2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС ӘКІМІ СЕМЕЙДЕГІ КОЛЛЕДЖДЕРДІ АРАЛАДЫ

15.11.2022
ОБЛЫС ӘКІМІ СЕМЕЙДЕГІ КОЛЛЕДЖДЕРДІ АРАЛАДЫ
ОБЛЫС ӘКІМІ СЕМЕЙДЕГІ КОЛЛЕДЖДЕРДІ АРАЛАДЫ
ОБЛЫС ӘКІМІ СЕМЕЙДЕГІ КОЛЛЕДЖДЕРДІ АРАЛАДЫ
ОБЛЫС ӘКІМІ СЕМЕЙДЕГІ КОЛЛЕДЖДЕРДІ АРАЛАДЫ
ОБЛЫС ӘКІМІ СЕМЕЙДЕГІ КОЛЛЕДЖДЕРДІ АРАЛАДЫ
ОБЛЫС ӘКІМІ СЕМЕЙДЕГІ КОЛЛЕДЖДЕРДІ АРАЛАДЫ
ОБЛЫС ӘКІМІ СЕМЕЙДЕГІ КОЛЛЕДЖДЕРДІ АРАЛАДЫ
ОБЛЫС ӘКІМІ СЕМЕЙДЕГІ КОЛЛЕДЖДЕРДІ АРАЛАДЫ
ОБЛЫС ӘКІМІ СЕМЕЙДЕГІ КОЛЛЕДЖДЕРДІ АРАЛАДЫ
63
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

15 қараша күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қаладағы бірнеше колледжді аралап, оқу барысымен, материалдық-техникалық базасымен танысты.

Нұрлан Тельманұлы алдымен геологиялық барлау колледжіне барды. Қазіргі күні кең сұранысқа ие оқу орнында 1000-ға жуық студент білім алуда. Оларға 80-нен астам білікті оқытушы сабақ береді. Колледж директоры Ардақ  Әділғазыұлының айтуынша, колледжде 2018 жылдан бастап «Жас маман» жобасы іске қосылып, 2021 жылы мемлекеттік сатып алу арқылы екі аудитория мен бір зертханаға 70 дана аппараттар мен жабдықтар сатып алынған.

— Бұл жабдықтың бұрғылау тереңдігі 800 метрге дейін жетеді. Жер қойнауынан тау жыныстарының цилиндрлі үлігісін алады. Сол арқылы жер астында тау жыныстарының қандай түрі жатқанын біле аламыз. Ал мына техника жер асты суларын іздеуге, ұңғымаларды бұрғылауға бағытталған. Бұған да «Жас маман» жобасы аясында қол жеткіздік. Қазір колледжде бұрғылау кешені толықтай дайын,- деді колледж директоры Ардақ Әділғазыұлы.

Директордың айтуынша, өткен оқу жылында 185 түлектің 174-і жұмысқа орналасқан. Ал биыл 241 студент оқу орнының түлегі атанбақ. Қазірдің өзінде колледжге түрлі компаниялардан 278 сұраныс келіп түскен. Оқу орнының түлектері бүгінгі күні KazMinerals, Полиметал, Бақыршық, Қаражыра және басқа да көптеген беделді компанияларда еңбек етуде.

Аймақ басшысы оқу қабинеттерін, құзыреттілік орталығын көрді. Колледжің мұржайына кіріп, оқу орнының тарихымен кеңірек танысты.

Нұрлан Тельманұлы Геодезия және картография жоғары колледжіне барды. Бүгінгі күні колледжде 400-ге жуық студент «геодезия және картография мамандығы және «техник-картограф», «техник-геодезист» және «техник-аэрофотогеодезист» біліктіліктері бойынша білім алуда.

— Оқытушылардың 90 пайызы осы колледждің түлектері. Соңғы екі жыл ішінде оқытушыларды кәсіптік ұйымдардан тартып отырмыз. Биыл ұйымдардан төрт мұғалім келді,- дейді колледж директоры Қаныш Мақсұтұлы.

Аймақ басшысы колледждің оқу кабинеттерін, кітапхананы көріп, оқытушылармен, студенттремен сұхбаттасты.

Нұрлан Тельманұлы электротехника колледжіне аялдады. Колледжде 800-ге жуық студент білім алуда. Аймақ басшысы алдымен колледж базасында орналасқан құзыреттілік орталығына барды. Мұнда студенттер жұмысшы мамандықтар арасында Астана қаласында өтетін республикалық Wordskills чемпионатына және Австрияның Зальбург қаласында өтетін дүниежүзілік чемпионатқа дайындалуда.

— Қазір біз Германия мемлекетімен ERASMUS+ бағдарламасы шеңберінде дуалды оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Былтырғы жылы осы мақсатта 50 млн. теңге бөлініп, оқытушыларымыз Германия мен Австрияда білім алып келді. Жобаның екінші кезеңіне де өттік, — дейді колледж директоры Марат Серікболұлы. Нұрлан Тельманұлы сонымен қатар колледж базасындағы цехпен, соңғы үлгідегі дәнекерлеу құрылғыларымен танысты. Айта кетерлігі, биыл аталған оқу орны Siemens компаниясымен келісімшартқа отырып, заманауи құрылғыларға қол жеткізген.

— Біз Қазақстандағы колледждердің арасында алғаш рет Siemens компаниясымен келісімшартқа отырдық. Нәтижесінде екі шеберіміз Алматы қаласына барып, шеберлік сыныбына қатысып қайтты,- дейді колледж директоры Марат Серікболұлы.

Аймақ басшысы Семей қаласындағы Бизнес және Сервис колледжіне аялдады. Мұнда студенттер «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру», «есеп және аудит», «тамақтандыруды ұйымдастыру», «менеджмент», «маркетинг», «дизайн», «қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру», «туризм», «шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандықтары бойынша білім алуда. Колледж директоры Альмира Хожанова аймақ басшысын оқу орнында ашылған мейрамхана қызметі орталығымен таныстырды. Мұнда даяшы біліктілігі бойынша оқитын студенттер мейрамхана қызметін меңгеруде. Осы орайда облыс әкімі аймақта жоғары деңгейде қызмет көрсететін даяшылар жетіспейтінін тілге тиек етті.

— Абай облысы жаңадан құрылғаннан кейін, бізге жан-жақтан келетін меймандар көп. Мейрамханаларда білікті даяшылардың жетіспейтінін байқап жүрмін. Кәсіби даяшыларға, аспазшыларға сұраныс әрдайым жоғары,- деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

2021 жылы колледж қабырғасында «Жас маман» жобасы аясында «Қоғамдық тамақтандыру», «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» және «Өнеркәсіптік өнімнің дизайны» сынды үш мамандық бойынша 6 зертхана мен 5 шеберхана 47 құрал-жабдықпен, 136 бірлік техникамен жабдықталған. Колледж оқытушылары бірнеше шет елде болып, тәжірибе алмасуда. Облыс әкімі осы салалар бойынша қол жеткізген жаңа техникаларды көріп, кондитерлік зертхана жұмысымен танысып, колледж директорына әлемдік дейгейдегі чемпионаттарға қатысуды, сондай-ақ жатақхана салуды қарастыруды ұсынды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

6 дней бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 неделя бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 неделя бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС