"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТЕХНИКА ЖАҢАРТЫЛУДА

04.10.2022
ТЕХНИКА ЖАҢАРТЫЛУДА
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда шығыс өңірінде астық жинау қарқыны жоғары. Күзгі мизам-шуақ диқандардың жұмысына оң әсерін тигізді.

Әйтсе де биылғы жаздағы, тамыз-қыркүйек айларындағы құрғақшылық, жауын-шашынның болмауы, көңілді күпті еткені жасырын емес. Оның үстіне ел көлемінде өрт қаупі өршіп тұрды. Алайда дақылдардың пісіп жетілуіне, астықты уақтылы жинауға және өңдеуге қолайлы жағдайлар да жоқ емес.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сүйенсек, биыл Шығыс Қазақстанда егіс алқаптарына 640 мың гектарға жуық жер бөлінген. Бұл өткен аграрлық маусымға қарағанда шамамен 24 мың гектарға артық. Сондай-ақ өңірдегі шаруашылықтарда 2074 комбайн бар. Оның 355-і өнімділігі жоғары заманауи машиналар. Әрбір комбайнға орташа маусымдық жүктеме 350 гектардан аспайды.

Қазір көптеген фермалар мен шаруа қожалықтары трактор паркін жаңартты. Өйткені күзгі жаңбыр күшейгенде бұл техниканың пайдасы көл-көсір. Жалпы, өнімділігі жоғары әрі жаңа жабдықтар астықты сапалы, жылдам бастыруға септігін тигізеді, оған қоса шығындарды барынша қысқартуға мүмкіндік береді.

Мәселен, жақында Катонқарағай ауданының Большенарым ауылындағы «Жас Қанат» шаруа қожалығы шетелден комбайн алды. Тәжірибелі әрі беделді аграршы Анатолий Матасов бастаған ұжым қол еңбегін алмастыратын жаңа технологияларды шаруашылыққа енгізіп, заманауи техникаларды сатып алған сайын табыстары арта түсуде.

Жалпы, соңғы уақытта ауыл шаруашылығына қатысты осындай жағымды жаңалықтарды баспасөз беттерінен жиі ұшырастыруға болады. Мәслихат сессиясындағы есебінде облыс әкімі де аграрлық салаға көп тоқталды.

Шығатын түйін біреу — құрғақшылықтың «құрығына» ілікпеу. Облыс басшысы әсіресе Зайсан ауданының оңтүстігіндегі ауылдарда суару жобаларын іске асыру қажеттігін атап өтті. Облыс басшылығының пікірінше, бұл үшін тиісті қаражат бөлінуі тиіс. Оңтүстік аймақтардың географиясы мен қашықтығын, логистикалық шығындарды, климаттың ерекшеліктерін және басқа да көптеген маңызды факторларды ескеру қажет.

Ал зайсандық мамандарының айтуынша, дәл бұл орайда ауданның ірі әлеуеті бар.

Зарина КӘП,

«Семей таңы»

Мақалада: ТЕХНИКА ЖАҢАРТЫЛУДА

Ұқсас жаңалықтар

2,5% несиелер: «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі

22.03.2025
2,5% несиелер: «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі

Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы басым салалардың бірі болып табылады. Ауылдық жерлерде Қазақстан тұрғындарының 38%-ы тұрады, бұл шамамен 7,6 млн. адамды...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

07.02.2025

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды...

Толығырақ...Details

ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

06.02.2025
ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

Көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бағаның күрт қымбаттауына әсер етеді. Бірақ елімізде олай болуы мүмкін бе? Жауап: тұтынушылар үшін бағаның айтарлықтай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысы Түркістандағы «Орталық Азия – Корея» форумында өңір әлеуетін таныстырды

7 часов бұрын

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

7 часов бұрын

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

9 часов бұрын

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

10 часов бұрын

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

10 часов бұрын

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

23 часа бұрын

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

23 часа бұрын

Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

23 часа бұрын

Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды

23 часа бұрын

Киелі жерлер — өзара құрмет пен халқымыздың мәдени саналуандығының символы — Президент

24 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС