"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

05.07.2023
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Абай облысына іссапармен келді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов облыс тұрғындарымен кездесулерін Мақаншы ауылынан бастады. Сөз басында халық қалаулысы ауыл тұрғындарымен жүздесудегі басты мақсат сайлаушылармен кездесіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын жинау, халықтың мәселелерін шешуге жәрдемдесу, пікірлерін тыңдау және партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған облыстық Жол картасының орындалуын бақылау екенін атап өтті.

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Кездесу барысында Мақаншы ауылының тұрғыны Әбен Разуев Мақаншы ауданын құру жұмыстары тезірек қолға алынса деген ниетін білдірді.

— Ел Президенті Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мақаншы ауданын қалпына келтіру туралы шешім қабалдағанын айтқан болатын. 1997 жылы Семей облысының таратылуына байланысты Мақаншы ауданы жабылып, Үржар ауданына қосылды. Енді жеке аудан ретінде құрылуына барлық әлеуеті жеткілікті. Өңірде туризм, кен өндірісі, Қытаймен шекарадағы кеден бекеті арқылы сауда-саттық жақсы дамыған. Мақаншы ауданы құрылуы үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық мәселелер ыңғайластырып, өңірдің инфрақұрылымының дамуына тиісті қаражат қарастырылуы керек. Бұл жұмыстар, әрине, уақытты алады. Осы мәселені көпке созбай, шешуіміз қажет. Бұл бағытта тиісті ұсыныстар жіберетін боламыз. Ауданға қарасты әр елді мекен бойынша көтерілетін сұрақтар талқылануға салынып, тиісті қаражат бөлінгеннен кейін жұмыстар қолға алынатын болады, — деді Нұртай Салихұлы.

Ауыл тұрғыны Тұрғали Қалықжанов Мақаншыға газ құбыры тартылса деген ұсынысын жеткізді. Тұрғындарды сондай-ақ, ауылдық елді мекендерде шаруалардың негізгі айналысатын кәсібі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы болғандықтан, механизатор, мал бағушы сияқты ауыл шаруашылығына қажетті мамандардың жоқтығы да қынжылтады.

Депутат сайлаушылардың қойған сауалдарына жауап қайтарып, түсіндірме берді. Нұртай Салихұлы Парламентте елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту мәселесі көтерілгенін, ал газдандыруға қатысты сұраққа орай бүгінгі күні көгілдір отынмен қамту мәселесі энергетика министрлігінде қарастырылып жатқанын айтып өтті.

— Бұл сұрақ Үкімет сағатында ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту мәселесі көтерілгенде қарастырылған болатын. Жалпы, осы мәселе облыс бойынша қарастырылуда. Бұл облыс экономикасының барлық салаларын дамытуды қамтамасыз етуге, экологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың әлеуметтік деңгейін көтеруге және жеке үйлерде тұрудың жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігі өңірлерді газдандыруды өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізуде, — деп атап өтті мәжілісмен.

Нұртай Сабильянов тұрғындармен кездесулерден кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Үржар ауданына жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаты Малақ ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысымен, жұмыс барысымен танысты.

Ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Самат Маусымбаев Малақ ауылындағы су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салу жұмыстарына техникалық қадағалау қызметі бойынша конкурс нәтижесі қайта қаралып жатқанын, жұмыстар шешім шыққан соң басталатынын атап өтті. Желінің ұзындығы 8,933 шақырым, ұңғыманың тереңдігі 55 метр. Мердігер мекеме — «НАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілінің айтуынша, жұмыс қазан айына дейін аяқталады.

Мәжіліс депутаты келесі кезекте Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу, Айтбай, Таскескен ауылдары, Ақсуат ауданының Қызылкесік, Құмкөл, Танамырза ауылдары, Көкпекті ауданының Көкпекті, Шәріптоғай, Шұғылбай, Биғаш ауылдары, Жарма ауданындағы Шар қаласы мен Қалбатау ауылдары, Аягөз ауданының Тарбағатай, Сарыарқа, Қарағаш, Малкелді, Баршатас, Байқошқар ауылдарынның және Абай ауданының Қарауыл, Архат, Қасқабақ ауылдарының және Семей қаласының тұрғындарымен кездеседі.

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі

Мақалада: ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Ұқсас жаңалықтар

Жапония Премьер-министрі Қазақстан Президентінің ресми сапары екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді

18.12.2025
Жапония Премьер-министрі Қазақстан Президентінің ресми сапары екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді

– Сізбен жүздескеніме қуаныштымын. Осыдан 21 жыл бұрын Сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия + Жапония» форматындағы алғашқы жиыны өткен еді....

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді

18.12.2025
Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді

✔️Президент Қазақстан делегациясына қонақжайлық көрсеткен Санаэ Такаичиге ризашылығын білдірді. – Бұл сапар, шын мәнінде, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі....

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

18.12.2025
Мемлекет басшысы Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

Жапония, Токио қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды. 1920 жылы салынған кешен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының мүшелерімен кездесті

18.12.2025
Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының мүшелерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндо бастаған Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Достық лигасының қызметіне жоғары...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

18.12.2025
Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

Жапония, Токио қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Мемлекет...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

18.12.2025
Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

Жапония, Токио қаласы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды. Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жапония Премьер-министрі Қазақстан Президентінің ресми сапары екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді

12 часов бұрын

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді

12 часов бұрын

Мемлекет басшысы Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

15 часов бұрын

Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының мүшелерімен кездесті

15 часов бұрын

Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

15 часов бұрын

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

15 часов бұрын

1915 жылы салынған Семей вокзалы қайта жаңарып, аумағы кеңейеді

17 часов бұрын

Семейде заманауи картон қаптамалар цехы ашылды

17 часов бұрын

Берік Уәли аутизмі бар балаларды оңалтатын орталықтың жұмысымен танысты

17 часов бұрын

Олжас Бектенов денсаулық сақтау саласын цифрландыру және қаржылық тәртіп мәселесі бойынша кеңес өткізді

17 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС