"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Екі мыңға жуық адам қамыста тірідей өртенді»: Қазақтарды жуасыту ісі қалай жүзеге асты?

07.07.2023
«Екі мыңға жуық адам қамыста тірідей өртенді»: Қазақтарды жуасыту ісі қалай жүзеге асты?
2.6k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тарихи тақырыпта қалам тербеп жүрген Руслан Шынтас орыс офицерінің көтеріліске шыққан қазақтарды қалай басқаны туралы беймәлім естеліктерін жариялады, деп хабарлайды semeytany.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Мыңдаған қазақтың қалай қырылғаны жайлы жазба төбе шашты тік тұрғызады.

Түркістан қырғыздарын (қазақтарды) жуасыту деп аталатын лейтенант Станиславскийдің естеліктері 1927 жылы Болгарияның Перник қаласында эмиграцияда жүрген кезінде жазылыпты.

«…1916 жылы қыркүйектің басында Қазан әскери округінің штабынан бір офицерді іссапарға тағайындау туралы жеделхат келді, бірақ жас прапорщиктерден емес, соғыс көріп ысылғандардан. Мені Қазаннан Орынборға жіберді. Сол жерден бір генерал Ақтөбе гарнизоны бастығына аттандырды. Мен Ақтөбе гарнизонының бастығы полковник Солейге келгенімде ол:

— Сіз отряд алып, бүлікші қырғыздарды (қазақтарды — ред) тыныштандыруға барасыз. Бұл көтерілісті Қытайдан келген неміс агенттері ұйымдастырды. Қырғыздардың арасында олар қолдау тапты. 1916 жылы қырғыздардың жартылай мобилизациясы жарияланды. Олар бұған қатты наразы болды. Менде төрт пулемет, барлығы 300-дей адам болатын жаяу әскер ротасы және байланыс үшін 50-ге жуық казактар болды. Бізге су, консерві тиелген 50 түйе берді. Менде 18 бен 36 жас аралығындағы қырғыздардың барлығын әскерге жұмылдыру туралы бұйрық бар еді. Бұл өте қиын жұмыс болды. Мен бірінші кездескен, мығым қырғыздарды жинай бердім.

Қазан айының басында қырғыздар бізді алаңдата бастады. Олар бізді үнемі сырттан аңдып жүрді. Олардың салт аттылары алыстан көрініп, төбелерден кенет көтеріліп, қайтадан ізім-ғайым жоқ болып кетіп отырды. Кейде бұл салт аттылар тобы көбейіп 500-600 адамға жетіп отырды. Ондай кезде олар бізге шабуыл жасады. Біз керуенімізді тоқтатып, түйелерді жатқызып, пулеметтен оқ жаудырдық. Бұл оларға зиян тигізбесе де, моральдық әсері болды. Олар жойқын қаруға шыдай алмай, жаралыларын тастап, бірден құмға сіңіп кетіп отырды. Біз олардың жаралыларына қол тигізбедік. Бұл қорқынышты еді: шөлде қалып, түнде үсіп өлу (түндері өте суық болды) немесе аштықтан өлу.

Сағат түнгі 12 болды. Блиндаждардың бірінде атыс болып жатқанын естідім. Жан-жағыма байқап қарасам қараңғыда әлдебір сұлбалар жүгіріп келеді. Олар қырғыздар еді. Атыс басталып, қырғыздар қашып кетті. Мен өлтірілген 18 жауынгерімді санап шықтым. Кейін қырғыз пышақтарынан 30-ға жуық адам жараланғаны белгілі болды. Кейбір блиндаждардан ондаған мәйітті таптым. Ол жерде орыстар да, қырғыздар да болды. Қырғыздардың 20-25 адамы өлтірілді. Жақсылап ойланып, картаны қарап шығып, қырғыздардың соңынан қууға бел будым. Он версттей жерде ауыл бар еді, олардың осы ауылда екеніне сенімді болдым. Олар жатқан үйлерге бомба лақтырдық. Ақыры жиырма адамды, оның ішінде екі неміс нұсқаушысын қолға түсірдік. Қырғыздарды бірден атып тастадық, ал немістерді ертіп алдық. Өз тұрағымызға оралған соң бірден қолға түскен немістерден жауап ала бастадым. Олар өздерін қырғыз етіп көрсеткісі келді, бірақ бұл күлкілі еді. Қырғыздар мен немістерді ажырату өте оңай. Немістер бұан түк шықпайтынын білген соң, бәрін мойындады, ұлтын да айтты. Олар неміс армиясының офицерлері екені сөзсіз. Тұтқындарды он казакқа қосып Ақтөбеге жібердім.

Біз Әмудария өзенінің иілген тұсына қарай жылжып келе жатыр едік. Барлық әскер сол жерде — радиустар бойымен орталыққа жиналуы керек болатын. Қырғыздар Амудария өзеннен өтіп, Қытайға кетпекші.

Screenshot_9.jpg

17 қаңтарда Әмудария сағасына жақындадық. Қырғыздар ұзындығы 10–12 верст, ені бес верстке созылған қамыстың арасына тығылды. Біздің барлаушылар қамыс арасында қырғыздардың көп екенін, кем дегенде 40 мың адам екенін анықтады. Екі күн бойы жаудың көз алдында тұрдық. Түнде казактар біздің бекеттер арқылы өтпек болған үш немісті тұтқынға алды. Олардың барлығы қырғыз киімінде болды. Немістердің бірі өзін-өзі атып үлгерді. Ұсталғандар өздерін Қытайдағы неміс көпестері деп атады. Шытырман оқиғаға деген құштарлық оларды осындай оқиғаларға итермелепті-мыс. Әрине, бұл жай ғана сөздер. Олар көпестер емес, неміс офицерлері еді. Дәл сол күні олар атылды.

20 қаңтарда біздің бөлімшелер (4000-ға жуық жаяу және 500 атты әскер) қамысқа қарсы шабуылға шықты. Қамысты шабуылмен алу туралы шешім қабылданды. Алайда, нәтижеге жете алмадық. Қырғыздар қамыс арасынан мылтық пен пулеметтен оқ жаудырды. Біз шығынға ұшырай бастадық. Артқа шегінуге мәжбүр болдық. 20 қаңтарға қарай өзеннің қарама-қарсы жағалауын біздің әскерлер басып алып, қырғыздар қоршауға алынды. Біздің күзетшілеріміз түнде қоршауды бұзып өтпек болған қырғыздарды ұстады. Оларды бірден атып тастадық.

27-сі күні қамысты өртеу туралы шешім қабылданды. Көп ұзамай жалын тұтанып, қамыс отқа оранды. Қырғыздар оны сөндіруге тырысты, бірақ біз оқ атып жақындатпадық. Қырғыздар мұзға арқылы, өзеннің арғы бетіне өтуге талпынды. Бірақ біздің артиллерия мұзды атқылап жарып жіберді, ал қырғыздар суға батып кетті. Олардың аз ғана бөлігі, 4000-ға жуық адам өзеннен өтіп үлгерді, бірақ кейін оларды арғы беттен күтіп алған біздің пулеметтер толығымен жойды. 7 мыңға жуық адам тұтқынға берілді. 3000-ға жуық адамнан тұратын шағын топ қоршауды бұзын өтіп, солтүстікке, Сібірге қарай бет алды. Көптеген көтерілісшілер казак қылыштарынан, сондай-ақ біздің қарудан қаза тапты. Қайда қашарын білмеген көптеген қырғыздарды біздің артиллерия атып түсірді. 2000-ға жуық адам қамыста тірідей өртенді. Өртенгендердің арасында көптеген әйелдер мен балалар болды. Біздің казактар тұтқынға берілгендердің көбін қылышпен шауып тастады, барлығын дерлік жарып тастады. Тұтқынға түскендердің арасында 30-ға жуық неміс және 16 қытай болған.

Screenshot_8.jpg

Оларды да, басқаларды да атып тастадық. Қолға түскен қырғыздардың ішінде 1000-ға жуық әйелдер мен балалар болды. Оларды тағдырдың жазуымен айдалаға тастап кеттік. Соған қарамастан ер адамдар Ақтөбеге айдауылмен жөнелтілді. Ақтөбеден қырғыздар Оңтүстік-Батыс майданына окоп қазуға жіберілді. Көтерілісті басуға қатысқан жасақтардың барлығы солтүстікке жіберілді, ол жақта да осындай көтерілістің бірі жүріп жаты. Мені басқа іссапарға жіберді»

Лейтенант Станиславский.

Перник, 1927 жыл.

Мақалада: «Екі мыңға жуық адам қамыста тірідей өртенді»: Қазақтарды жуасыту ісі қалай жүзеге асты?

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

30.10.2026
Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

Абай облысында құрылыс сапасын бақылау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл өңірде жалпы құны 389,2...

Толығырақ...Details

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

30.10.2026
Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың жағдайын бақылау және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Толығырақ...Details

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.2026
Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

13 часов бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

13 часов бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

16 часов бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

16 часов бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

16 часов бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

16 часов бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

2 дня бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

2 дня бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС