"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ САРЫҰЛЫ

22.05.2023
АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ САРЫҰЛЫ
1.7k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әйгілі жырау Ақтамберді (1675 — 1768) толғауларының қыры да сыры да көп.

Оның ертеректегі «Жағалбай деген ел болар», «Жағама қолдың тигенін», «Жел, жел өсер, жел өсер» сияқты шағын өлеңдерінің негізгі сарыны – жалғыздың мұңы, жетімдік зары, мен де ер жетіп ат тізгінін ұстар шақ туар деген көксеу, үміт.

Атадан тудым жалқы боп,

Жақыннан көрдім талқы көп,

Жалғыздық, сені қайтейін!

Жырау жырларындағы келесі бір сарын – үлкен толғаныстар өмірдің тірліктің мәні, күнкөріс қамы, жан иесі жасар әрекеттің апарып жеткізер мұраты жайлы.

Көк көгершін, көгершін,

Көкқұтан ұшар жем үшін.

Көк шекпенін көтеріп,

Ерлер жортар мал үшін.

Тұтам емшек би үшін,

Қатын бала қамы үшін,

Әркім өзі талпынбақ,

Басына бітер бағы үшін.

Ақын өмір ағысында бір мұратқа жетем деген жан әрекет, қозғалыста болмақтығын; бірліктің бітпес күрес, рахаты мен мехнаты алма-кезек, ауыс-түйіс, жатқан арпалыс әлем екенін бар шығармасында құлаққағыс етіп отырады. Ақтамбердінің түйіндеуінде адам тірлігінің мұраты – жатқа жақыныңды талатпай, ағайын-туған арасында береке-бірлікте ғұмыр кешу.

«Балпаң, балпаң кім баспас», «Жауға шаптым ту байлап», «От басар орны отаудай», «Ей, азаматтар, шоралар», «Салпаң да, салпаң жортамын» толғаулары сияқты.

Жырау шығармаларының аса басым бөлігі, негізгі сарын – жорық, жортуыл жырлары. Соғыс суреті. Жорық сәтінде өзіңді былай да, былай ұста деген кеңес.

Ақтамберді ауыр жеңілістерді көзімен көріп, жанын көп жылатты. Жеңістің ұлы қуанышын да бастан аз кешкен жоқ.

Қынаптан қылыш суырмай,

Қарысқан жау бүлк етпес,

Жуылмай қастың қанымен,

Намысқа тиген кір кетпес! —

дейді жаужүрек ақын.

Ақтамберді өр рухтың ақыны «Намысы ел намысы», «Мені – елдің мені» Қазақта бағынышты болғанша, басым кетсін дейтін батыр ұл көп. Жырау солардың атынан сөйлейді.

Салпаң да салпаң жортармын;

Сары азбанға қосымды артармын,

Торлаусыз өскен құланмын.

Айтқанға көніп, айдағанға жүрмеймін деген өр рух! Ол Ақтамберді өрлігі ғана емес – елінің ерлік рухы.

АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ САРЫҰЛЫ

Ақтамберді толғауларының ең негізгі сарындарының бірі – бостандықты, бейбіт өмірді аңсау. Ұлт – азаттық сарын. Жырау еліме құт, жеріме береке орнаған сәтті көзбен көрсем дейді. Өзі сол жолда жан берген күресте.

Ақтамберді пенделік ғұмырда опасыз, баянсыз жалған дүниенің етектен тартар тұстарын да көлденең тастап отырады.

Түйе мойын тұз кесер,

…Бұлаңдап жүрген жігіттің.

Жомарт қолын жоқ кесер.

Ақтамберді толғауларының көркемдік ерекшеліктері жағдайына келсек, жырау өзіне дейінгі дәстүрлі жыр үлгісінде сөйлейді. Сөйлегенде өзгеде жоқ, өзіндік қана қайталанбас ғажайып сурет, теңеу, қанатты тіркестер туғызды. Жырау аттың сынын келістіре келтіреді:

От басар орны отаудай,

Омырауы есіктей,

Ойынды еті бесіктей.

…Ор қояндай жүгінтіп

Аш күзендей бүгілтіп

Тұмар мойын тұлпар,

Қиған қамыс құлақты… т.б.

Көшке ілескен боз інгеннің кейпі: «жаралы қудай ыңырантып, жазылған мұздай күңірентіп». Дәстүрлі троптар:

Жағасы алтын, жеңі жез

Шығыршығы торғай көз.

…Бұлттан шыққан ай бетті.

Мұнардан шыққан күн бетті.

Ақтамберді поэзиясында жыраулар өнернамасына тән терме, тақпақ түрінде келетін афоризм, нақыл сөз айшықтары да аз емес.

Кәрі ақсайды ақылдан,

Ер ақсайды жақыннан.

…Бұлаңдап жүрген жігіттің,

Жомарт қолын жоқ кесер.

…Білімді туған жақсылар

Аз да болса көппен тең.

Сары аязда қатар ма,

Қайнардың аққан тұнығы.

Кап түбінде жата ма,

Болаттың асыл сынығы.

Жырау поэзиясы соғыс сәттің жанды қимыл — қозғалыс, суретін де көп түсірген. Салпаң да, салпаң жорту, балпаң да, балпаң басқан жауынгер батыр, ту байлап жауға шапқан, айғайлап шеп бұзған сәттер. Ақтамберді туындыларында ілгерідегі Асан, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет жыраулардан келе жатқан дәстүрлі қолданыстар, тіркес оралымдар аз емес: жел, жел есер, жел есер, балпаң, балпаң басқан күн, ару құшу, арғымақ міну, күмбір, күмбір кісінетіп, күреңді мінер күн; Еділ, Жайық т.б.

Ақтамберді жырау поэзиясының құдіреті – нақты тарихи құбылыс ырғағында жырлау.

Ел шетін торыған дүлей күшпен өзі белдеспек. Халық ісін өзінің жеке басының проблемасы деп қарайды. Ел игілігі үшін өзін жауапқа тартады.

Жауға шаптым ту байлап,

Шепті бұздым айғайлап.

Дұшпаннан көрген қорлықтан,

Жалынды жүрек қан қайнап.

.Ел — жұртты қорғайлап,

Өлімге жүрмін бас байлап.

Ақтамберді тоқсан үш жасында дүние салыпты. Туған жердің топырағын мәңгі жастанар алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік мақсаты тегіс орындалғандығына ризашылығын білдіре келіп, «батырларша оққа ұшпай, төсекте жатып тек өлгендігін» өкініш етеді.

АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ САРЫҰЛЫ

Ақтамберді мазары қазір Семей облысы Абай ауданының шетіндегі Шет өзенінің шығысында, Құндызды Қос өңіріндегі Жүрекжота деген төбенің басында тұр.

Өршіл жырау, әрі жыршы, әрі ақын Ақтамберді Сарыұлы өз туындыларында сұрапыл майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, ғибратқа толы жыр жолдарымен ықпал етіп, халықты іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Артына елеулі мұра қалдырған жырау поэзиясы тақырып жағынан да, мазмұны жағынан да бай болғаны айқын сезіледі. Халқымыздың көркемдік сөз өнері тарихында Ақтамберді есімі өзіндік орны бар жыраулық поэзияның көрнекті бір өкілі ретінде мәңгі сақталады.

Жыраудың туындыларында психологиялық параллелизм, қайталау, кей уақытта дыбыс қуалаушылық пен формулалық та кең пайдаланылады. Жалпы поэзияға тән теңеу, шендестіру, әсірелеу контраст тәрізді көркемдік әдіс — тәсілдер де толғауға жат емес.

Ақтамберді жыраудың әзірше бізге мәлім 26 шығармасы бар, олар тақырыбы жағынан үш топ құрайды да, осы үш топ жырау өмірінің үш кезеңін бейнелеп, содан хабар береді: жастық шағы, кемеліне келіп, даңққа бөленген кезі және қартайған уақыты. Осыдан болу керек, Ақтамберді поэзиясында қаһармандық пен лирикаға тән нәзіктік, қатал шындық пен сағым қиял қатар өріліп, аралас жүреді.

Қорыта айтқанда, қазақ елінің ұлы сөз ұстар жырауларының бірі Ақтамберді тоқсан үш жасында дүние салыпты. Туған жердің топырағын мәңгі жастанар алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік мақсаты тегіс орындалғандығына ризашылығын білдіре келіп, «батырларша оққа ұшпай, төсекте жатып тек өлгендігін» өкініш етеді және осы сөзімен-ақ қазақ әдебиеті тарихында ерекше із қалдыратыны даусыз.

Ақтамберді мазары қазір Семей облысы Абай ауданының шетіндегі Шет өзенінің шығысында, Құндызды Қос өңіріндегі Жүрекжота деген төбенің басында орналасқан.

Азаттықтың арда жырлары – біздің, бүгіннің, ертеңнің… ұлы жүрек дүрсілі…

 

Әдебиеттер:

  1. Әбутәлиев Н. Сегіз сері. – Алматы, 1991 ж.
  2. Мұқанов С. Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан очерктер. –Алматы, 1942 ж.
  3. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. – Алматы, 1993 ж.
  4. Сүйіншәлиев Х. VІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1991 ж.
  5. Сейфуллин С. Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат. – Алматы, 1964 ж.
  6. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 1997 ж.
  7. Мәдібай Қ. Хандық дәуір әдебиеті. – Алматы, 1996 ж.

Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы,
Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері.

Мақалада: АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ САРЫҰЛЫ

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

5 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

5 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

5 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

6 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС