20 ақпан күні Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров өңірдің 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы және алда атқарылуы жоспарланған жұмыстар жайлы айтып берді. БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың халықпен кезекті кездесуі Шығыс, Восход, Водный кенттерінде жалғасты. Шаһар бас- шысы 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдын- да есеп беріп, алдағы жоспарлар жайлы баяндады.
38 мыңнан астам халқы бар Жарма ауданы облысымыздағы ірі аудандардың қатарында. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, аудан экономикасының барлық саласында өндірілген өнімдер мен атқарылған жұмыстардың көлемі 401,0 млрд теңгені құрап, 2022 жылдың деңгейіне 18 млрд 507 млн теңгеге артып, 105 пайызды құрады. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ Аудан экономикасының негізгі бағыты — ауыл шаруашылығы. Экономика құрылымында саланың үлесі – 10 пайыз. Былтырғы жылы аграрлық секторда 40 млрд 89 млн теңге- нің өнімі өндіріліп, 2021 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 117 пайызды құраған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің басым бөлігі (75 пайызы) мал шаруашылығына тиесілі. Былтыр мал шаруашылығында 29 млрд 915 млн теңгенің өнімі өндірілген. Мал басы тұрақты өсім көрсетуде. Ірі қара мал саны 89 888, жылқы 41 625, қой мен ешкі 183 204 басқа жеткен. Ауданда мал тұқымын асылдандыруға көп көңіл бөлі- неді. Қазіргі таңда 20 шаруашылық асыл тұқымды мал өсіру- мен шұғылдануда. — Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал ша- руашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға бағыт- талған субсидиялау қағидасына сәйкес, ауылшаруашылық құрылымдары тарапынан 731 млн теңгеге 530 өтінім қабыл- данып, бүгінгі күнге 456 млн теңгесі төленді. Сонымен қоса ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында 132 техника алынды. Осы инвестициялық салымдардың үштен бір бөлігін өтеу үшін 226 млн теңге субсидия төленді,- деп атап өтті аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров. Жайылымдарды суландыру және мал шаруашылықта- рын сумен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 10 ша- руа қожалығында құдық қаздырылып, 7,7 млн теңге субсидия төленді. Аудандағы 5 сүт қабылдау пунктіне ауыл тұрғындарынан 820 тонна сүт жиналып, 2021 жылдың көлемінен 40 тоннаға артты. «Бизнестің жол картасы» шеңберінде облыстық бюджет есебінен Шалабай округінің «Балжан», Қапанбұлақ округінің «Мирлан» және «Руслан» шаруа қожалықтарына электр желілері тартылды. Бос және тиімсіз пайдаланылатын жер учаскелерін қайтару жұмыстары жалғасуда. 2022 жылы жалпы алаңы 5 936,4 гектар болатын 12 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған. ӨНЕРКӘСІП Аудан экономикасының 74 пайызы өнеркәсіп саласына тиесілі. Оның ішінде тау-кен өндіру саласының үлесі — 71 пайыз. Аудан өнеркәсібінің 84 пайызы ірі өндіріс орны – Бақыршық таукен өндіру кәсіпорнына тиесілі. — Өнеркәсіп саласы бойынша өткен жылы ауданда 281 млрд 242,9 млн теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуінің негізгі себебі — кендегі алтын құрамының кемуіне байланысты «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-дағы өндіріс көлемінің азаюы. Аталған кәсіпорында жылдық көрсеткіш 8,3 млрд теңгеге азайды,- деді Ж.Байсабыров. Жалпы, ауданда 19 кен орны бар. 59 кәсіпорын жер қойнауын игеруге рұқсат құжаттамаларын алған. — Алайда олардың 11-і ғана ауданда тіркелген, яғни салық және басқа көрсеткіштері өзге өңірлерге есептеледі. Осыған орай ауданда кіріс көздерін кеңейту және басқа да көрсеткіштерді арттыру мақсатында тіркелмеген кәсіпорындармен жұмыс жүргізілуде, қаңтар айында 1 кәсіпорын тіркелді. Сонымен қатар «Шарцем» серіктестігінде цемент зауытын қайта жарақтау жұмысы аяқталды. Қазір іске қосуға дайындық жұмыстары жүргізі- луде,- деді аудан әкімі. 2022 жылы жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобалар ретінде «ШарЦем» ЖШС-нің цемент зауытын қайта жарақтау және жаңғырту жұмыстарын және агроөнеркәсіп кешеніндегі «Нұркелді» өндірістік кооперативінің жоңышқа өсіру және сату жобасын атап өтуге болады. — Техника және басқа жабдықтар сатып алу бойынша «JM Crypto», «Бақыршық тау-кен кәсіпорны», «АС Горняк», «Чарск ветер» серіктестіктеріне инвестициялар тартылып, жұмыстар атқарылды. Меншікті кірістердің басым бөлігін «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны», «Казинтерэтнос», «АС Горняк», «ШарЦем», «Васильевское» кәсіпорындарының және «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы филиалдарының төлемдері мен салықтары құрайды, — деді аудан әкімі. ҚҰРЫЛЫС Құрылыс жұмыстарының көлемі 10 184,3 млн теңгені құрады. Оның ішінде 9 244,1 млн теңге — жеке меншік жобаларға, 940,2 млн теңге бюджеттік жобаларға тиесілі — Қалбатау ауылында 300 орындық мектептің, Кеңтарлау ауылында және Суықбұлақ кентінде 100 орындық мектептердің құрылыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланып отыр. Жаңғызтөбе кентіндегі спорт модулінің құрылысына жобалық–сметалық құжаттама әзірлеуге инвестициялық ұсыным берілді,- деді аудан әкімі. Өткен жылы 208 940 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Оның ішінде «Бір қабатты Шығыс» жобасы бойынша Шар қаласы мен Қалбатау ауылында жалпы көлемі 2 148 шаршы метр болатын 2 пәтерлі үйлер, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша 6 792 шаршы метр болатын үй салынған. Жеке тұлғалар есебінен аудан орталығында 22 үй, басқа елді мекендерде 12 үй пайдалануға берілген. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша Қалбатау ауылындағы орталық аурухананың желдету жүйесін және шаруашылық блогын, Шар қаласын кешенді дамыту жоспары аясында аурухананың ғимаратын күрделі жөндеуге 723,2 млн теңге қаражат жұмсалып, саланы медициналық құрал–жабдықтармен қамтуға 62,8 млн теңге бөлініпті. Сондай-ақ аудандық аурухананың перзентхана бөлімшесінің, электр желілерінің, ғимараттың сыртқы қасбеттерінің күрделі жөндеуіне және аурухана аумағын абаттандыруға жобалық – іздестіру жұмыстары жүргізілген. — Республикалық бюджет есебінен ауылдық елді мекендерге (Жарма, Жарық, Қаратөбе) салынатын 3 ФАП және 4 медициналық пункттер (Қапанбұлақ, Сұлусары, Салқынтөбе, Белтерек) үшін жер телімдері белгіленді. Алдағы кезеңде Ұзынжал, Жайма, Көшек ауылдарында да осындай нысандар салу жос- парлануда. Жарық және Қызылағаш ауылдарында антенна-дің- гек құрылғылардың құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 311,8 мың теңге қаражат бөлінді,- деді Жарқынбек Байсабыров. Аудан әкімінің айтуынша, тұрғындардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында Қалбатау ауылында стадион және Қалбатау ауылы мен Шар қаласында жүзу бассейндерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге 25 млн теңге қаражат бөлінген. Сондай-ақ Аршалы, Кіші Қарасу және Салқынтөбе ауылдарында спорт залдарының құрылысына облыстық бюджетке өтінімдер берілген. — Аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық–сметалық құжаттамалар әзірленді. Сұлусары, Бірлік, Жаңаөзен, Шалабай ауылдарында ауылдық клубтар са- луға жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін 35,0 млн теңге бөлінді,- деді аудан әкімі. Биылғы жылға Шар қаласындағы Абай атындағы мектеп– балабақша кешенінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 393,0 млн теңге, Қапанбұлақ ауылының Хасенұлы атындағы орта мектебінің қазандығының құрылысына 157,0 млн теңге бө- лінген. АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ Таза ауыз сумен қамту деңгейі 98,5 пайызды құрайды. Жаңғызтөбе кентінің су жүйелерін қайта жарақтау жұмыстарына жобалық–сметалық құжаттама әзірлеу үшін бюджеттік тапсырыс жасалып, Үшбиік ауылындағы осындай жұмыстарға жобалық-сметалық құжаттама дайындауға облыстық бюджет есебінен 15,0 млн теңге бөлінген. — 2022 жылы Сұлусары ауылында су құбыры желілерінің құ- рылысы басталып, жоспарға сәйкес 41,2 млн теңгенің жұмыста- ры атқарылды. 2023 жылға 370,6 млн теңге бөлініп, жұмыстар сәуір айында басталмақ. Аталған елді мекенде су құбыры құ- рылысы аяқталғанда, таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 па- йызға жететін болады. Сонымен қатар 59,3 млн теңге қаржыға Шар қаласының, Қалбатау, Салқынтөбе, Жайма ауылдарының су жүйелері ағымды жөндеуден өткізілді. Биыл Үшбиік ауылын- да бұрғылау жұмыстарын жүргізуге және Қаражал ауылында су мұнарасын ауыстыруға аудан бюджетінен 27,0 млн теңге бөлін- ді,- деді аудан әкімі. ЖОЛ ЖӨНДЕУ, АБАТТАНДЫРУ Өткен жылы облыстық бюджет есебінен облыстық маңыз- дағы Шар — Әуезов автожолында (18 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қалбатау ауылындағы Достық көшесінің, Шар қаласындағы Қабанбай көшесінің жолдары орташа жөн- деуден, Қалбатау ауылы және Шар қаласындағы көше жолдары ағымдық жөндеуден өткен. — 2023 жылы аудандық маңыздағы Бірлік — Қаражал ауылда- ры арасындағы жолдарды орташа жөндеуге облыстық бюджет есебінен 588,0 млн теңге, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберін- де Жаңғызтөбе кентінің 11,5 шақырым көше жолдарын жөндеу- ге 422,6 млн теңге және Бірлік, Шалабай ауылдарында бір көшеден жөндеуге қаражат бөлінді,- деді аудан әкімі. Аудан әкімі айтып өткендей, абаттандыру шараларына жергілікті бюджет есебінен 141,1 млн теңге бөлініп, Шар қаласында шағын футбол алаңы, Шар қаласы мен Салқынтөбе ауы- лында балалардың ойын алаңы мен воркаут алаңы салынған. Қалбатау ауылында және Шар қаласында бейнебақылау каме- ралары орнатылған. — Ағымдағы жылы Белтерек ауылы мен Суықбұлақ кентінде шағын футбол алаңдарын, Қаратөбе ауылы мен Суықбұлақ кентінде балалардың ойын алаңдарын орнату, Аршалы ауылында республикалық жол бойында көшеттер отырғызу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға аудан бюджеті есебінен 64,0 млн теңге қаражат қарастырылды. Жаңғызтөбе кентінде жалпы ұзындығы 4,7 шақырым болатын көше жарығы орнатылды. Үстіміздегі жылы Қалбатау ауылының 4 көшесіне, Жаңаөзен, Бірлік, Қаратөбе, Қызылағаш ауылдарының бір-бір көшесіне, Жарма кентінің 2 кварталына жарықтандыру жүргізу үшін аудан бюджетінен 86,0 млн теңге қаражат бөлінді,- деді аудан әкімі. Баспасөз конференциясы барысында аудан әкімі сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік салаларға, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға жеке тоқталып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Семей таңы»