"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

20.03.2023
Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

Абай облысында конфессияаралық келісім мәселелері талқыланды Бүгін Alikhan Bokeikhan University конференц залында діни бірлестіктер басшылары клубының тоқсан сайынғы отырысы өтіп, оған өңірдегі түрлі конфессиялардың өкілдері қатысты. Отырысқа қатысушылар діни заңнамаларды және деструктивті діни ағымдарға қарсы тұру мәселелерін талқылады.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев барлық конфессиялардың басты мақсаты – жастарды тәрбиелеу екенін атап өтті.

– Өткен жылы Рухани келісім күнінде Абай олысында діни бірлестіктер жетекшілерінің клубын құру туралы келісімге келген болатынбыз. Алдағы уақытта да жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды өткіземіз деп сенемін. Бүгінгі кездесуге облыста тіркелген барлық діни бірлестіктердің басшылары қатысып отыр. Баршаңызды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, еліміздің одан әрі гүлденуін тілеймін. Бүгін күн тәртібіне этносаралық толеранттылық пен конфессияаралық келісімді қалыптастыру жөніндегі жұмыс бойынша бірқатар мәселелер қойылып отыр, — деді Айдар Садырбаев.

Сонымен қатар, Айдар Садырбаев Абай облыстық қоғамдық даму басқармасы діни бірлестіктерге қатысты мемлекеттік қызметтердің әкімшісі болып табылатынын айтты. — Қатысушылардың әрқайсысы қажетті маңызды ақпаратты қамтитын жадынама алды. Менің ойымша, бұл бәріміз үшін өте маңызды. Діни бірлестікке қатысты қандай да бір мәселе туындаса, уәкілетті органдарды шақырып, талқылау күнін белгілейміз,- деді Айдар Садырбаев.

Облыстық Достық үйінің директоры Надежда Шарова жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде этномәдени бірлестіктердің де ауқымды жұмыс атқарып жатқанын тілге тиек етті.

– Этносаралық толеранттылық пен конфессияаралық келісімді қалыптастыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бес Достық үйі мен этно-мәдени бірлестіктердің қызметі Қазақстан халқы Ассамблеясының 31-сессиясында айқындалған мемлекеттік саясаттың қағидаттарын нақтылауға және іске асыруға бағытталған. Біздің қоғамдастық мүшелері бұл бағыттағы жұмыстардың іске асуына өз үлестерін қосуда. Қазір облыста 50 этномәдени бірлестік, Абай ауданы ҚХА жанынан құрылған ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, журналистер клубы және басқа да қоғамдық институттар жұмыс істейді. Этно-мәдени бірлестіктеріміз конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту бағытында жұмыс жүргізуде,- деп атап өтті Надежда Шарова.

Абай облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Мақсат Өмірханов кез келген азамат дінге қатысты сұрағы болса, орталыққа жүгіне алатынын айтты.

– Біздің орталықта әркім өзін толғандырған сауалдарын қойып, пікір білдіріп, кеңе ала алады. Біздің бәріміздің мақсатымыз ортақ – еліміздің гүлденуі, қоғамымыздың тыныштығы. Бүгін біз діни саладағы заңнамаға қатысты мәселелерді көтеріп жатырмыз. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша біздің елеміз — зайырлы мемлекет. Көптеген адамдар зайырлылықты атеизммен шатастырады. Шын мәнінде зайырлы мемлекет дін бостандығын білдіреді: әр адам өзі қалаған дінді ұстануға құқылы. Бұл оның конституциялық құқығы. Дегенмен, діни ғұрыптар мен рәсімдерді тек діни ғимарат аумағында өткізу керек екенін есте ұстаған жөн. Әйтпесе бұл заң бұзушылық болып есептеледі. Дін мәселелерін зерттеу орталығы өзара іс-қимыл диалогы үшін қашан да ашық. Біз көмектесуге және кеңес беруге әрқашан дайынбыз. Орталық ақпараттық-түсіндіру, деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен тұлғаларды оңалту және интернеттегі теріс үгіт-насихат жұмысарына қарсы күрес бағыттарында жұмыс істейді – деді Мақсат Өмірханов.

Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

3 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

3 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

3 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

4 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

4 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

4 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС