"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗАҚЫ ТОЙ МӘДЕНИЕТІ – ДӘСТҮРІМІЗДІҢ МӘЙЕГІ

24.01.2023
ҚАЗАҚЫ ТОЙ МӘДЕНИЕТІ – ДӘСТҮРІМІЗДІҢ МӘЙЕГІ
595
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚАЗАҚЫ ТОЙ МӘДЕНИЕТІ – ДӘСТҮРІМІЗДІҢ МӘЙЕГІ

Той – тәрбие мектебі. Той – халықтың қазынасы. Халқымыздың мәдени өмірінде ежелден маңызды орын алатын той-томалақта ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрлері насихатталатын болған. Өкінішке қарай, кейінгі кездері той мәдениеті мен әдебі төмендеп, бейәдеп ойын-сауық түрлері орын алып жатқанын әлеуметтік желілерде кең таралған бейнежазбалардан да, күнделікті өмірден де байқап жатамыз.

Осындай олқылықтардың алдын алу, той өткізу мәдениетін ретке келтіруге ықпал ету мақсатында жуырда Абай облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақы той мәдениеті – дәстүріміздің мәйегі» тақырыбында алқалы жиын өтті. Басқосуға  қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы, еңбек ардагері Зейнолла Тоқаев, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Орал Шәріпбаев және имамдар мен асабалар қатысты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Халқымыз батаны аузы дуалы қарияға берзген, қыз ұзатуды, беташарды немесе баланың тұсауын кесуді ел арасында абырой-беделге ие, өсіп-өнеген, өмірі үлгі боларлық адамға тапсырған. Ал бүгінде кейбір тойларда осындай ырымжоралғыларға мән берілмей, салт-дәстүріміз бұрмаланып, ұлттық құндылықтарымыз ұмыт болып жататыны өкінішті. Орынсыз әзіл-қалжыңдар, бейәдеп билер, ысырапшылық пен даңғазалық секілді олқы тұстарды көргенде ішімізден «әттеген-ай» дейтініміз жасырын емес. Кейде екі-үш рет тұрмыс құрған әншілердің қыз ұзатып жатқанын да көз көріп қалады. Дөңгелек үстел басында осындай көпшілікті алаңдатып жүрген түйінді мәселелер қозғалды. — Абай елі қашанда руханият пен әдебиеттің, мәдениет пен өнердің ірі ошағы ретінде танылған. «Қазір біз осы мәртебеге лайықтымыз ба?» деген сауал әрқайсымызды мазалайтыны анық. Қазақи той мәдениеті деген тақырыпқа келер болсақ, той тек ас ішіп, аяқ босататын ғана емес, мәдениет пен тәрбиенің үлкен ортасы болғандығы тарихтан белгілі. Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар. Дегенмен Семейге қонақ болып, тойына қатысып, «япырмай, бізде неге осылай өтпейді?» деп тамсанып жатқан кейбір азаматтарды көргенде, шүкір дейміз. Шынымен, тойдың мәдениеті, тойдың әдебі Семейде лайықты дәрежеде дамыған десем, қателеспеймін. Көпке топырақ шашудан аулақпыз. Әркімнің өз мәнері, талғамы бар. Бірақ кейде қонақтар жадау-жүдеу көңілде қайтатын жағдайлар да жоқ емес. Тойға берілген санаулы сағаттың ішінде адам бойына керегін түйіп, ойын түзеп шықса, құба-құп. Осы бағытта қоғам болып Абай елі екенімізді іспен дәлелдейтін кез осы қазіргі шақ деп есептейміз. Дінді мемлекеттен немесе қоғамнан ажыратудың ешқандай қажеті жоқ. Қазақстан зайырлы мемлекет болғаннан кейін бәріміз бір қоғамның өкіліміз. Сондықтан осындай келелі істің басынан әр кез табыла білетін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына да ризашылығымызды білдіреміз,- деді Айдар Серікқазыұлы. Қазақ той мен қазадан барынша қалмауға тырысады, алыстан ат арытып келеді. Өйткені бізде бала күнімізден қанымызға сіңген «ұят болады» деген ұғым бар. Қазақ тойды қазынаға теңейді. Өйткені мұнда бата беріліп, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрлеріміз насихатталады. Дөңгелек үстел барысында қоғам белсендісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Тоқаев асабалар тойды ұлттық киіммен басқарса деген ұсынысын білдірді. — Айдар Серікқазыұлы айтып кеткендей, ұлы Абай атамыздың есімін иеленіп отырған аймақ болғандықтан, тұрғындарымыздың мәдениеті де сол атқа сай болуы тиіс. Кейде тойға барғанымызда, асаба қазақы киіммен шығады. Осы бастаманы қолға алсақ, асабалар бірінен-бірі үлгі алып, бұл үрдіс жалғасын табады деп ойлаймын. Мен екі ғасырдың куәсімін, кеңес дәуірімен салыстырғанда қазіргі той-томалақтың оң тұстары көп. Бұрынғыдай, келген қонақтар ащы суға тойып алып, бір-бірінің жағасынан алмайды, жерде құлап жатпайды. Бұл тұрғыда қазіргі жастар бұрынғылардан озық тұрғанын жоққа шығаруға болмайды,- деді З.Тоқаев. Ал Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Мақсат қажы Қуанышұлы тойға қонақтар ұлттық нақыштағы киімдермен келсе дейді. — Қазақстанның батыс өңірінде тойларда, жиындарда қазақы киім киіледі. Ою-өрнектері бар көйлектер мен орамалдар көзге әдемі-ақ көрінеді. Қазір той иелері қонақтарға дресс код ретінде белгілі бір түстерді ұсынып жатады. Одан бөлек биыл Батыс елдерінен келген «түрлі түсті кеш» өткізу деген үрдіс үлкен мен жастың арасында сәнге айналды. Оның орнына өзіміздің ұлттық стильдегі киімдерді дресс код ретінде неге ұсынбасқа?- дейді Мақсат қажы. Ұлттық би – әр халықтың дәстүрін, салтын танытатын өнердің төресі. Мәселен, түрік, армян халықтарының билері сол ұлттың айнасына айналып, дүйім жұртқа танылып отыр. Олардың той-томалақтарда ұлттық билерін шеберлікпен орындағандарын көргенде, жаның сүйсінеді. Бұл орайда Зейнолла Қалымбекұлы той-томалақта ел-жұрт алдында өнер көрсететін жасөспірім биші қыздар ұлттық ділімізге сай әдемі һәм әдепті киінсе деген көкейдегі ойын жеткізді. — Әрине, ұлттық биді тек ұлтын шексіз сүйетін адам ғана жақсы көріп, бар жүрегімен орындайды. Ұлттық би күрделі өнер түріне жатады. Жастар, әрине, көбінесе бидің жеңіл түрін ұнатады. Ұрпағымыздың қызығушылығын арттыру үшін ұлттық биді біз дұрыс үлгіде жеткізіп, алтындай қалпын бұзбай, әдемі етіп көрсете білуіміз керек. Өз ұлтымызға тиесілі тәтті тұстарын сол күйінше әдемі жеткізіп, көрсете білсек, әр кез жастардың қызығушылығы артады. Тойларда ұлттық биді шебер орындаудың үлгісі көрсетіліп, насихатталуы керек. Кейде жас қыздардың жартылай жалаңаштанып билегенін көргенде, жерге кірердей боламыз. Бұл мәселе тағы да тойдың басшысы асабаға тікелей байланысты екені анық. Себебі әнші-бишіні асаба өзі таңдайды. Сондықтан асабалардың мәдениетін көтеруіміз керек,- деген пікір білдірді Зейнолла Тоқаев. Шақырған жерге уақтылы келу – мәдениеттіліктің бір белгісі. Алайда тойға кешігіп келу қазіргі қазақтардың қанына сіңген үйреншікті әдет десек те болады. Той белгіленген уақыттан екі-үш сағатқа кешігіп басталады. Осыдан барып келген қонақтар демалудың орнына шаршап қайтатын жағдайлар да жиі орын алады. «Мәдениет» той агенттігінің жетекшісі, филолог ғалым Еркебұлан Мұқашев: — Тойға кешегіп келуді болдырмаудың амалдарын жасап жатырмыз. Асабалармен бас қосып ақылдасып, «тойдың бас сыйлығы бірінші келген қонаққа берілуі керек» деген шешім шығарғанбыз. Той иелеріне осылай айтамыз. Өйткені уақыт – Алланың аманаты. Ең бағалы сыйлықты құдалар емес, лауазымды тұлғалар емес, сіздің уақытыңызды кім қадірледі, сол алуы керек»,- десе, «Ахау, Семей» қазақтың ұлттық құндылықтарды қорғау орталығының жетекшісі Гүлжихан Жұматаева «Той иелері тойды уақтылы бастауы керек. Сонда ғана халық ерте қамдана бастайды» деген пікірде. — Мені тойға кешкі сағат бесте шақырса, сол уақытта келіп, түнгі он екіге дейін қызмет етемін. Той иесіне «егер уақытты созсаңыз, қосымша ақы төлеңіз» деп шарт қоямын. Уақыт жағынан солай келісемін. Жаңа Еркебұлан аға дұрыс айтып кетті, сыйлыққа ұялы телефон, теледидар сияқты бағалы заттар қойған кезде, халықтың ерте жиналатынын көрдік. Бірақ әр асабаның стилі әр түрлі. Біреуі орыстардың, біреуі қазақтардың, енді бірі шала қазақтардың тойын басқарады. Көбіне ашық-шашық киіну, анайы сөздер мен әзілдер жаңа жылдық, ұжымдық отырыстардан енеді. Жас асабалар осындай жиындарды басқару үлгісін тойларға алып келеді. Шамамыз келгенше жастарға айтамыз. Бірақ бағына қоятын олар жоқ. «Менің клениенттерім сондай» дейді. Ал өзіміздің үлгіде той басқаратын асабалар өзара ақылдасамыз, сын-ескертпе болған тұстарды қайталамауға тырысамыз,- дейді асаба Жасұлан Советбеков. Жиын барысында талқыланған маңызды сұрақтардың бірі – асабалардың той жүргізу мәдениетін көтеру. — Қазақ ежелден демократия жолын таңдаған. Егер Жәнібек пен Керей сұлтандар оппозиялық бағытты ұстанбаса, Қазақ мемлекеті құрылмас та еді. Бұрын халық пен биліктің арасында жыраулар дәнекер болды. Бұқар жыраудың өзі то- ғыз ханға кеңесшілік етті. Асан қайғы «Әй, хан, мен айтпасам, білмейсің» деп сөз қозғаған. Қазір осындай қаратпа сөзбен ешкім де ешбір мемлекеттің президентіне айта алмайды. Нағыз демократия қазақ тарихында болған деп нық сеніммен айта аламыз. Қазақ айтылған сөзді атылған оққа теңеп, оған қатты мән берген. Ойды жеткізе білуді үлкен мәдениет деп санаған. Қазақтың әрбір сөзі — әрбір адамның, іс-әрекеттің атрибуты және анықтамасы. Түлкінің жүнінің қызылы — өзінің соры. Қазір сол анықтама асабаларға тиіп тұр. Асабаның жүні — қызыл, сол кінәлі. Отыз жыл осы салада жүріп түсінгенім — тойдың мәдениеті қоғамға, қоғамдағы әрбір ортаға, той иесі мен оның ортасына байланысты. Той иесінің таным-түсінігі қандай — қызмет көрсететін асаба да сол деңгейде болады. Мұның бәрі уақытша деп ойлаймын. Уақытпен бірге халықтың сана-сезімі де өзгеріп, жақсы-жаманды електен өткізеді. Даңғаза ойынкүлкіге үйір арзан асабалар қоғам өзгерген сайын көштен қала береді. Бұған дейін асабалар мен имамдар қашан бас қосып, қазақ қоғамын тақырып етіп еді?! Бұл – үлкен жақсылықтың белгісі,- деді Еркебұлан Советұлы. Жуырда Астана қалалық мәслихатының депутаты, колледж директоры Ләззат Разбекова өзінің фейсбук парақшасында былай деп жазыпты: «Өскеменге жол түсіп, тойға бардық. Семейлік тамада жігіттің әрбір сөзіне, әңгімесіне разы болдым. Аузын ашса, тұнып тұрған әдебиет, мәдениет қой шіркін! Абайды тілге тиек етпейтін адам жоқ. Бірақ мынаның Абайды танымы ерекше екен. Мына видеода қыздың үй ішіне деген құрмет туралы айтып жатыр. «Құнанбай аға сұлтан бола тұра Алшынбайдың ауылына барғанда, атынан түсіп жаяу кірген екен. Абай да Ділдаға барғанда тек Ділданың жеңгелерінің рұқсатымен аяқ басқан». Міне, осындай мән-мағынасы терең әңгімелер тойда өте әсерлі болды». Бұл жазбаға қарап той иесінің мәдениетті, руханиятты адам екенін байқауға болады. — Той иесі дұрыс адам болса, ешкім ол жерде қыздарды жартылай жалаңаштап билеткізбейді. Осындай асабаны жолатпайды да. «Бай байға, сай сайға құяды» демекші, жыртыңдағанды жақсы көретін адам жыртылдақ асабаны шақырады,- дейді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вицепрезиденті Орал Шәріпбаев. Қазақ қызды ерекше қадірлеген. Арабтар қыз дүниеге келгенде тірідей көмген заманда, қазақ халқы қыздарын төрге отырғызған. Сол құрметтен кешегі Томиристей батыр қыздарымыз, Зере, Айғанымдай әжелеріміз, Ұмай, Домалақ, Ұлжан секілді ел аналары тәрбиеленіп шықты. Өкініштісі, қазір қызды жөн-жоралғысымен дұрыстап шығарып салатын аналарымыз да азайып барады. — Қыз ұзату рәсіміне де үлкен мән беру керек. Ұзатылатын қызды жас қыздар, некесі сәтсіз бол- ған әншілер емес, алтын құрсақты аналар, бір шаңырақты айрандай ұйытып отырған жеңгелері шығарып салу керек. Асабалар да той иелеріне дұрыс бағытта ұсыныс беріп отырса, нұр үстіне нұр болар еді,- дейді бұл орайда пікір білдірген Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы. Асаба Еркебұлан Еңкебаев қыз ұзату рәсімі той иесінің қалауымен өтетінін айтады. — Қыз ұзататын, төрт-бес бала тәрбиелеп отырған жақсы әншілер 70-80 мыңнан кем алмайды. Оны кейбіреудің қалтасы көтермейді. 5-10 мың теңгеге ұзату рәсімін жасайтын жас қыздар да бар. Той иесіне бағаларды ұсынамыз. Кейбір той иелері бізге дайын сценарий әкеліп ұсынады. «Тек осыны оқып, осылай жүргізіп берсең» дейді. Тойдың видеолары қазір Youtube әлеуметтік желісінде кең таралған. Соны көріп алып, бізде де сондай болса деп өтініш айтады. «Біреу сынап келеді, біреу сыйлап келеді» дегендей, ертең халықтан сөз естіп жатпайық» деп ескертеміз. «Семейдің мәдениеті бөлек, өз жолымызбен жүрейік» дейміз. Негізінен, сексен пайыз той иесіне бағынамыз. Шамамыз келгенше, жақсы дәстүрлерді енгізуге тырысамыз. Бата беретін адамның өзі кейде телефонға қарап немесе алақанына жазып алып оқып тұрады. Оқи алмаса, құлағына ақырын сыбырлап тұратын кездер де болады,- дейді асаба Еркебұлан Еңкебаев. — Оңтүстікте қыз алып қашу кең таралған. Біреудің аялап өсірген қызын зат секілді алып қашуға ешкімнің де құқы жоқ. Қазақтың қандай жолы ол? Семейде ешкім де қыз алып қашпайды. Абайдың елінде қыздарын қолдан ұзатады. Мен қызымның бір қолына Құран, бір қолына Абайдың кітабын беріп, ақ батаммен ұзатқым келеді. Әр қазақтың әкесінің арманы – осы. Ал тойда неге жыртың-жыртың көбейіп кетті десек, әлеуметтік желі арқылы танылып, ақша табудың амалынан туған үрдіс бұл. Ол да уақытша. Ондайлар жетер жеріне жетіп, дүрілдеп барып тоқтайды. Ал халықтың көші – ешқашан тоқтамайтын ұлы көш. Қуана алмағанға құт қонбайды, құтымыз қашпасын. Бағалай алмағанға бақ қонбайды, бағымыз жансын,- деді Еркебұлан Мұқашев. Асаба Жасұлан Советбековтің айтуынша, асабаларды тойдың иесі ғана емес, өзге қалалардан келген аға-жеңгелері, апалары да басқарады. «Әр елдің иті басқа, салттары қара қасқа» демекші, басқа аймақтардың салты біздің өңірге келмейді. — Әр асабаның өз стилі бар. Ақындардың, әзілкештердің, шоумендердің тойды басқару үлгілері өзгеше. Мен той үстінде неке қию рәсімін жасауға рұқсат бермеймін. Себебі беташарда келінге барлық қайын жұрты таныстырылады. Содан кейін «өз еркіңізбен келдіңіз бе?» деп келіннен сұрау — әбестік. Сондықтан тойға дейін жас жұбайлардың некесі АХАЖ бөлімінде немесе мешітте қиылуы керек. Көбі Неке сарайында неке қиғызу рәсімін жасау қымбат деп жатады, қазір 80 мыңға шықты ғой деймін. Қазір жас қыздар 5-10 мың теңгеге осы рәсімді жүргізуге тойға шығып, маманданып алған. Бұны маған бір тойда Көкшетаудан келген ақсақал айтып, қате істеп жүргенімді ескертті. Содан кейін қолға алдым. Асабаларға тойдың иесі ғана бастық болмайды, өзге қалалардан келген аға-жеңгелері, апалары да бұйрық береді. «Ақшаңды төлеп отырмыз, бізге ақыл айтпа, айтқанымызды істе» дейді. Мысалы, Тараздың салты Семейге келмейді. Олардың салтымен жүрсек, үлкендерден сөз естиміз. Бірақ той иесі өтінген соң, еріксіз ырқына жығыласың,- дейді ол. Асаба Азамат Қажыбай тойдың қалай өтетіні той иесіне тікелей байланысты деген пікірде. — Ел арасында тойдың жақсы өтуі асабаға байланысты деген пікір қалыптасқан. Меніңше, бұл жерде той иесі де өте маңызды рөл атқарады. Екеуінің ортақ келісімі керек. Көпке топырақ шашудан аулақпын, бірақ той иесінің көбі сөзден шаршадық, көбірек көңіл көтерейік деген ұсыныс айтады. Ал енді тойда әннің жақсы айтылмағы таңдаған адамға байланысты. Көңілді көтеретін немесе көңілді серпілтетін әндер болады. «Үш ноталы әнің кімге жарайды?- дегенде, «Сол үш ноталы ән сіздің тойыңызды тербейді» деген Шәмшінің сөзі бар. Қазақта Шәмшінің әнінсіз той өтпейді. Қазір асабаның көздегені – ақша, той иесінің көздегені – елдің аузында жүру, халықтың көздегені жылтыр дүние болып кетті, — дейді жас асаба, ақын Азамат Қажыбай. — Мен тойда бишілерді де қаптатып алдырмаймын. 70 пайыз өзім басқарамын. Бір-екі әнші болса, жеткілікті. Тойды күйдім-сүйдім деген жеңіл әндермен емес, есті әнмен бастаймыз. Бірақ той иесінің қалтасына да қарау керек. Әрине, жақсы әншілерді, күйшілерді, топтарды ұсынамыз. Жағдайы көтермесе, оны да ескереміз. Кейде алпыстағы апамыздың өзі «Қызыл раушанды» қосшы деп өтініп тұрады,- дейді асаба Жасұлан Советбеков. Дөңгелек үстелге қатысушылар асабалардың той жүргізу мәдениетін көтеру және оларға ұлттық дәстүр жөнінен шеберлік сағаттар ұйымдастыру, БАҚ арқылы насихаттау, халықты тойға уақтылы келуге және заманға сай ұлттық киімдерімізді киюге шақыру, ысырапшылдыққа жол бермеу, екінші той дастарқанын шектеу сынды ұсыныстарын жеткізді. — Шынында, екінші той дастарқаны — ысырапшылдық. Оның орнына шай дастарқаны жасалғаны жөн секілді. Бүгінде Семейдің шай дастарқаны көп аймақтарға үлгі болып отырғаны жасырын емес. Бірақ тамақтың үстіне кесе мен қасық қойып, барымыздан айырылып қалмайық. Мұны жақсылап ақылдасу керек. Меніңше, мейрамхана әкімшіліктерімен арнайы жиналыс өткізу керек секілді,- деді Гүлжихан Жұматаева. — Бүгінгі жиынның қорытындысы ретінде мынадай ұсыныстар айтқым келеді. Біріншіден, халықты тойға кешікпей келуге үйретіп, көбірек насихаттап, өзіміз амал жасасақ. Екіншіден, қазақта киелі деген ұғым бар. Батаны қазақ аузы дуалы қарияларға бергізеді. Кейде төрдегі арақ ішіп отырған қариядан бата алып жатқанын көреміз. Тілегі қабыл болатын адамды дұрыс таңдауымыз керек. Ал кейбірі тіпті құттықтау айтып кетеді, батаны жазып алып оқып тұрады. Үшіншіден, қыз ұзату рәсіміне де үлкен мән беру керек. Асабалар да той иелеріне дұрыс бағытта ұсыныс беріп отырса, нұр үстіне нұр болар еді,- деді Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы. — Отанды сүю отбасынан, иманнан, салт-дәстүрімізді ұлықтаудан басталады. Адамның қасиеті тілінде, пайымы мен парасаты ділінде тұр. Әлі алдымызда үлкен тойларымыз бар. Сондықтан асабаларға да арнайы заң керек деп ойлаймын. Заң талқыланбайды, орындалады. Бізде еліктеушілік көп. Тойды реттеу — барлығымыздың міндетіміз,- деді аға буын өкілі Орал Тоқтарұлы. — Семейде 150-дей асаба бар. Жиыннан қорытынды шығарып, ағаларымыз бен апаларымыздың ақыл-кеңесін елеп-ескеріп, тойда қандай кемшіліктер бар екенін аға-бауырларымызға жеткіземіз. Мұндай жиындар міндетті түрде керек. Себебі тойды әркім өз білгенінше өткізсе, Батыс мәдениетін сіңіріп алу қаупі де жоқ емес,- дейді асаба Еркебұлан Еңкебаев. Абай облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев уақытпен бірге «Асаба этикасы» деген түсінік пайда болады деген пікірде. — «Тойдың эталоны» деген түсінік қалыптасуы керек деп ойлаймын. Иә, бүгінде халықтың пайым-парасаты өзгеріп келе жатыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бекітілген қаралы жиынды өткізудің өз тәртібі бар. Асабаларды да сондай тезге саламыз десек, үкіметтік емес ұйымдар секілді бірлестіктер болуы керек. Дегенмен «асаба этикасы» деген түсінік қалыптасуы керек. Қоғамның өзі уақыт өте бұған алып келеді. Бұл – бірінші басқосу. Айтылған ұсыныстар мен сұрақтарды әрі қарай да талқы- лаймыз,- деп қорытындылады алқалы жиынды Айдар Садырбаев.

Мақалада: ҚАЗАҚЫ ТОЙ МӘДЕНИЕТІ – ДӘСТҮРІМІЗДІҢ МӘЙЕГІ

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС