суға батып бара жатқан адамға көмек қажет болса, «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, — деп кеңес береді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

 

«ТЕНТЕК ПЕН АЙЯ» НЕНІ МЕҢЗЕЙДІ?

Құтқарушылар балаларға қауіпсіздік негіздерін оқытуды жас кезден бастау керек деген қағиданы ұстанады. Оның үстіне, қазіргі заман ұл-қыздарына ерекше, шығармашылық көзқарас қажет екені сөзсіз. Сондықтан Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері қауіпсіздік шараларын сақтануды үйрету мақсатында «MediaPRO.KZ» ЖШС-мен бірлесіп, балалардың судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы «Тентек пен Айя» атты мультфильмін шығарды.

— Бұл  – ШҚО құтқарушыларының тентек ұл мен Айя қыз туралы екінші мультфильмі. Бұған дейін өрт қауіпсіздігі ережелері туралы мультфильм шығарылған болатын. Биыл шомылу маусымында балалардың жазатайым оқиғаларға душар болу жағдайлары артты. Сондықтан осы тақырыпты ақпараттандыру өзекті. Бұл анимациялық фильмді жасаған кезде балаларға су қоймаларына ересектерсіз бару қауіпті екенін және қандай жағдай болмасын қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін түсіндіруді мақсат еттік. Мәтіннің авторы — өскемендік Илья Волков, компьютерлік графика мен анимацияны  MediaPRO.KZ маманы Денис Костив жасады. Балалардың ерекше анимациялық бейнероликтерді жақсы көретіні белгілі, сол себептен де олардың қабылдауына жеңіл болу үшін дәл осындай әдісті қолдануды жөн көрдік, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Мультфильм желісі бойынша, ондағы жас кейіпкерлер балаларға қандай ережелерді бұзып, қиыншылыққа тап болғаны жөнінде мысалдар келтіреді. Содан кейін құтқарушылар суда өзін қалай ұстау керектігі туралы қарапайым және түсінікті тілде нұсқаулар береді. Мультфильмді ШҚО ТЖД-ның Instagram және YouTube ресми парақшаларынан көруге болады.

Бүгінде ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы мен баспасөз қызметінің қызметкерлерінің кең ауқымда жүргізген шараларының, рейдтердің нәтижесінде ағымдағы шомылу маусымында балалардың суға кетуі 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе төмендеді.

 

Баланың көңілі анада, ананың көңілі далада

Күйбең тірлікпен жүргеннен кейін барлық нәрсеге назар аудару мүмкін емес. Әйтсе де,  балаға қамқорлық таныту, қоғамда кездесетін қауіп-қатерден сақтау ата-анаға екі есе жауапкершілік жүктейді. Көп балалы ана Махфуза Болсымбаева бүгінде баланы қараусыз қалдыратын оқиғалардың жиі кездесетініне көңілі толмайды.

— Қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселе – осы. Көп балалы ана ретінде бұл жағдай мені де алаңдатпай қоймайды. Ата-ана тарапынан жауапкершіліктің жоқтығынан балалар түрлі жағдайға тап болуда. Көбіне көріп жүргеніміздей, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді желеу етіп, бала тәрбиесіне мән бермей жатады. Қанша қиын заманды бастан өткерсе де, ата-анамыз бізді тәрбиелеуге уақыт табатын еді. Баланы көздің қарашығындай қорғап,  тәрбие беру – біздің басты міндетіміз. Сондықтан балалардың қауіпсіздігіне айрықша назар аудару қажет. Ата-ана баланы үйде жалғыз қалдырмай, көршісіне, туысына тапсырып немесе өзі баратын жерге ертіп апаруы керек деп есептеймін. От пен судан сақ болу үшін ата-аналардың өздері де қауіпсіздік ережесін меңгергені жөн. Апат айтып келмейді,  әрқашан сақтанып жүрген абзал, — дейді Махфуза Болсымбаева.

«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» дейміз, әрине, бала болғаннан кейін ес кіргенше біраз әуре-сарсаңға салмай қоймасы анық. Бірақ қазіргі таңда баланы қорғауды, оның өміріне жауапты болуды кей ата-ана өзіне артылған жүк ретінде қабылдайтыны қынжылтады. Осыдан келіп, «Баланың көңілі анада, ананың көңілі далада» деген заман келген жоқ па деген де ой туады. Сондықтан ата-аналар заң бойынша бала алдында үлкен жауапкершілікке ие екенін ұмытпауымыз қажет. Ата-ананың міндеті – баланы сақтандыру, мүмкін болатын қайғылы жағдайдың алдын алу. Олар баланың денсаулығына, жан-жақты өсіп жетілуіне, яғни бір сөзбен айтқанда, оған толықтай қамқорлық танытуға мiндеттi. Ендеше, баланың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.

 

Мақалада: БАЛАЛАРДЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН ҚОРҒАЙ АЛЫП ЖҮРМІЗ БЕ?

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС