"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Малдыбай МУСИН: ДЕГЕЛЕҢ ТАУЫНА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛСА ЕКЕН…

Жуырда Дегелеңдегі алғашқы атом сынағы куәгерлерінің бірі Малдыбай Мусинмен сұхбаттасып қайтқан едік. Малдыбай Жақыпұлы тоқсанның төріне шықса да әлі тың екен. Ақсақал сол бір зұлмат жылдарды есіне түсіріп, сынақтың қалай басталғанын егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

26.07.2024
Малдыбай МУСИН: ДЕГЕЛЕҢ ТАУЫНА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛСА ЕКЕН…
40
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

— Молдаш аға, әңгімемізді балалық шағыңыздан бастасақ…

— Мен 1935 жылы 1 сәуірде бұрынғы Абыралы ауданының Қайнар ауылын­да қарапайым отбасында дүниеге кел­дім. Отбасында алты ағайынды болдық: ағам, әпкем, мен, қарындасым және егіз інілерім (егіздің сыңары ерте қай­тыс болып кетті). Ағам Роллан Мусинді Семейдің халқы жақсы таниды. 15 жыл­дан астам уақыт Семейдегі қаржы-эко­номикалық колледжді басқарған білікті ұстаз, арда азамат еді.

Мен соғыс жүріп жатқан 1942 жылы бірінші сыныпқа бардым. Әкем де сол жылы майданға шақырылды. Оны Мәскеу маңында траншея қазуға алып кетті. Ағам Роллан ол кезде Семейдегі геологиялық барлау колледжінде оқи­тын. Дипломдық жұмысын қорғау үшін Украинаның Киев қаласына кеткен еді.

Тумысынан өжет, қайсар Роллан да майданға аттанып, Сталинградты азат етуге қатысты. Сол кезде оның жасы 19- да ғана болатын. Соғыста ротаны бас­қарды.

Отбасында бас көтерер анам екеуі­міз ғана қалдық. Майдан аяқталған­ша қиыншылықта өмір сүрдік, мал бақ­тық. Әйтеуір, әупірімдеп күн көрдік. 1944 жылы әкем соғыстан аман-есен оралып, жұмысқа тұрды. Роллан ағам да ауыр жараланып, туған жеріне оралды. 1945 жылы соғыс аяқталып, көзіміз ашылды ғой.

— 1949 жылы Дегелеңде алғашқы атом сынағы жарылғанда Сіз әлі ба­ласыз. Десек те сол жыл есіңізде шы­ғар…

— Әрине, ол жылдар әлі күнге дейін көз а лдымда. 1 947 ж ылы б іздің а уыл­ға мұздай киінген көп әскерилер кел­ді. Келді де, Дегелеңде үлкен қару сы­нақтан өтетінін айтты. Қайнар мен Дегелеңнің арасы 15-20 шақырымдай ғана. Бірақ атом бомбасы туралы бір ауыз сөз болған жоқ.

1949 ж ыл д а к еліп ж етті. Ж азға т а­ман үш-төрт машинамен әлгі адамдар тағы келіп, бізден қой, сиыр, жылқы, мы­сық, ит сатып ала бастады. Қару сына­латынын және ауылдағы малды түгел­дей Қарағандыға жіберетіндерін айтты. Ауыл халқының да көшірілетінін білдік. Айтқандай, бір күні малдарға ен салып, Қайнардан Қарағандыға айдап кетті.

Содан біраз күннен соң, бұл тамыз­дың 26-сы болатын, тағы келіп, өзіміз­бен бірге екі күндік тамақ, көрпе-жастық алуымыз керектігін айтты. Кісі басына елу теңгеден ақша, ұн, қант секілді азық- түлік үлестірді. Оған үлкендер де бала­ша қуанды.

28 тамыз күні үлкен КамАЗ көлікте­рі келіп, көшуге ниет білдірген бірталай отбасыны тиеп алды. Оның ішінде біздің отбасы да болды. Әкем, шешем, Роллан ағам, мен және інім — бесеуіміз көлік­ке отырдық. Бізді Қарағандыға емес, Дегелеңге әкелді. Далаға қаз-қатар ша­тыр тігіп қойыпты. Оны солдаттар қор­шап тұр. Үстеріне жылтыр плащь, бас­тарына газтұтқыш, қолдарына қолғап киген.

Келесі күні, 29 тамызда, таңертең әлгі солдаттар шатырды қайта қорша­ды. Ал бізге «далаға шықпаңдар» деген бұйрық келді. Таңғы сағат 7-8 кезінде гү­рілдеген дыбыс естіле бастады. Ол уа­қыт өткен сайын күшейе түсті. Бейтаныс алып зат бізге қарай домалап келе жат­қандай. Бір уақытта жер төмен қарай кетті де, қайта көтерілді.

Мен ол уақытта он төрттемін, ал інім жеті жаста. Шатырдағы ыдыстың бәрі қи­рады. Жарты сағат жер сілкінгендей бол­ды. Ол кезде атом бомбасы туралы еш­теңе білмейміз ғой. Бәрін кейін естідік…

Ертеңінде не әйел, не еркек еке­ні белгісіз, аппақ киінген, беттерін тұм­шалаған біреулер бәрімізден қан алды. Иттен де алды. Түстен кейін қайта Қайнарға көшетінімізді айтты. Қайнарда үлкен бұлақ бар болатын. Келсек, әлгі бұлақта су жоқ. Бірақ одан 100 мердей жерде субұрқақ атқылап тұр екен. Оның қалай пайда болғаны белгісіз. Баламыз ғой, қызықтап жүрдік. Бір-екі күннен ке­йін ол да жоқ болды. Судың қайда кетке­ні беймәлім.

Сонымен, біраз уақыттан кейін ауылға аппақ киінген адамдар келді. Академиктер болуы керек. Біздің хал- жағдайымызды сұрады. Осылайша, бір жыл бойы бақылауда болдық.

Бұл сыналған атом бомбасының сал­мағы 2,5 тонна болған екен. Алғашында оны жерге ұшақтан тастамақшы болған, бірақ дұрыс жарылмай қала ма деп қо­рыққан. Сондықтан жерде жарған. 17 метр биіктіктегі темір бағанаға бомба­ны көтеріп, жанына бізден сатып алған малдарды байлады.

Атом сынағына Сталиннің көмек­шісі Лаврентий Берия жауапты болға­нын білетін шығарсыздар. Оған қол ас­тындағылары «Дегелеңге 200-300 адам әкелсеңіз» деген өтініш айтқан көріне­ді. Әсерін байқайық деген болуы керек. Берия қолына картаны алып, Дегелеңнің маңайындағы ауылдарға көз тастай­ды. Абай ауданының Саржал ауылын, Павлодар облысының 1 Май ауданын көреді де, ең жақыны деп Қайнарды таң­даған.

— Молдаш аға, Абыралы ауданын таратуға осы сынақ әсер етті ғой?

— Иә, Дегелеңдегі сынақтан ке­йін, келесі жылы ғалымдар Лаврентий Берияға Қайнар ауданын, Павлодардың 1 Май ауданын тарату керектігін айтады. Себебі ауруға шалдыққан адам көбейіп кетсе, халық шулайды ғой. Барлығы бір жерде болмауы керек. Сондықтан 1952 жылы Абыралы ауданы мен 1 Май ау­даны жабылып, біраз халық жұмыссыз қалды.

Біз отбасымызбен Шар ауданына кө­шіп келдік. Әкемді Кезеңсу совхозының ауыл шаруашылығы кеңесінің төрағасы етіп жіберді. Ағам Роллан Мусин Қайнар орта мектебінде жұмыс істейтін, оны Шар ауданының бір мектебіне дирек­торлыққа тағайындады. Мұндағы мек­теп тозығы жеткен ескі үйде орналасқан екен. Балдақпен жүретін Роллан ағам жаңа типті мектеп салдырды. Бұл білім ошағының атақ-даңқы республикаға әй­гілі болды. Сол ауылда алтын өндіретін шахта болған. Ағам соның басшысымен келісіп, бір жылдың ішінде жаңа ғимарат бой көтерді ғой.

Біраз уақыттан соң оны Шарға жібер­ді. Ал біз Кезеңсуда қалдық. Мен ол кез­де үшінші сыныпты бітіргенмін.

Әкемнің Төлеужан деген інісінің ке­ңесімен Шардағы мектепті тастап, Семейге келдім. Ол кезде Семейде ха­лық көп. Соғыстан кейін Украинадан 3 фабриканы, Белоруссиядан 4 фабрика­ны осында әкелді. Германиядан неміс­тер де келді. Берия шешендерді, грузин­дерді де көшіріп, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстанға бөліп орналастырғаны белгілі.

Сонымен қойшы, ағайымның ақы­лымен Семейдегі қолөнер училищесі­не түстім. Оны бітірген соң, 1949 жылы Қайнарға жұмысқа келдім. Екі жыл­дай еңбек етіп, әскерге, Германияның Кенигсберг қаласына кеттім. Үш жыл сонда болдым.

Қайтып оралған соң техникумға түс­тім. Оның директоры Бөгенбай батыр­дың ұрпағы Әлихан Барлыбаев деген кісі болатын. Сол кісінің ұсынысымен техникумда мұғалім болып қалдым.

1959 жылы Мәскеуге оқуға аттан­дым. 1964 жылы Семейге оралған мені аяқ киім фабрикасына жіберді, инже­нер болып қызметке тұрдым. Бұл фаб­рика атом сынағына қарсылық ретінде салынғанын да айта кетейін. Мен 1969- 1996 жылдар аралығында 30 жылдай фабрика директоры қызметін атқардым. Кәсіпорын екі ауысымда жұмыс істеді, балалар аяқ киімінен бастап саптама етікке дейін тігетін. Жылына 5 млн жұп аяқ киім дайындап, өндірістік қуаты жө­нінен республика бойынша екінші орын­да болды. (жылына 7 млн жұп аяқ киім тігетін Алматы аяқ киім фабрикасы бі­рінші орында тұрды). Кәсіпорын қазіргі «Апрель» сауда үйі жанындағы төрт қа­батты ғимаратта орналасқан болатын. Кейін ф абрика т арады. Ж алпы, с ол жылдары Семейде 49 фабрика жұмыс істейтін. Қаланың өндірістік қуаттылығы жоғары болды.

— Денсаулықтарыңызда атом сы­нағының әсері байқалды ма?

— Әрине, бұл сынақтың зарабын мен де, отбасым да көп тартты. 1959 жылы әпкем, 1972 жылы шешем қатерлі ісіктен қайтыс болды.

Ол кездері де онкология, атом бом­басы деген сөздер мүлде айтылмайтын. Бұл орайда Семей облысының тумасы, кеңес және партия қайраткері Кешірім Бозтаевтың ерлігін атап өткім келіп тұр. 1989 жылдың ақпан айының 20 жұлды­зында Семей облыстық партия комитеті­нің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаевтың сол кездегі Министрлер Кеңесінің төра­ғасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақыл­даса отырып, М.Горбачевке Семей по­лигонының зардабы жайында жіберген жеделхаты полигонды жабуға жол аш­қан күрестің басы болған. Бозтаев ба­сын бәйгеге тікті. Бірінші болып мәсе­лені көтерді. Ол – батыр адам! Мәскеуге хат жазды. Олжас Сүлейменов баста­маны іліп әкетіп, халықтық қозғалысқа ұластырды. Бұл туралы жерлесім, сы­ныптас досым марқұм Медеу Сәрсекеев те өз кітабында жазған болатын.

Анамның денсаулығы 1950 жыл­дан бастап сыр бере бастады. Ал дәрі­герлер 1989 жылға дейін «қатерлі ісік» деген диагноз қоя алған жоқ. Шешем ауырғанда «Бізде дәрі жоқ. Не тағайын­дайтынымызды да білмейміз» дейтін. Анамызға қымыз береміз, су береміз, ештеңеге тәбеті жоқ. Нәр татпай, әбден жүдеді. 1972 жылы о дүниеге аттанды. Ал әпкем жатыр обырынан көз жұмды. Қыз бала босанып, екеуі бірін-бірі көре алмай кете барды…

Кенже інім былтыр дүние салды. 50- ден асқанда ағза жасушаларында өсе­тін саркома деген қатерлі ісік ауруымен ауыра бастады. Бұл аяқ-қолға шығатын жара сияқты екен. Бастапқы уақытта ауыртпалық тудырмай, уақыт өте келе көлемі біртіндеп ұлғая бастады. Соңғы уақытта ісік тізесіне түсіп, былтыр қай­тыс болды. Жақында жылдық асын да өткізбекпіз.

Өзім де көп ауырдым. Қалқанша безге, бүйрекке, тыныс жолдарына ота жасады. Жалпы, 4-5 отаны өткерген­мін. Сырқатымды спорттың арқасында жеңдім деп ойлаймын. Бұйырса, келесі жылы 1 сәуірде тоқсанға келемін.

Қолөнер мектебінде оқығанымда күнде таңертең бізді Ертіске апаратын. Жаттығу жасап, кермеге тартыламыз. Соның арқасында әскерде жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүр­дім. Кейін темекі, ішімдік секілді зиянды әдеттерден бас тарттым.

Мәскеуде оқығанда Азов деген ака­демик: «Сені Жамбыл облысына жібе­рем. Өмір сүргің келсе, сонда үш ай бо­лып, көкөніспен тамақтанасың»,- деді. Сөйтіп, үш ай Жамбыл облысында бол­дым. Осы күнге дейін таңертең ерте жаяу жүріп серуендеймін, жаттығамын.

Жас күнімде көп ауырғандықтан, үй­ленбей жүріп қалдым. Ұзақ уақыт ем­делдім. Екіншіден, оқуға және жұмысқа көп уақыт арнадым. Мәскеуден білім ал­дым.

Жүре келе Айман атты Өскеменнің қызымен бас қостым. Әкем қолымызда тұрды, келінін қызындай көрді. Тоқсанға келіп өмірден озды. Адам о дүниеге ат­танарда жақсы көретін адамын бір тәу­ліктей күтеді екен ғой. Әкем де өмірден өтер алдында Айманды күтті. Келінінің қолынан соңғы рет бір кесе шай ішіп, мәңгілік мекеніне кете барды.

Ағам Роллан Мусин де тоқсан жас жасады. 1969 жылы Семейдегі қаржы­-экономикалық колледжінің директор­лығына тағайындалған соң Мәскеуге арнайы барып, оқу орны үшін сегіз қа­батты жаңа ғимараттың салынуына ті­келей мұрындық болғанын білесіздер. Оның асқан табандылығының арқасын­да құрылыс аз уақыт ішінде аяқталды. Ол колледждің оқу-тәрбие жұмысының деңгейін көтеріп, Кеңес Одағына әйгі­лі етті. Алғаш рет Мәскеуде мемлекет­тік тілде баяндама жасаған да Роллан болды. Бүгінде колледжде оқып жатқан жастар ағам Роллан Мусинге асқан құр­метпен қарайды. Ол осы колледжді 15 жылға жуық басқарды. 2010 жылы қай­тыс болды.

— Сіздің ойыңызша, сынақтан зар­дап шеккендерді оңалтуға жеткілікті көңіл бөлініп отыр ма?

— 1986 жылы Украинаның Чернобыль қаласындағы атом электр стансасын­да жарылыс болды. Оның зардаптарын жоюға бүкіл Кеңес Одағы құрамындағы республикалар, оның ішінде біздің ел де көмек қолын созды. Ауғанстандағы он жылға созылған соғыста да біздің аза­маттарымыз ерлік көрсетті, қаншасы опат болды. Оларға жыл сайын мемле­кет тарапынан құрмет көрсетіліп, жәрде­мақы тағайындалады, баспанамен қам­тылады.

Менің қынжылатыным, Семей поли­гонында алғашқы ядролық қару сына­ғы өткізілгеніне биыл 75 жыл толса да, қырық жыл атом зардабын тартқан қай­нарлықтардың ешқайсысы мардымды көмек алған емес. Сол уақытта бізге ар­найы куәлік берілген еді. Онда Қайнар ауылы тұрғындарын оңалту, жәрдема­қы тағайындау, шипажайға жолдау және тағы басқа қолдау шаралары көрсетіл­ген он тармақ жазылған. Бірақ әлі күнге дейін бірде-бірі орындалмапты.

Жуырда Абай облысы әкімі орынба­сарының қабылдауында болдым. Тым құрығанда бір медаль шығарсаңыздар деген өтініш-тілегімді жеткіздім. Екінші тілегім — Дегелең тауына КСРО-дағы ал­ғашқы атом бомбасы сыналған жер ре­тінде ескерткіш белгі қойылса екен.

Мен өзім Семейдегі Ядролық меди­цина және онкология орталығы жанын­да тұрамын. Бір күнде 50-60 көлік ке­леді, сонда жұмасына 300-дей адам қатынайды. Енді бір жылда қанша адам келетінін есептей беріңіз. Мені де жы­лына бір рет шақырып, денсаулығымды тексеріп тұрады. Бірақ заманауи құрал- жабдықтар, білікті дәрігерлер жетіспейді деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Семейге келген сапарында зардап шеккендерді оңалтуды қарасты­ратынын айтқан еді. Бірақ нәтиже жоқ. Кейде «1949 жылы Дегелеңге кім бар­ды?» деп хабарландыру берсем, қан­ша адам жиналады екен деп ойлаймын. Кезінде Бериядан «мұндағы адамдар­дың бәрі өліп қалса, не істер едіңіз?» деп сұрағанда, «Семей облысы халқы­ның бәрі қырылып қалса да маған бәрі­бір, бастысы, бізде атом бомбасы бар» деген екен. Америка атом бомбасын шығарған соң, Кеңес Одағы да қалыс­пады ғой. Семей полигонында барлығы 456 сынақ өткізілсе, оның 116-сы жер бе­тінде жарылды. Қазақ даласы осылай­ша қырық жыл бойы қасірет шекті.

Жоғарыда айтып кеткенімдей, мен аяқ киім фабрикасын басқардым. Куба, Жапония, Малайзя, Сингапурда, Египет сынды біраз мемлекеттерде болып, ең­бегімнің зейнетін көрдім. Аурудың бей­нетін де бір кісідей тарттым. Енді қан­ша жасайтыным беймәлім. Сондықтан Кеңес Одағындағы алғашқы атом бом­басы сынағының куәгерлерінің бірі ре­тінде көргенімді халыққа айтып кетуді жөн санадым.

Қырық жыл атом зардабын тартқан халыққа тиісті деңгейде көмек көрсеті­ліп, Дегелеңге ескерткіш қойылса деген тілегім бар.

Енді халқымыз мұндай қасірет көр­месін. Еліміз аман, жеріміз тыныш бол­сын!

— Молдаш аға, сұхбат бергеніңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

23.08.2026
Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

Бүгін, 23 тамызда, Қазақстанда жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтуде. Дауыс беру барысын қазақстандық және шетелдік бақылаушылар бақылауда....

Толығырақ...Details

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

23.08.2026
«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

Қазақстанға халықаралық байқаушы ретінде келген Беларусь Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко дауыс берудің ұйымдастырылуына қатысты пікір білдірді. Ол...

Толығырақ...Details

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

23.08.2026
Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының халықаралық бақылаушылары Алматыдағы алты сайлау учаскесіне барды. Миссия өкілдері азаматтардың белсенділігін, дауыс беру үдерісінің ашықтығын, сайлау...

Толығырақ...Details

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

23.08.2026
Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

Қазақстанда алғашқы Құрылтай сайлауы ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл туралы елордада Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығындағы баспасөз мәслихатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының...

Толығырақ...Details

Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

23.08.2026
Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауын бақылауға келген халықаралық байқаушылар дауыс берудің ұйымдастырылуына назар аударды. Солардың қатарында Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары...

Толығырақ...Details

Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

23.08.2026
Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

Армения Орталық сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Эрмине Арутюнян елордадағы Қ. Мыңбаев атындағы мектеп-лицейге барып, №131...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

14 часов бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

14 часов бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

14 часов бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

14 часов бұрын

Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

14 часов бұрын

Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

14 часов бұрын

«Адамдар үлкен ықыласпен келіп жатыр» – ҰҚШҰ байқаушылары Құрылтай сайлауындағы дауыс беру барысы туралы пікір білдірді

15 часов бұрын

99 жастағы кейуана дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті

15 часов бұрын

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына зор қызығушылық танытуда – Грузияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

15 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

22 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС