"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Ерім» дейтін елім бар…

14.09.2022
«Ерім» дейтін елім бар…
25
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

   «Семей таңы» газетінің 9 қыркүйектегі (№99) санында  Риза Асанқызының «Зайсан, «Ерім» дейтін ел бар ма..?» атты мақаласы жарық көрген еді. Бұл мақала оқырмандар арасында қызу талқылануда. Осы орайда, біз Зайсан өңірінде туып-өскен азамат Қадылбек Жағыпаровтың Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған пікірін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Менің төмендегі жазбаны жазуыма себеп болған Риза Асанқызының  «Зайсан, «Ерім» дейтін ел бар ма..?»  деп көп нүктемен аяқталған жазбасы. Автор өз жазбасында соңғы кезде Зайсан ауданында елдің береке-бірлігіне сызат түсіп, өздерін «ақиқаттың жаршысы» етіп көрсетіп жүрген арызқой «авторитеттердің» барлығын және оларға тосқауыл болатын ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер қайда деген мәселелер туралы жазған. Мен азамат ретінде қарындасым Ризаға үлкен ризашылығымды білдіремін. Бұл жазба талайларға ой салды. Мен де осы жазбаға пікір білдіруді шештім. Бірақ көңілімде көптеген сұрақ тұрды. Ел-жұрт қалай қабылдайды? Қалай түсінеді? Өйткені айтылған сөз – атылған оқ. Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табады. Сонда да өз пікірімді айтуды жөн деп шештім. Біз айтпасақ кім айтады!?
Айтарым бұл жағдайлар, жазу-сызулар бұған дейін де болған, бола береді де. Ол – өмір шындығы. Тек осы шындықты ой елегінен өткізіп, тиісті қорытынды жасау салиқалы адамдардың, ел жауапкершілігінің  арқалаған басшылардың міндеті. Жазу-сызудың астарында да келелі ойлардың, құнды пікірлердің жатуы әбден мүмкін. Тек ақиқатты аша білу қажет.
Ауданымызға басшы болып келген, Зайсанның өз перзенті Дулат Қажанов баламызды жақсы танимын. Жас болса да басшылық қызметте тәжірибе жинаған, саяси сауатты, тәрбиелі жанұяда өскен, туған жерінің жағдайын, халқын жақсы білетін азамат. Тек тура жолдан тайып, ақиқаттан аттамаса, болашағынан көп үміт күттіретін азамат. Тек оған сәттілік және ақ жол тілейік!  Сонымен:

Тыңдайтын құлақ болса егер,
Халқыма айтар сөзім бар.
Ұқсаңдар халқым, ұқсаңдар,
Бұл сөзде менің жаным бар!!!

Тектілер елі — бұл Зайсан,
Деген бір сөзден тасыдым.
«Жазғыштар» елі — бұл Зайсан,
Деген бір сөзден жасыдым.

Сүйектен өткен сесті мен,
Бір ауыз сөзге жыладым.
Бір ауыз сөзден естіген,
Жер болып оңбай құладым.

Бір ауыз сөзден ез деген,
Сыздады жаным, жүрегім.
Бір ауыз сөзден ер деген,
Көктемгі бақтай түледім.

Бір ауыз сөзден гүл болып,
Күнгейде тұрдым майысып,
Бір ауыз  сөзден тұл болып,
Теріскейде тұрдым қайысып.

Бір ауыз сөзден татыр боп,
Өтінде қалдым ызғырық.
Бір ауыз сөзден батыр боп,
Шындықты жаздым жыр қылып.

 

Бір ауыз сөзден аталы,
Жалындап жаным, маздады.
Бір ауыз сөзден қапалы,
Мезгілсіз сола жаздадым.

Жаужүрек халық — қазақ біз,
Жауына басын имеген.
Десек те кейде «мазақпыз»,
Бір-бірін, досын күндеген.

Жүрмейтін тыныш күндейтін,
Түсіну қиын — қазақпыз.
Ақиқатты да іздейтін,
Сондай-ақ кейде — ғажаппыз.

Біреулер бәлкім білмес түк,
Не деп тұр мынау деп сөгер.
Армансыз жатам күндестік,
Менімен көрге кетсе егер.

Абайлап сөйлеп айтпасаң,
Бір ауыз сөз бас жарар.
Жүйесін сөздің таппасаң,
Тас жарар яки, бас жарар.

Уа, туған жер — Зайсаным,
Киелі мекен құт қонған.
Жайсаңым, саған айтарым,
Арылыңдар зәр — бұл даудан!?

Түскенде сынға елдігім,
Ерім дейтін — елім бар.
Көрсетер елдің ерлігін,
Елім дейтін — ерім бар?!
Ерім дейтін — елім бар!!!
Елім дейтін — Ерім бар!!!

 

Қадылбек Жағыпаров

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

18 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

18 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

18 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

18 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС