"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

475 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ ДАЙЫН

18.11.2022
475 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ ДАЙЫН
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 16 қараша күні Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Брифингте сайлау учаскелерінің дайындығы, сайлау кезіндегі бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы айтылды. 

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Абай облысының АСК төрайымы Н.Фесенконың айтуынша, Абай облысы бойынша 475 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның ішінде 36 учаске жабық. Облыс аумағында 486 комиссия бар, оның 1-і облыстық, 10-ы қалалар мен аудандардың комиссиялары. 3290 комиссия мүшесі бар. Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің 40 пайызын педагогтер, 10 пайызын коммерциялық құрылым, 5 пайызын медицина және басқа да сала қызметкерлері құрайды. Сайлаушылар саны 1500 адамнан асатын 125 учаскеде азаматтарды тіркеуді тексеру бойынша қызмет, 5 учаскеде халыққа мобильдік қызмет көрсету орталығы жұмысы ұйымдастырылады.

— 30 қазанда жеке тұлғаларды есепке алудың мемлекеттік базасымен пысықталған сайлаушылар тізімі барлық сайлау учаскелеріне берілді. Осыдан кейін учаскелік комиссиялар қала тұрғындарына шақырулар дайындап, тарата бастады. Әрбір азамат өзінің сайлау учаскесінің мекенжайын білуге, дауыс беруге құқылы. Барлық сайлау учаскелері шақыру, есептен шығару куәліктері, әдістемелік материалдар, тағы да басқа барлық қажетті баспа өнімдерімен қамтамасыз етілген. Істен шыққан жәшіктер ауыстырылды, — деді Наталия Анатольевна.

Сайлаушы ЖСН немесе өзі тіркелген мекенжайын көрсету арқылы сайлау учаскесі туралы онлайн режимінде, сондай-ақ  облыс әкімінің ресми сайтынан біле алады. Сондай-ақ 109 қысқа нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады. Ал дауыс беру күні тіркелген жері бойынша дауыс бере алмайтын, өзінің тұрғылықты жерін ауыстырған азаматтар есептен шығару талонын алып, басқа сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Талон 19 қараша күнгі 18.00-ге дейін беріледі. Егер сайлаушы өзін нашар сезінсе немесе басқа да жағдаймен өз учаскесіне келе алмайтын  болса, дауыс беру күні сағат 12-ге дейін үйде дауыс беруге құқылы. Бұл жағдайда сайлау комиссиясының кемінде екі мүшесі тасымалданатын жәшіктермен барады.

Сондай-ақ учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін каскадты электоралдық оқыту жалғасуда, бұған дейін сайлау комиссияларының 2,5 мың мүшесі 8 сағаттық оқытудан өткен. Онлайн және офлайн режимде заңгерлер, журналистер оқытудан өткен.

— Әр түрлі ұйымдардың, саяси партиялардың бақылаушылары мен азаматтардың өздері де сайлауға бақылаушы ретінде қатыса алатынын атап өткім келеді. «Сайлау туралы» Заңда бақылаушылардың міндеттері мен құқықтары нақты жазылған. Қазіргі уақытта қаламызда халықаралық ұйымдардың бақылаушылары алдағы сайлаудың дайындығы мен өткізу барысын бақылауды жүзеге асыруда, — деді аумақтық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары Әсет Баймұратұлы.

Барлық сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жағдай жасалған. 434 учаскеде пандустар, 384 учаске кіреберісінде, 371 учаске ішінде тактильді көрсеткіштер бар.  Сурдоаудармашылар да жұмыс істейді, Брайль кестесі бар трафареттер және нашар көретіндерге арналған үлкейткіш лупалар ұсынылады. Дауыс беру күні 16 инватакси (Семей қаласында 12, Аягөз ауданында 3, Жарма ауданында  1) қызмет көрсетеді. Қалған өңірлерде, қажет болған жағдайда, мүгедектігі бар адамдар дауыс беру кезінде тасымалдаумен қамтамасыз етіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 день бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

3 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС