"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Оқушыларды мектеп асханаларында қалай алдайтыны әшкереленді

27.02.2024
Оқушыларды мектеп асханаларында қалай алдайтыны әшкереленді
311
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаңа Үкімет шәкірттердің тәрелкесіндегі ботқа көлемін екі есе арттырудың жолдарын іздеуде, деп жазады Inbusiness.kz тілшісі.

Тікелей Президенттің тапсырмасы бойынша бүгінде мемлекеттік мектептерде 3 миллионнан астам оқушыға ыстық тамақ, соның ішінде 1,6 миллиондай оқушыға тегін тамақ беріледі.

Жас ұрпақты тамақтандыру сапасына ел басшылығының өзі назар аударды. Сондықтан ас сапасын арттыру мақсатында талаптар күшейтіліп, Тамақтануды ұйымдастыру қағидаларында жаңа міндеттер мен өлшемшарттар айқындалды.

Атап айтқанда, мектеп асханалары қызмет көрсеткенге дейін СЭС-тің қорытындысын алуы шарт.

Балалардың қалай тамақтанатынын бақылау үшін қоғамдық ұйымдар ата-аналармен бірлесіп, Бракераж комиссияларын құрғаны мәлім. Бұл комиссиялардың қызметі реттелді. Оған енді мектептің қамқоршылық кеңесінің, Ата-аналар комитетінің, мектеп әкімшілігінің, медицина қызметкерінің өкілдері кіреді. Асхана иесі комиссия қорытындысын орындауға тиісті.

Бұдан бөлек, білім басқармалары мен бөлімдерінде оқушыларды тамақтандыру бойынша ведомствоаралық сараптамалық топтар және олардың қызметіне қойылатын талаптар бекітілді.

Тағы бір жаңалыққа тоқталсақ, мектеп асханаларын ұстайтын жеке кәсіпкерліктер, компаниялар өз штатына қоғамдық тамақтандыру саласының технологын немесе технигін, диетологты, диеталық бикені (диетсестра) жұмысқа алуға міндеттелді.

Сондай-ақ, бүгінде тамақ дайындау жүзеге асырылатын ас блогында бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары қолға алыныпты.

Бұл шаралар «тамақтану сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар тамақтану мәдениетін жақсартуға бағытталған».

Алайда Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті анықтағандай, сала былықтан арылмапты. Тек 2023 жылы соттардың шешімдерімен қызметтер мен тауарлардың 4 жеткізушісі жосықсыз деп танылып, қара тізімге енгізілді.

Нақтылағанда, Қызылорда облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты өз шешімімен «N.DABIKOFF» компаниясын және «Мирманова Г» жеке кәсіпкерлігін, Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – «Турекулов Н.Т.» жеке кәсіпкерлігін, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Фирма Масал» ЖШС-ін жосықсыз жеткізуші деп танды.

Анықталмағандары, немесе білім бөлімдерімен ауыз жаласып, айыбын жасырғандары, тіпті соттағы даулары ұзаққа созылғаны қаншама?!

Сорақысы сол, Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне жүгінсек, бүгінгі таңда 735 ас блогы және 144 мектеп буфеті СЭС қорытындысын алмаған. Яғни, елдегі мектептердің 12,6%-ында жас ұрпаққа астан улану қаупі төніп тұр. Денсаумині бұл бұзушылықтардың басым бөлігі Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарында орын алып жатқанын айтып, дабыл қағуда.

Білім саласын бақылау жөніндегі аумақтық департаменттер жүргізген мектептерді тексерудің қорытындысы, яғни сонда анықталған былықтар естіген ата-ананың төбе шашын тік тұрғызары даусыз.

Оның бастыларына тоқтала кеткен жөн.

  • Негізінен, Алматы, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы және Алматы қаласындағы мектептердің асханалары өздеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамайды.
  • Абай, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Қызылорда облыстарында және Астана қаласында мектеп асханалары оқушыларды алдайды: тәрелкеге тағам порциясын бекітілген нормадан аз салады.
  • Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана мен Шымкентте мектеп буфеттерінде тыйым салынған өнімдерді сату деректері тіркелген.
  • Абай, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, тіпті елордада балаларға берілетін тамақтың сапасы мен қауіпсіздігін сақтауға арналған «тауарлық көршілік» қағидасы бұзылуда. Бұл қағиданың сақталмауы контаминацияға, ауру тудырушы бактериялардың өнуіне, азық-түліктің бөтен иіспен қанығуына, балалардың, ұстаздардың улануына соқтыруы мүмкін.
  • Тексерушілер Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау облыстарында мектеп асханаларында оқушыларға тамақтардың сынған ыдыстарға құйылатынын, ескірген жиһаздар пайдаланылатынын әшкереледі.
  • Абай, Ақмола, Түркістан облыстарындағы білім ордаларының асханалары өрт қауіпсіздігін сақтамайтын болып шықты.
  • Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары, тіпті Астана мен Алматы қалаларының мектеп асханаларында тамақтан тәуліктік сынамалар алынбайтын көрінеді.
  • Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстарында және Шымкентте мектеп директорлары өз ісіне салғырт қарап, әлде жауапкершіліктен қашып, оқушыларға арналған күнделікті мәзірді бекітпейтіні анықталды.
  • Көптеген мектептерде әлі күнге ауызсу бұрқақтары жоқ.
  • Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарының, Астананың, Шымкенттің біраз мектептерінің асханасы дайын өнімдердің бракераж журналдарын, шикі өнімді қабылдау журналдарын тауып, көрсете алмаған.

Алматы облысының Қарасай ауданындағы О.Жандосов атындағы орта мектепте мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдері пайдаланылып келгені белгілі болды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.

Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік желілерге мониторинг жасай келе, оқушылардың, ата-аналардың онда тамақтануды ұйымдастыруға қатысты теріс жарияланымдарды тұрақты түрде басатынын білді.

«Сондай-ақ әкімдіктердің жауапты басқармалары мен бөлімдері тарапынан тиісті бақылау мен ұдайы мониторингтің жоқтығы назар аудартады. Ал мектептегі тамақтану жүйесін жетілдіру – өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтаумен тікелей байланысты. Біздің міндетіміз – осы мақсатты сапалы әрі тиімді орындау болуға тиіс», – деген ұстанымда Оқу-ағарту министрлігі.

Бұл салада басқа тұрғыдағы былықтар да көп көрінеді. Қазақстанның мектепте тамақтандыру кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Салтанат Лесбаеваның айтуынша, бизнес үшін шенеуніктердің тудырған шырғалаңы жетерлік. Білім мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастырудың және балаларды тамақпен қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алудың қағидаларына жаңа түзетулер былтырғы 25 желтоқсанда қабылданды. Өзгерістер 7 қаңтарда күшіне енген.

«Салдарынан, бүгінде асханаларға қатысты мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу мүмкін болмай қалды. Өйткені ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші тендердің қорытындысын шығара алмайды: бұрынғы қағидалар күшін жойды, тиісінше, балл қойып, жеңімпазды ескіше анықтау заңсыз болады. Мемсатып алулар порталында жаңа қағидалар бойынша конкурс өткізу үшін қажетті жаңа функционал әзірге іске қосылған жоқ», – деді сарапшы.

Оның пікірінше, асханаларға қатысты келеңсіздіктердің, бұзушылықтардың бір бөлігіне сауатсыздық салдарынан да жол беріледі.

«Мысалға, жергілікті жерлерде мектеп директорлары, бухгалтерлер нені талап ету қажеттігін, балаларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты нормалар мен ережелерді толыққанды біле бермейді. Көптеген мектептердің елеулі бұзушылықтарға жол беруінің бір себебі де осында болса керек. Бұдан балалардың да, бизнестің де заңды мүдделерін бұзу жағдайлары орын алады. Ақыр соңында соның бәрі көрсетілетін қызмет сапасының құлдырауына ықпал етеді», – деді Салтанат Лесбаева.

Бизнесмендер тендерлерді балаларды тамақтандыру саласынан алыс жатқан фирмалар да ұтып алатынына шағымданады.

Сондай-ақ еліміз бойынша, ең құрыса әр облыс үшін ортақ «балалар менюі» бекітілсе деген ұсыныс енгізіліпті. Әйтпесе, әр мектепте ас мәзірі әрқалай, әркім өзі қалаған азық-түлік түрін қосады. Заңнама әр жастағы балалардың салмағына шаққандағы тамақ порциясын реттейді.

Қарағанды облыстық прокурорының аға көмекшісі Анна Рудавинаның айтуынша, Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен, қазіргі кезде еліміздің барлық білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді тексерістер жүргізілуде. Бұл тексерісті жан-жақты жүргізу үшін оған әр саланың маманы тартылыпты.

«Соның аясында асханалар мен буфеттерде жұмыс істейтін кәсіпкерлер де тексеруге ілікті. Қалалар мен аудандар прокурорлары тиісті мамандарды жұмылдырып, барлық нормалардың сақталуын анықтап жатыр. Ешкім де мектептердің шаруашылық қызметіне, бизнестің ішкі ісіне араласпайды. Тексеріс қорытындысында оларға баға беріледі. Мектептерден кейін балабақшаларда тексерістер басталады. Оның барысында тізімі нақты белгіленген түрлі мәселелер қаралады. Тексерушілердің келетіні туралы кәсіпкерлерге алдын ала хабарланады», – деді прокуратура өкілі Анна Рудавина.

Тексерістер не нәтиже әкелетіні белгісіз. Олар бұрын да жүрген, Алайда балаларды тамақтандыру саласында жемқорлық жойылмағандықтан, мектептер мифологиядағы былыққа әбден батқан «Авгийдің атқорасына» айналып барады.

Оқу-ағарту министрлігі кейінгі жылдары республика бойынша балалардың бюджеттен өтелетін тегін тамағының құнын екі есе арттырды. Алда тағы арттырылмақ. Нәтижесінде республика бойынша орташа құны 577 теңгені құрауы мүмкін. Алда ең жоғарғы бағасы Алматыда болады: 800 теңге.

Салыстырсақ, мысалы, 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында 1–4 сынып оқушыларына ыстық тамақ беру үшін бюджеттен әр балаға небары 144,86 теңге қаражат бөлінетін.

Дегенмен, берілетін бюджет қаражаты екі есе өскенімен, содан бері оқушының тәрелкесіндегі сорпасы мен ботқа-кашасының көлемі екі есе ұлғайған жоқ. Бәлкім, оның бір бөлігін жемқорлап «жеп» қоюы ғажап емес.

Инфляцияның белең алғанын, барлық азық-түлік бағаларының ары қарай қымбаттағанын, коммуналдық тарифтердің жаппай көтеріліп жатқанын ескерсек, бұл өсім де ас көлемін арттыруға жетпеуі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

1 день бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

1 день бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

1 день бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

3 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

3 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

3 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС