"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Тағам қауіпсіздігі: улану мен ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады

05.12.2025
Тағам қауіпсіздігі: улану мен ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы Серікболсын Назарбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте өңірде сатылатын азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау тұрақты түрде жүргізілетінін жеткізді.

— Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары ЕАЭО техникалық регламенттері мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігін анықтау үшін өнімге тұрақты мониторинг жүргізеді. Негізгі мақсат – талаптардың орындалуын тексеру. Ағымдағы жылдың 10 айында ведомство мамандары 784 тауарды тексерді, оның 441-і азық-түлік өнімдері. Олардың ішінде сүт және нан-тоқаш өнімдері, құс еті мен жұмыртқа, кондитерлік бұйымдар бар. 42 тауар техникалық регламентке сәйкес келмеген, – деді Серікболсын Назарбеков.

Абай облысы ДСЭК-тің тамақ объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Айгерім Мусатаева тағам өнімдерін таңдауда, дайындау барысында да аса мұқият болу қажеттігін атап өтті.

— Ең жиі кездесетін улану түрі – зиянды микроорганизмдер болуы мүмкін тағамнан улану. Мұндай ауру тудыратын бактериялар өнімге бастапқыда жұғуы немесе дұрыс сақталмауы мен дайындалуы салдарынан пайда болады. Организмге түскен жағдайда улануға әкеледі. Инфекция тасымалдаушылар – тарақандар, тышқандар, егеуқұйрықтар, шыбындар болуы мүмкін. Тағамнан уланудың алдын алу қарапайым гигиеналық сақтау және дайындау ережелерін орындауға байланысты. Егер тағамнан жағымсыз иіс шықса немесе қышқыл дәм сезілсе – ондай өнімді тұтынбаған жөн. Қаптаманың ісінуіне де назар аударыңыз – бұл да өнімді жеуге болмайтынын білдіреді, – деді Айгерім Мусатаева.

Спикердің айтуынша, ішек инфекцияларының көптеген түрлерін толық жою үшін кемінде 10 минут термиялық өңдеу қажет. Ол температура 70 градустан төмен болмауы тиіс. Дәл осы температурада қауіпті бактериялар жойылады.

— Тағамды бөлме температурасында екі сағаттан артық сақтауға болмайды, әйтпесе ішек инфекциясына шалдығу қаупі артады. Өнім толық қуыстан өңделуі тиіс, сондықтан қайнатылған ет қуырылған етке қарағанда қауіпсіз. Сондай-ақ, өнімдер кір қол арқылы да ластануы мүмкін екенін естен шығармау керек. Барлық шикі тағам алдын ала өңдеуден өтуі тиіс – көкөністер мен жемістерді ағын сумен жақсылап жуу қажет. Тауық жұмыртқасы сальмонеллез тасымалдаушысы болуы мүмкін, – деп толықтырды Айгерім Мусатаева.

Сонымен қатар, спикер «тауарлық көршілік» ережесін сақтау керектігін еске салды – шикі және дайын өнімдерді бір-бірінен бөлек сақтау қажет. Дайын тамақты тоңазытқышқа қою алдында міндетті түрде суыту керек.

— Ішек инфекцияларын жұқтыру қаупі әсіресе көше және бейберекет саудада жоғары. Өнімді тек рұқсат етілген жерден сатып алу керек, себебі ветеринарлық жағдайы белгісіз тағам өнімдері инфекцияға себеп болуы мүмкін, – деді маман.

Басты ұсыныстар өзгеріссіз қалады: жеке гигиенаны сақтаңыз, қолды жиі жуыңыз, өнімдерді дұрыс сақтаңыз, тек жаңа тағамдарды сатып алыңыз, мерзімі өтуге жақын өнімдерді тұтынбаңыз.

Абай облысы ДСЭК басшысының орынбасары Раушан Фатхуллина қазан айында Семейде баланың кәмпиттен улану оқиғасы тіркелгенін хабарлады. Оқушы дүкеннен кәмпит сатып алып, оны жегеннен кейін өзін нашар сезінген.

— Микробиологиялық зерттеу нәтижесінде кәмпиттердің ішек таяқшасы тобының бактерияларын қамтығаны анықталды. Сонымен қатар, өнімде қазақ тіліндегі таңбалау болмаған, құрамы мен жарамдылық мерзімі көрсетілмеген. Дүкенде тауарға ілеспе құжаттар, сапаға сәйкестік декларациясы және басқа да құжаттар болмаған. Кәсіпкер кәмпиттерді қолма-қол ақшаға көтерме базардан алғанын айтқан. Аталған факті бойынша ИП-ға әкімшілік хаттама толтырылды, қалған өнім тәркіленіп, жойылды, – деді Раушан Фатхуллина.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС