"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖОБА

01.12.2022
МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖОБА
63
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше, 1 желтоқсан күні Alikhan Bokeikhan университетінде республикалық «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасын таныстыру мақсатында баспасөз конференциясы өтті. Конференцияға Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, жоба жетекшісі Айжани Нұрланова және қаладағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

 

«Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен 1 желтоқсаннан бастап Жетісу, Абай, Ұлытау, Түркістан және Ақтөбе облыстарында бастауын алған «Табысты отбасы» жобасы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдауға арналған. Бұл мақсатта «Samruk-Kazyna Trust» қоры 200 млн. теңге бөліп отыр. Жалпы, аталған бес облыста барлығы 300 грант, Абай облысы бойынша 70 грант қарастырылған. Бір адамға 150 АЕК, яғни 450 мың теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Жобаның шарты бойынша, грант қаржылай емес, жаңа құрал-жабдық түрінде беріледі.

— Жобаның мақсаты – шын мәнінде күнкөрісі  төмен жанұяларды, жалғыз басты аналар мен әкелерді, табысы төмен отбасылардан шыққан 29 жасқа дейінгі жастарды өз ісін өркендету үшін жаңа дағдыларға оқыту және тәлімгерлік қолдау,- дейді жобаның бренд-амбассадоры  Айжани Нұрланова.

Айта кету керек, мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар, сондай-ақ қайтарымсыз мемлекеттік грант иегерлері аталған жобаға қатыса алмайды. Жобаға қатысушылар тамақ өнеркәсібі, сұлулық саласы, СММ, тігін өнеркәсібі және ерлерге арналған техникалық мамандықтар бойынша курстан өте алады. Сонымен қатар сұраныс бойынша өзге де салалар қарастырылуы мүмкін.

— Бейіндік оқыту бойынша курстың ұзақтығы екі аптаға созылады. Одан әрі тұлғалық даму, бизнес-дағдыларды қалыптастыру бойынша шеберлік сағаттары, психолгиялық тренингтер өткізіледі. Тәлімгерлерден жеке кеңестер беріледі. Бұл жоба азаматтар үшін өз ісін бастауға, кәсіпкерліктің негіздерін сапалы меңгеруге және тұрақты табысы көзін табуға арналған бірегей мүмкіндік. Оқыту онлайн емес, оффлайн форматта жүзеге асады. Себебі онлайн алған білімнің сапасы қандай болатынын білеміз, — дейді Айжани Нұрланова.

Бұл орайда Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов игі бастаманы Абай облысы әкімдігі қолдайтынын білдірді.

— Жаңадан құрылған Абай облысына осындай әлеуметтік жобалар қажет. «Самұрық –Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландырып отырған «табысты отбасы» жобасы әр өңірдің ерекшелігіне баса назар аударатыны қуантады. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар қолдауды қажет ететін біздің қоғамның маңызды тобы. Олардың қаржылық жағдайын нығайту үлкен әлеуметтік мәнге ие. Біз әлеуметтік осал отбасылдарды жаңа дағдыларды игеруге және өз ісін ашуға ынталандыратын барлық осындай бастаманы қолдаймыз,- деп атап өтті Айдын Кәрімов.

«Ақ ұлпа аналары» қоғамдық бірлестігінің басшысы Анар Сүлейменова АӘК алатын отбасыларды да жобаға қосу, салаларды кеңейту туралы ұсыныс айтты.

— Мәселен, біздің қалада кондитерлік өнім шығаруда бәсекелестік өте жоғары. Сондықтан аталған бес бағыттан бөлек, басқа да салаларды қамтуды қарастырған дұрыс секілді, — деді Анар Сүлейменова.

— Мен біраз уақыт ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі болып қызмет атқардым. Еліміздегі барлық облыстарды аралап, ауылдық елді мекендерде көп болдым. Сонда байқағаным, АӘК алатын адамдар грант алуға аса құштар емес. Олар көбіне табысы асып кетіп, АӘК-дан айырылып қалмауды ойлайды. Біздің жобаның басты мақсаты – шын мәнінде көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдемдесу. Мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, оны іске асыра алмай кәсібін жапқан азаматтарға да көмектесе алмаймыз. Екінші сұраққа келсек, қатысушылардың өтініші мен сұранысы бойынша қосымша салалар қосылуы мүмкін. Бірақ негізінен осы бағыттар бойынша жұмыс атқарамыз. — деді Айжани Нұрланова.

Жобаға қатысу үшін жергілікті әкімдіктерге барып өтініш беруге болады.

— Негізінен жергілікті әкімдіктер мен қоғамдық ұйымдар ұсынған тізім бойынша жұмыс сітейміз. Соынмен қатар мешіттерге де барамыз. Себебі онда шынымен мұқтаж жандар телефон нөмірлерін қалдырып кетіп жатады,- дейді Айжани Нұрланова.

Мақалада: МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖОБА

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

1 день бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

1 день бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

1 день бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

1 день бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

2 дня бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

3 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

3 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

3 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС