"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы өтті

05.12.2025
Абай облысында «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы өтті
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы ұйымдастырылды. Жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруды мақсат еткен жиынға мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Форумның ашылуында Абай облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов қатысушыларға сәттілік тілей отырып, аталған шараның қоғам үшін маңызын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек», — деп атап өтті. Бұл міндеттің табысты орындалуы жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік және азаматтық мәдениетті сіңіруге тікелей байланысты. Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуын тежейтін қауіпті құбылыс. Оның ең тиімді қарсы шарасы – алдын алу, яғни сананы өзгерту және білім беру арқылы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру. Бүгінгі форум – осы мақсатқа бағытталған маңызды бастаманың бірі», — деді басқарма басшысы.
Форум қатысушылары сөз алып, қоғамдағы адалдық, әділеттілік және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру жөніндегі пікірлерімен бөлісті. Абай облысының Білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шарипов, Шәкәрім университетінің ректоры – Басқарма төрағасы Думан Орынбеков, жастар белсендісі Қуаныш Молдақашев және Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенті Назерке Кадекова жастарға арналған жаңа профилактикалық бағдарламаларды таныстырып, өз көзқарастарын білдірді.
Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков білім орнындағы адалдық қағидатын нығайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
«Университет тарапынан адалдық қағидатын қалыптастыру мақсатында студенттеріміз өздерінің тың идеялары мен жобаларын ұсынып келеді. Бұл бастамалар жастардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, академиялық адалдық мәдениетін нығайтуға зор үлесін қосуда. Соның нәтижесінде біз оқу орнында жаңа бағыттарға бет бұрып, ашықтық пен әділдікке негізделген ортаны қалыптастыруға мүмкіндік алып отырмыз», – деді Шәкәрім университетінің ректоры – Басқарма басшысы.
Форум мазмұнымен сабақтас тағы бір маңызды бағыт – облыста жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы. Бұл бағдарлама мектепке дейінгі кезеңнен бастап құқықтық сауаттылық, азаматтық жауапкершілік және әділдік принциптерін қалыптастыруды көздейді. Қазіргі таңда аймақта 286 мектепте 7 375 оқушыны қамтитын «Адал Ұрпақ» клубтары, сондай-ақ 30 студенттік клубта 490 студент жұмыс істейді.
Білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков бұл бағыттағы жұмыстардың маңызына тоқталды.
«Біздің басты міндетіміз – жас ұрпаққа жауапты азаматтық қасиеттерді сіңіріп, оларды адал және құқыққа құрметпен қарайтын азаматтар ретінде тәрбиелеу. «Адал азамат» бағдарламасы мектептен бастап құқықтық сауаттылық, әділдік пен адалдық принциптерін қалыптастыруға бағытталған. Құқықтық мәдениет жүйелі түрде енгізілген жағдайда, оқушылардың құқықтық сауаттылығы артып, мектептегі тәртіп деңгейі нығаяды, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениеті қалыптасады, әділдік, адалдық және жауапкершілік құндылықтары оқушылардың мінез-құлқының негізіне айналады», – деді Бауыржан Ердембеков.
Іс-шара соңында жыл бойы жемқорлықтың алдын алу бағытында белсенді қызмет атқарған азаматтар облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды

Абай облысында «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы өтті Абай облысында «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы өтті Абай облысында «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы өтті

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС