"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Өмірбекті тілден қалдырған құбыжық

05.02.2023
Өмірбекті тілден қалдырған құбыжық
1.5k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Біз ол кезде 50-60 отбасыдан құралған совхоздың бөлімшесінде тұратынбыз. Совхозға дейінгі аралық 3-4 шақырым шамасы. Балалар бастауыш класты бөлімшеде оқып, бесінші кластан бастап интернатта жатып, совхоз орталығындағы мектепте оқитын. Интернатта жатып оқитын балалар сенбі күні түстен кейін үйге қайтатынбыз. Демалыс күні түстен кейін интернатқа қайта келеміз. Ол кезде бөлімшеге қатынайтын арнайы көлік болмайтын. Сол себепті көбінесе үйге жаяу барып қайтатынбыз.

Мамыр айы. 9 сыныпты бітіретін жыл. Жексенбі күні түстен кейін интернатқа қайтуымыз керек болатын. Досым Өмірбек үй шаруаларымен бөгеліп, екеуміз өзге балалардан қалып қойдық. Ол шаруаларын бітіргенше кеш болды. Біз совхоз орталығына қарай жол тартқанымызда күн де ұясына отырған еді. Ауылдан көп ұзамай-ақ тез қараңғы түсіп кетті. Өмірбек қолындағы Қытай фанаригімен жолға жарық түсіріп келеді. Сөйтіп келе жатып Өмірбек шайтан туралы әңгіме айтты. Мен де қосылдым. Бір кезде өз әңгімемізден өзіміз қорқып, алаңдап жан-жағымызға қарай бастадық. Құдды бір алдымыздан шайтан шыға келетін сияқты. Үнсіз келеміз. Айналадан түсініксіз дауыстар есітілетін сияқтанып кетті. Бұл кезде біз совхоз бен бөлімше ортасында орналасқа ескі қашардың тұсына келгенбіз.

Бір кездері мал ұстауға пайдаланған ескі қашар соңғы жылдары бос тұратын. Ескі қашарға жақын қалғанда Өмірбек тоқтай қалып, «ананы көрдің бе? деп сұрады. «Нені?» дедім. «Әне ақ киімді кісі» деді де, қашарға қарай қаша жөнелді. Ақ киімді кісіні көрмесем де, менде қорқып Өмірбектің соңынан ере жүгірдім. Қашып келіп қашардың ішіне кірдік. Сыртқа қарай ашылатын есікті ішінен тартып тұрмыз. Ақырын тың тыңдадық. Расымен де сыртта бірдеңенің жүргені байқалады. Бір кезде жаңағы сыртта жүрген құбыжық есікке келіп, сыртынан итере бастады. Шамасы есіктің сыртқа қарай ашылатынын білмесе керек деп ойлап тұрмын. Алғашында ештеңені түсіне қоймасам да енді қатты қорқа бастадым. Сәлден соң белгісіз құбыжық қашардың артына қарай кетті. Өмірбек маған есікті тартып тұруды тапсырып, өзі қашардың артқы қабырғасында тезек шығаруға аралған тесікті бекітуге кірісті. Сол жерде жатқан бір ескі киізді алып, тесікті бекітті.

Арадан қанша уақыт өткені белгісіз бір кезде Өмірбектің бағанағы тесікті бекіткен киізін біреу ішке қарай итеріп түсіріп жіберді. Сыртқа қашып шықпақ болып едік есікті сырт жақтан біреу итеріп тұр. Түсініксіз дауыстар шығады. Қашып бұрышқа тығылдық. Өмірбек фанариктің жарығын қарсы жақ бұрышқа түсірді де, «ананы қара» деп, айғайлап жылап жіберді. Өмірбектің қолындағы фанарикті алып қарсы бұрышқа жарық түсірдім. Үлкен қара кісі тұрған сияқты көрінді. Қорыққаннан жалма-жан фанарикті сөндірдім. Сырттан пыс-пыс еткен дыбыс естіледі. Қозғалуға шама жоқ, екеуміз бір-бірімізге тығылып құшақтасып отырмыз. Бір кезде менің дәл жанымнан біреудің аяқ дыбысы есітілгендей болды. Екеуміз де еш қозғалыссыз қатып отырмыз. Бір уақытта жаңағы беймәлім құбыжық мені жамбасымнан түртпесі бар ма. Зәрем зәр түбіне кетті, жан дауысым шығып, орнымнан атып тұрып фанарикті жақтым. Құрып кеткір, дәл алдымда үлкен егеуқұйрық бажырайып бетіме қарап тұр. Біздің қорқып тұрғанымызды сезді ме, қаймығатын емес. Қайта бізге сес көрсетеді. Еңкейіп жерден кесек алдым да, егеуқұйрыққа қарай жіберіп қалдым. Тиді ме, тимеді ме білмеймін, әйтеуір егеуқұйрық шиқылдап қаша жөнелді.

Бағанадан бізді қорқытып жүрген осылардың дауысы екен ғой деген ой келді де аздап қорқынышым сейіле бастады. «Кеттік сыртқа шығайық» десем Өмірбек орнынан тапжылмайды. Өмірбек деп шақырсам тіл қатпайды. Өмірбек, Өмірбек деп жұлқыладым. Ол менің дауысымды есітімеген кісі сияқты бетіме қарап үнсіз тұра берді. Енді жын-шайтаннан емес Өмірбектің мына күйінен шошып кеттім. Қолынан жетектеп есікке қарай беттедім. Есікті итеріп едім ашылды.

Сыртқа шаққанда байқағаным, ай туып дала жарық болып тұр екен. Есік алдында екі-үш сиыр жүр. Өмірбекке қарап, «бағанадан бізді қорқытып жүрген сиырлар екен ғой» дедім. Бірақ Өмірбек тіл қатпады. Өмірбекті ертіп сол жерден екеуміз кері қайттық. Ауылға жеткенімізде ел жата қоймаған екен. Өмірбекті үйіне апарып, болған жайды әке-шешесіне айттым. Молдаға оқытып, екі ай дегенде Өмірбек тілге келді. Сол жылы жазда Өмірбектің үйі совхоз орталығына көшіп кетті. Олардың көшуі Өмірбектің науқастануымен байланысты болды ма жоқ па ол жағы маған беймәлім.

Сол бір оқиғадан кейін ауыл балалары қашар маңынан жүрмейтін болды. Өмірбекті қайдам, мен жол үстіндегі ақ киімді кісіні де, қашар ішіндегі қара құбыжықты да анық көргем жоқ. Ал кейін ойласам, есікті сыртынан итеріп тұрған құбыжық емес, есікке сүйкеніп тұрған сиыр болған-ау. Пыс-пыс еткен де солардың дауысы болуы ғажап емес. Артқы қабырғадағы тесікті жапқан киіз де асығыс, қорқып жүріп жақсы тықпағандықтан түсіп кеткен болар деп ойлаймын.

Бірақ жаңа оқу жылы басталып, 10 класқа барғанымызда Өмірбек жол үстіндегі ақ киімді кісіні де, қашар ішіндегі қара құбыжықты да анық көргенін айтты. Алғаш жол үстінде ақ киімді кісіні көргенде құлағына біреудің «қашарға қарай қаш» деген дауыс есітілген екен. Қашар ішінде болғанда, сыртта беймәлім адамдардың жүрген анық сезгенін, дауыстарын да анық естігенін айтты.

Қ. Кумекбаев
Alashainasy.kz 

Мақалада: Өмірбекті тілден қалдырған құбыжық

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

17 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

18 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

18 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

18 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС