"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮШЖАҚТЫ КЕЛІСІМ ЖАСАСТЫ

09.09.2022
ҮШЖАҚТЫ КЕЛІСІМ ЖАСАСТЫ
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан университетінде «Абай облысында кәсіпкерлікті дамыту» атты тақырыпта конференция болып өтті. Жиынға Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының  орынбасары Дархан Рамазанов, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов қатысты.

Бұл басқосу аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлік сала өкілдері үшін маңызы зор оқиғалардың бірі екендігі анық. Басты мақсат — «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан қазақстандық өнім өндірушілерді қолдау шаралары, осынау бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы ақпараттандыру. Сол себептен де, конференция кәсіпкерлікті жаңадан бастаған және іскерлік мақсатта жаңадан жоспар құрып жүрген азаматтар үшін өте маңызды болды.

Конференция аясында Абай облысының әкімдігі, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС, «Атамекен» ҰКП арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Осылайша кәсіпкерлік саланы қолдау, жандандыру және импорт алмасу саясатын іске асыру бойынша ынтымақтастық аясында бірлесіп жұмыс жүргізуге уағуға арналады.

— Кездесудің тағы бір мақсаты – «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу жұмыстарының жаңа тәртіптерін түсіндіру. Бұл шара «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп ұйымдастыруымен өтуде. Конференцияда осыған дейін іске асырылған барлық жаңашылдықтарға және Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмалар шеңберінде орындалуы тиісті мәселелерге назар аударылды. Президент Жолдауында ел кәсіпкерлерін қолдауға көп көңіл бөлінді, сондықтан да, бұл ретте «Самұрық-Қазына Контракт» қорының қатысуымен жұмыс жүргізудің маңызы зор. Сонымен қатар, Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы бизнес қауымдастықпен бірлесіп, қор жұмысының жаңа тәртібіне енгізілуі қажет ұсыныстарды да дайындауы керек, — деді өз сөзінде пікір білдірген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының  орынбасары Дархан Рамазановтың айтуынша, отандық тауар өндірушілерді қолдау және жергілікті қамтуды дамыту «Самұрық-Қазына» Қорының стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады.

-Бұл бағдарлама жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірілетін өнім түрлерін кеңейтуге және жергілікті қамтуды ұлғайтуға ықпал етеді. Осы жұмыстың барысында 2018-2022 жылдары 240 оффтейк-келісімшарт жасалды. Оның көлемі — 82 млрд теңгеден астам. Бүгінде таза импорт тауарлары бойынша қажеттілік алдымыздағы бес жылға шамамен 110 млрд теңгені құрайды. Және 4,5 мың позицияны қамтиды, — деді Дархан Рамазанов.

Бұл ретте аталмыш бағдарлама аясында оффтейк-келісімшарт тиімді шарттармен қаржыландыруды тартудың басты құралы болып табылатынын айта кеткен жөн. «Самұрық-Қазына» қоры реттелетін сатып алуларда алғашқы болып мұндай келісімшарттарды енгізді.

Бұдан басқа, кездесу барысында бірқатар маңызды тақырыптарды өзек еткен семинар алаңдары ұйымдастырылды. Олардың қорытындылары бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саласындағы өңірлік саясатты қалыптастыру үшін арнайы қарар әзірленді.

Сонымен қатар конференцияда оқыту семинарлары өтіп, оның барысында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС сарапшылары отандық өндірушілерді қолдау ісімен таныстырды. Яғни, алдын ала біліктілікті іріктеу және Қордың сатып алуларына қатысу жолдары туралы да кеңінен айтылды.

Дана ТАЛҒАТБЕКОВА,

«Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС