"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

10.06.2026
«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2026 жылғы 29 мамырда Астана қаласында «Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналды. Кездесу саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарын, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның сарапшыларын және жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарын бір алаңға тоғыстырды. Қатысушылар қатарында мәжбүрлі босқындардың балалары мен немерелері, сталиндік-бериялық еңбекпен түзеу лагерьлерінде, АЛЖИР-де және басқа да лагерьлерде жазасын өтегендердің ұрпақтары болды.

Іс-шараның ашылуында Астана қаласының ғасыр жасаған тұрғыны, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен Көкен Рақымқызы Омарова қатысушыларға бата берді. Ол тәркілеу науқанының куәгері. Бала кезінде отбасымен туған жерінен кетуге мәжбүр болып, ұзақ жылдар Түмен облысында тұрған. Алайда жұбайымен бірге балаларына Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіре білді. Он үш баласының он бірі аман қалып, мүмкіндік туған кезде елге оралып, Қазақстанда білім алып, еңбек етті. Кездесуге Көкен әженің балалары – Абай Омаров пен медицина ғылымдарының кандидаты Ләззат Рамазанова қатысты.

Бұрынғы Булаев ауданының, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданының тумасы Қайрат Елубаев өз архивінен табылған деректермен бөлісті. Оның туған атасы – молда болған. Қуғын-сүргін жылдары ол басқа да жазықсыз жандармен бірге атылған. Алайда олардың жерленген жері бүгінге дейін белгісіз күйінде қалып отыр

Жиында Алаш қайраткері, драматург, публицист әрі аудармашы Қошке Кемеңгерұлының ұрпақтары – немересі Ризабек Нарманбетұлы және шөбересі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Қайырбек Кемеңгер естеліктерімен бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында тарихи жадыны сақтау, саяси қуғын-сүргін құрбандарын одан әрі ақтау және олардың ұрпақтарының тағдырларын зерттеу мәселелері талқыланды. Мемлекет және қоғам қайраткері Ирак Елекеевтің, мәдениеттанушы Серік Ерғалидың, зерттеуші Мақсот Серғалиевтің, заңгер Исидор Борчашвилидің, еңбек ардагері Болат Темірбаевтың және басқа да қатысушылардың сөздері көпшіліктің назарын аударды.

Жобалық кеңсенің жетекшісі Сабыр Қасымов қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарының естеліктерін жинақтау және цифрландыру бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады.

«Уақыт алға жылжып барады, өкінішке қарай, сол кезеңнің куәгерлері жылдан-жылға азайып келеді. Бүгін біз екінші, тіпті үшінші буын ұрпақтарын жинадық. Олар әлі де тасада қалып келеді, бірақ дәл осы адамдар ақтау мәселесіне ең көп мүдделі әрі оған ерекше жанашырлықпен қарайды», – деп атап өтті модератор.

Қатысушылар 2020 жылы құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына жоғары баға берді. Осы уақыт аралығында ауқымды архивтік зерттеулер жүргізіліп, көптомдық құжаттар мен материалдар жинақтары жарық көрді, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған туыстары туралы мәлімет іздеушілерге арналған e-memory.kz ақпараттық ресурсы іске қосылды.

Кездесу барысында мазмұнды пікір алмасу өтіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімдерін ұлықтау және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында бірқатар ұсыныстар енгізілді.

Жалпы алғанда, өңірлерде және жетекші жоғары оқу орындары ғалымдарының бастамасымен жарық көрген еңбектерді қоса есептегенде, құжаттар мен материалдардың жүз томы басылып шықты.

Іс-шара аясында саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Алаш қайраткерлерінің портреттер көрмесінің таныстырылымы өтті. Көрме Магжан Жұмабаевтың, Қошке Кемеңгеровтің, Жүсіпбек Аймауытовтың және Хайретдин Болғанбаевтың жаңа бейнелерімен толықтырылды.

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС