"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Халқына үлгі болған азамат

03.01.2023
Халқына үлгі болған азамат
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Халқына үлгі болған азаматКөрнекті саяси және мемлекеттік қайраткер, 1966-1984 жылдар аралығында Қазақ ССР-ның  Бас Прокуроры, 1-дәрежелі мемлекеттік заң кеңсешісі

Өтеген Сейітұлы Сейітовтың

туғанына 100 жылдық мерейтойына орай

 

Қоғамымызда  елден ерекшеленбей қарапайым өмір сүре жүріп, айналасындағы жұртқа  өнегелі ісімен, адал қызыметімен,  шапағат нұрын төгіп жүретін адамдар, халқының жадында мәңгі қалады.  Сондай абзал азаматтың бірі — Өтеген Сейітов.

Ол Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Ақтоғай ауылында 1923 жылы 15 қыркүйегінде дүниеге келді. Жастайынан аумалы-төкпелі заманда «тар жол, тайғақ кешудің», жетімдіктің зардабын көріп, өмірден өз үлесін  алуға тынбай талпынып, қиындықтарды мойымай жеңе отырып, ел басына қатер төніп  Ұлы Отан соғысы басталғанда,  қоймай сұранып жүріп соғысқа алынып, соңына дейін ерлікпен шайқасып, үш мәрте жараланып, госпитальдан шыға қайтадан соғысқа аттанады.  Жеңіс күнін Австрия елінің Вена қаласында  атқыштар взводының командирі шенінде қарсы алып, еліне алты айдан кейін кеудесінде жарқыраған ерлігі үшін алған  ордендарымен оралды.

Майданнан келген бетте 1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының  прокуратурасында халық тергеушісі қызметіне тағайындалды. Алғашқы қадамын осылай бастап, ары қарай іздену, талпынумен білімін жетілдіріп, тәжірибе жинап маңдай тер адал еңбегінің арқасында сатылап кішкентай ең төменгі қызметтен жаңа қызметтерге көтеріле бастады. Сарыағаш аудандық прокуратурасында аға тергеуші қызметіне тағайындалды. 1953 жылы Алматы мемлекеттік заң институтын бітірді. 1951-1959 жылдары Қазақ ССР -і прокуратурасының бөлім прокуроры, Алматы қаласының Совет ауданы прокуроры, Алматы облысының прокуроры,  Республика прокурорының бірінші орынбасары, 1966-1984  жылдары 18 жыл Қазақ ССР-нің  Бас прокуроры қызметін атқарды.

Өтеген Сейітұлына ата-анасының қанымен берілген қасиет, ащы да болса шындықты тура айтып, заңдылықты сақтап, әділетке жүгініп, халқына адал мінсіз қызымет жасауды ту етті.

Ол 18 жыл республика бас прокуроры болып қызмет жасаған уақытында заңдылықтың үстемдігі, азаматтардың мүдделері, қоғамдық тәртіптің сақталуы жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етті. Прокуратураның ұйымдастыруымен ғылыми конференциялар, семинарлар өткізіп, қызметкерлердің білім деңгейін жетілдіріп, заң қызметінің сапалы орындалып, әділеттіктің қатаң сақталуын, халықтың прокуратураға сенімін арттырып құрметіне бөленуіне зор үлесін қосты.

Әріптестеріне кәсібиліктің, өз ісіне беріліп адал қызмет жасаудың, заңдылықпен құқық тәртібі қағидаттарын мүлтіксіз орындау маңызылығын өз үлгісімен көрсетіп отырды.

Прокуратура қызметін жетілдіруге байланысты маңызды құжаттар жасауға үлес қосты. Прокурорлардың түрмыстық, материалдық жағдайларын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлді.

Ө.Сейітов — 1977 жылы Кеңестер Одағының делегациясының құрамында Женева қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының қылмыстардың алдын алуға арналған бесінші Конгресіне қатысты.

Оның еңбегі әділ бағаланып, кіндік қаны тамған Ақтөбе облысының Шалқар ауданында бір көшеге оның аты берілді. Ақтөбе облыстық прокуратурасында мұражайы ашылып, Ақтөбе қаласының бір көшесіне бюсті қойылды. «Өмір өткелдері», «Советник юстиции» кітаптарын жарыққа шығарды, және «Өнегелі өмір», «Жизнь достойная подражания» басылымдары оқырмандарға таратылды.

Ол өмірінің соңына дейін әріптестеріне, соңынан ерген жастарға прокуратура жұмысының қыр-сырын үйретуден,  40 жыл істеген жылдардағы мол  тәжірибесімен бөлісіп түсіндіруден, тәлім-тәрбие беруден әсте жалыққан емес. Сонымен қатар: 4 рет Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің сегіз жыл мүшесі болып, Бірінші дәрежелі заң кеңесшісі, «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген заңгері», «Прокуратураның құрметті қызметкері» атақтары берілді.

Оның соғыстағы ерлігі «Қызыл жұлдыз»,  бірінші дәрежелі «Отан соғысы» ордендарымен және көптеген  жауынгерлік медальдармен, ал ұзақ жылғы прокуратура саласындағы жанқиярлық еңбегі екі рет «Еңбек қызыл ту», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендарымен үкіметтің көптеген медальдарымен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, ССРО Бас прокуратурасының  және коғамдық ұйымдардың көптеген Алғыс хаттарымен аталып өтті.

Өтеген Сейітов прокуратура саласында  атқарған  қырық жылдан астам уақытында тағылымы мол ұстаз, қоғам қайраткері, ақиқаттың ақ жолын өмірінің мәні еткен, өнегелі өмір сүрген, сүйікті ісін жан-тәнімен мінсіз атқарып, кейінгі ұрпаққа үлгі болып тарихта қалды.

1997 жылдың  он бесінші желтоқсанында дүнинеден озды.

Абай облысының прокуратурасы

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

5 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

6 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

6 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС