"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында азық-түлік қауіпсіздігін арттыру шаралары қаралды

25.11.2025
Абай облысында азық-түлік қауіпсіздігін арттыру шаралары қаралды
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында өңірді азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз ету және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселелері талқыланды. Жиынға облыстық басқармалар мен өңірлік департаменттердің басшылары, сондай-ақ қала және аудан әкімдері қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев есеп берді.

Биыл облыста 782,1 мың гектар алқаптан өнім жиналды. Оның 296,5 мың гектарын дәнді дақылдар, 339,4 мың гектарын майлы дақылдар, 5,9 мың гектарын картоп, 5,2 мың гектарын көкөніс-бақша дақылдары құрайды. Дәнді дақылдардың бәрі орылып, 348,9 мың тонна астық бастырылды.

Абай облысында азық-түлік қауіпсіздігін арттыру шаралары қаралды

Өнімді сақтау мақсатында өңірде қуаттылығы 173 мың тонна болатын үш лицензияланған элеватор мен шамамен 870 мың тонна астық сақтауға арналған қоймалар жұмыс істейді. Сондай-ақ жалпы сыйымдылығы 51,8 мың тоннаны құрайтын 13 көкөніс қоймасы бар.

Мал шаруашылығы саласында да өсім байқалады. Ірі қара мал саны 784,2 мың басқа, қой-ешкі 1,279 миллион басқа, жылқы 390 мың басқа жеткен. Ет өндіру көлемі 63,7 мың тоннаны, сиыр сүті 275,2 мың тоннаны құрады. Асыл тұқымды мал басының үлесі жыл сайын тұрақты түрде артып келеді.

Абай облысында азық-түлік қауіпсіздігін арттыру шаралары қаралды

Облыста 17 бордақылау алаңы жұмыс істейді. 3,2 мың сауын сиырға арналған сегіз сүт-тауарлы ферма мен жеті сүт қабылдау пункті бар. 2024 жылдың алғашқы 10 айында 13,1 мың тонна сүт жиналды. Алдағы жылдары жалпы қуаттылығы 5,4 мың басқа есептелген тоғыз жаңа сүт-тауарлы ферманы салу жоспарланып отыр. Бұл жобалар іске қосылған соң аймақта қосымша 29,7 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік туады. Осыған байланысты индустриялық аймақта сүт зауытын салу мүмкіндігі қарастырылуда.

Агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуеті де артып келеді. Биыл агроөнім экспорты 174,4 миллион АҚШ долларына жетті, оның 76,5 пайызы – өңделген өнім. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрінің 14-і облыстың өзінде өндіріледі.

Өсімдік майы, ұн, макарон, сүт өнімдері, шұжық және ет өндіру бағыттарында жаңа жобалар жүзеге асырылуда. «Qazaq Astyq Group» ЖШС желтоқсан айында тәулігіне 200 тонна тазартылған өсімдік майын шығаратын желіні іске қоспақ. Ал «Eurasia Agro Semey» ЖШС Жаңасемей ауданында ауысымына 35 тонна ет өңдейтін комбинаттың құрылысын жүргізіп жатыр. Бұл жоба 2026 жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланған.

Абай облысында азық-түлік қауіпсіздігін арттыру шаралары қаралды

Отырыс барысында аймақ басшысы жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті – бекітілген жоспарларды сапалы орындау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірдің ішкі нарығын тұрақты өніммен қамту екенін атап өтті. Ол облыс әкімінің ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасары Думан Оспановқа, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаевқа, қала және аудан әкімдеріне саланы дамытуға бағытталған шараларды жүйелі түрде іске асыруды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мақсатында 2024–2028 жылдарға арналған Жол картасында көзделген нысаналы индикаторларды толық орындап, оның іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу міндеттелді.

Берік Уәли өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында азық-түлік нарығындағы шетелге тәуелділікті азайту аса өзекті міндет ретінде қойылғанын атап өтті. Осыған орай ауыл шаруашылығын кешенді дамыту, фермерлерді жан-жақты қолдау, ауылдық инфрақұрылымды жақсарту және жаңа агротехнологияларды енгізу қажеттігін айтты. Сонымен қатар ішкі нарықты тұрақты өніммен қамтамасыз ету үшін өңдеу өнеркәсібі мен логистиканы күшейтудің маңыздылығын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС