"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕР — ҚАЗАҚТЫҢ АНАСЫ

31.08.2022
ЖЕР — ҚАЗАҚТЫҢ АНАСЫ
34
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
Баяғыда көрші қытай елінің билеушісі қазақ ханына елші жіберіп, аламан бәйгеде елдің даңқын төрткүл дүниеге жайған, шашасына шаң жұқтырмас Күреңқасқа тұлпарды сұратыпты.
— Оның бұл өтінішін орындаймыз ба, жоқ әлде басқа білдірер уәждерің бар ма? –деп хан уәзірлеріне қарап ақылдасады:
— Тақсыр, тұлпар берілмейді, — дейді бірі,
— Бермеу керек Күреңқасқаны,-дейді екіншісі,
— Күреңқасқаны ата жауға бергенше жағаласып өлу керек, — дейді үшіншісі.
— Көппіз деп басынбасын! Тұрысар жерін айтсын! – десіп шу ете қалған уәзірлері, көздеріне қан құйылып, маңдай тамырлары білеулене ашуға мініп, жаудың жағасынан алуға дайын екендіктерін бірден байқатады.
Тұлпар хандікі болғанымен, қазақта қазан ат пен сұлу қыз, балуан жігіт бүкіл рудың, қала берсе күллі елдің мақтанышы деп есептелетіні белгілі. Сондықтан, бұлар жеке біреудің ғана меншігі емес, бүкіл руға, күллі жамағатқа ортақ қазына деген ежелден қалыптасқан ата дәстүрді ұстанған уәзірлердің шамдануларының да жөні бар еді. Кеңесші уәзірлерінің сөзін асықпай-саспай тыңдаған хан ұзақ ойланып отырды да:
— Жауға бір қыл құйрықты қимаймыз деп ананы ұлынан, әйелді ерінен, баланы әкесінен айырып, халқымды қара жамылдыра алмаймын. Алсын! Елшілерге Күреңқасқаны жетектетіп жіберіңдер. Қазақтың төрт түлігі аман болса, жылқылары әлі сан Күрең-қасқаларды құлындатар, — дейді.
Хан екі сөйлемейді. Оның сөзіне қарсы уәж айтылмайды. Айтқаны айтқандай, дегені дегендей мүлтіксіз орындалады. Күреңқасқа кісіней-кісіней жау жетегінде кете барды.
Келесі жылы көрші елден елшілер тағы келіп, императорларының былтыр берген тұлпарларына аса риза болғанын, ендігі жерде нұр дидарлы ханшайым Нұршешек сұлуды әйелдікке сұратып жібергенін жеткізеді. Хан ақыл-кеңес алуға уәзірлерінің басын қосып, Қытай елі билеушісінің екінші өтінішін жеткізеді, оларға.
— Не дейді, мына қысық көздер, көппіз деп басынайын деген екен.
— Біз елміз бе, жоқ, әлде езбіз бе?
— Нұршешек ханшайымды бергенше, жау жағасына жармасып өлгеніміз дұрыс қой … Сүйекке таңба ғой бұл!
— Соғысу керек, тәубесіне келтіру керек, сұмырайларды. Тұрысатын жерін айтсын ! — деседі уәзірлер.
Бойларын кернеген ызаға булығып, қарттары түйілген жұдырықтарын көкке білеп, жастары семсерлеріне жармасыпты. Ел тізгінін ұстаған ханның бәйбішесі түгілі жесірін жатқа қимайтын қазақтың Нұршешектей аруын жау қолына беруге намыстануы заңды да еді.
Хан қабағынан қар жауып, ұзақ ойланды. Бір кезде сөз бастайды:
— Уа, жарандар! Бір сәтке ашуды ақылға жеңдіріп, теке тірестің соңы не болатынын ой елегінен өткізіп көрдіңдер ме? Ерегес соңы қан майдан, қан төгіс екені бесенеден белгілі. Құмырсқадай қаптаған қытайлардың жүз, бәлкім одан да көп сарбазына бір-ақ қазақтан шығара аламыз. Жеңіске жеткен күннің өзінде сан мыңдаған азаматтарымыз опат болып, талай әйел жесір, бала жетім болары хақ. Халқымды қасіреттен сақтау үшін Хань елі императорының бұл өтінішін де орындап, сүйікті бәйбішем Нұршешекті беруді ұйғардым. Тас түскен жеріне ауыр демекші, бұл ауыртпалықты бүкіл халыққа артып күңірентпей, бір өзім намыс өртіне өртенсем өртенейін. Елім үшін Нұршешектей ару құрбандық. Қазақтың ақ жаулықты аналары аман болса, ай мен күндей небір Нұршешектер дүниеге келер, — дейді.
Хан екі сөйлемейді. Шешім дұрыс па, жоқ әлде бұрыс па ешкім төрелігін айта алмайды. Айтылған тұжырым сөзсіз орындалады. Нұршешек бәйбіше де жылай-жылай атақоныс елімен хош айтысып, жау жетегінде кете барды.
Үшінші жылы көрші елдің елшілері қайта төбе көрсетіпті. Бос келмепті, бұл жолы ел қоныстанатын жер сұрай келіпті. Хан кеңесші уәзірлерін жинап, көрші ел елшілерінің бұйымтайын жеткізеді:
— Онсыз да бос жатқан жер ғой, берсек берелік,-дейді уәзірлерінің бірі.
— Жоқ, атақоныс мекенімізді неге береміз, бермейміз,-дейді екіншісі,
— Жер жетеді. Өгіздің талысындай кең жеріміздің бір пұшпағын берсек берелік. Жарлы болып қалмаспыз.
— Халқы көп елді өкпелетіп алып, басымызға бәле тілеп алмайық, бергеніміз дұрыс, — уәзірлердің жауабы осылайша әр қилы болады.
— Жоқ, — дейді хан қырандай шаңқ ете қалып, ата-бабамыздың маңдай тері мен алқызыл қанына шыланған осынау киелі мекеннен, алдыңғы ұрпақ мұра етіп қалдырған жер-анадан айрылып қалу — ата-баба аруағын қорлау. Жер-ананы қолдан шығарып алсақ, бізді аруақ атады. Қасиетті жерсіз біздің еркіндігіміздің де, тіршілігіміздің де мәнісі болмайды. Келешек ұрпақ атамекенсіз қалса, бөгде жұрттың құлы мен күңіне, тоз-тозы шығып, ұлты жоқ қасиетсіз тобырға айналады. Қазақтың ұлтарақтай жерін ата жауға таптатпау үшін семсерімізді қыннан суыратын күн туды. Не табанға салып жеңгенше, не қазақтың соңғы шамы сөнгенше суырылған семсер қайта қынға салынбасын!Қысық көз елшілерге жеткізіңдер, қазақтың сыйға берер жері жоқ. Жер берілмейді, өйткені мына ұлан-ғайыр, ұлы жер-қазақтың өзі,- дейді.

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

7 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

7 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

11 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

11 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

12 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

12 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

12 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

12 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС