"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Зүлфия Сүлейменова: ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

29.05.2023
Зүлфия Сүлейменова: ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше Абай облысына жұмыс сапарымен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова келіп, «Семей медицина университеті» КеАҚ қабырғасында жұртшылықпен кездесті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Министр кездесуді баяндамадан бастамай, сұрақ-жауап түрінде өткізіп, тұрғындардың сауалдарына барынша толық жауап беруге тырысты.

Алғашқы болып сөз алған тұрғындардың бірі Семей ядролық сынақ полигоны болған аумақ туралы сөз қозғады.

— Семей өңірінің халқы 40 жыл ядролық сынақтан зардап шеккенін жақсы білесіздер. Өңірде халық арасында, жаңа туған нәрестелер арасында жаман аурулар, өлім-жітім кең таралған. Оның бәрі осы сынақтың зардабы. 1992 жылы «Семей өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту туралы» заң қабылданғанда, бөркімізді аспанға атып қуанған едік. Бірақ нәтижесі ойдағыдай болмады. Сондықтан ескі заңның күші жойылып, жаңа заң қабылданып, экологиялық аумақ құрылса деген тілегіміз бар. Немесе белгілі бір уақытқа арналған жол картасы қабылдануы керек. Зардап шеккендерге тегін медициналық көмек көрсетіліп, шипажайларға жолдануы қажет.  Біз бұл мәселемен бұған дейін сайланған Мәжіліс депутаттарына талай мәрте жүгіндік, жауап болмады. Өзім «Полигон-21» ұйымының құрылтайшысымын. Бұл мәселе тек семейліктерге емес, зардап шеккен басқа облыс тұрғындарына да қатысты, — деді облыстық мәслихат депутаты Марат Құрманбаев.

Зүлфия Сүлейменова Парламент Мәжілісінде Семей ядролық сынақ полигоны аумағын қалпына келтіру жөнінде заң жобасы қаралып жатқанын, жуырда екінші отырысы өтетінін айтты.

– Парламент Мәжілісінде Семей ядролық сынақ полигоны аумағын қалпына келтіру жөнінде заң жобасы қаралып жатыр. Бірінші отырысы былтыр сәуір айында болды. Келесі аптада екінші отырысы өтеді. Осы аралықта біршама жұмыстар атқарылды. Экология министрлігі полигон аумағын зерттеп, заң жобасын түзету мақсатында сараптама жүргізуде. Мәжілістен соң Заң жобасы Сенатқа, одан әрі Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі. Ал Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерді оңалту туралы заң жобасының әзірленгенін қаласаңыз, оның тұжырымдамасы, заңның жобасы, экономикалық негіздемесі болуы керек. Бұл бастаманы кім көтере алады деген сұраққа келсек, оның үш түрлі жолы бар. Біріншісі — сіздің аймағыңыздан Мәжіліске сайланған депутат, екіншісі — Үкіметтің сол салаға жауапты министрлігі, (бұл жағдайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі), үшіншісі — Мемлекет басшысы қандай да бір заң жобасын әзірлеу туралы бастама көтеруге құқылы. Демек, сіз Абай облысынан сайланған Мәжіліс депутатына немесе Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгіне аласыз. Әлеуметтік оңалту мәселесінде біздің министрліктің құзыреттілігі жүрмейді. Бүгін «Полигон-21» қоғамдық ұйымының өкілдері жеке қабылдауымда болып, бұл бастама жайлы маған айтқан болатын. Мен сіздердің өтініштеріңізді тиісті органдарға жеткіземін,- деді министр Зүлфия Сүлейменова.

Тұрғындардың бірі Семейде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мәселесі өте өзекті екенін жеткізді.

— Семейде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен үш кәсіпорын айналысады – «Семей тазалық» ЖШС, «Зеленстрой» ЖШС және «Хазипов» ЖШС. Бірақ үшеуі де бір адамға тиесілі немесе өзара әріптес. Кеңселері де, қызметкерлері де, есепшілері де — бір. Жуырда өткізілген тендерді тағы осы кәсіпорындар жеңіп алды. Тұрмыстық қалдықтар уақтылы шығарылмайтындықтан, қала көшелері қоқысқа толып кетті,- деді тұрғындардың бірі.

Министр бұл тақырып әлемдегі ең өткір мәселелердің бірі екенін және кешенді көзқарасты қажет ететінін атап өтті.

– Қоқыс шығаруға жергілікті атқарушы орган жауапты. Бірақ қалдықтарды кәдеге жаратудың және шығарудың иерархиясын сақтау керек. Біріншісі – қоқыстардың санын азайту, екіншісі – қайта пайдалану, үшіншісі – қайта өңдеу. Қайта өңдеуге келмейтіндер ғана полигонға жіберілуі керек. Өкінішке қарай, Семейде «Оператор РОП-тың» сұрыптау желісі іске қосылмай тұр. Әкімдік сұрыптауды ұйымдастырып, жалпы қайта өңдеу жүйесін ретке келтіру қажет. Экологияны қорғау – ортақ міндетіміз,– деді Зульфия Сүлейменова.

Абай облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Данияр Тоқтыбаев қалада қоқыс шығару мәселесі жақсарып келе жатқанын атап өтті.

– Облыс құрылғанға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару реттелмеген болатын. Экологиялық кодекстің талабы бойынша, біз бірінші кезекте орталықтандырылған қоқыс шығаруды ұйымдастырдық. Мердігер ұйымды анықтау үшін байқау өткіздік. Бұрын қоқыс апталап шығарылмайтын. Қазір жағдай жақсы жаққа өзгеруде, қала әкімдігі, қандай да бір себептермен қоқыс жиналып қалса, тұрғындардың өтініштеріне орай жауап береді,- деді Тоқтыбаев.

Кездесу барысында бұл мәселені шешудің жолдары, қалдықтарды өңдеудің жаңа технологиялары мен әдістерін енгізу, сондай-ақ қалдықтарды жинау және кәдеге жарату жүйесін жетілдіру мәселелері де талқыланды.

Сондай-ақ министр үкімет тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп жатқанын атап өтіп, Абай облысының тұрғындарын осы үдеріске белсенді қатысуға шақырды.

Осыдан соң министр БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, сауалдарына жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

7 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

7 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

11 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС