"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысына арналған баспасөз мәслихаты өтті

26.06.2024
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысына арналған баспасөз мәслихаты өтті
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысына арналған баспасөз мәслихаты өтті, — деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Жиынға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Маратұлы Жарасбаев, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Фаридұлы Нұров, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Құтжанұлы Есентаев қатысып, журналистер сұрағына тұшымды жауап берді.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевсөзін көшпенділер ойындарына дайындықтың аралық қорытындысынан бастады.

«Ең алдымен, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастырушылар құрамына Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі, Дүниежүзілік этникалық спорт түрлері конфедерациясы, Түркі мемлекеттерінің ұйымы және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы кіргенін айтқым келеді.

20 маусымда ЮНИСЕФ (БҰҰ Балалар қоры) пен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. ЮНИСЕФ 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми серіктесі мәртебесіне ие болды»,- деді Серік Жарасбаев.

Туризм және спорт вице-министрінің айтуынша, спорт ғимараттарының басым бөлігі жарыстарды өткізуге дайын. «Алау» мұз сарайы мен «Астана Арена» стадионында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, олар 15 тамызда аяқталады деп күтілуде. «Қазанат» ипподромындағы құрылыс жұмыстары шілде айында аяқталады деп жоспарланған.

Көктемгі ауқымды су тасқынына байланысты Мемлекет басшысының, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды қысқарту қажеттігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында Ойындар бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Ойындардың ұзақтығы бір күнге қысқарып, 8-13 қыркүйек аралығында өтетін болды. Қатысушылар мен елдер саны да азайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлемнің 100-ден астам елінен 4000 қатысушы қатысады делінген болса, енді қатысушылардың саны 2000-нан асады деген жоспар бар. Бүгінге дейін 89 мемлекет Ойындарға қатысатынын растады. Бруней-Даруссалам, Либерия, Венесуэла, Ирландия, Доминикан Республикасы, Гамбия сияқты елдер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр.

Корей күресі Ссирым спорттық бағдарламадан шығарылды. Бірқатар спорт түрлері бойынша салмақ категориялары да азайтылды. «Ұлы дала жорығын» қоспағанда, спорттың 10 түрінен тұратын арнайы қойылымдар ойындар бағдарламасынан толығымен алынды. Сонымен қатар, Қырғызстан мен Татарстан Республикаларының басшылықтарының өтініштері бойынша, ойын бағдарламасына Көк бөрі және «Көрәш» енгізілді.

«Шығындарды оңтайландыру бойынша барлық шараларды жүзеге асыра отырып, бастапқы бюджеттен 1,7 млрд үнемдедік. Осыған қарамастан, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Астанада жоғары деңгейде өткізу үшін демеуші ретінде қазақстандық және шетелдік компанияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деп мәлімдеді ҚР Туризм және спорт вице-министрі.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас серіктесі — «Қазақстан Халық банкі» АҚ, ALAGEUM ELECTRIC электротехника компаниясы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі атанғанын мәлімдеді.

«Серіктестер мен демеушілер бөлген жалпы құны 253 250 002 теңгені құрайтын қаражат жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлық ретінде үлестіруге, сондай-ақ Ойындарға қатысушылардың әуе билеттеріне, марапаттау салтанаты өткізілетін алаңдарды дайындауға, естелік медальдар мен сертификаттарды дайындауға жұмсалады», — деді дирекция басшысы.

Дирекция жетекшісі көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне табысталатын медальдарды да таныстырды.

«Медальдің ортасында көшпелілер өркениетінің белгісі — ат үстіндегі Күн басты адамның таңбасы бар. Медальда спорт, мәдениет, ғылым салаларын қамтитын негізгі 3 символ бедерленген. Осының барлығын Қазақстан халқының бірлігін білдіретін Шаңырақ көмкеріп тұр», — деп сөзін қорытындылады Наиль Нұров.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев спорттық бағытта атқарылған маңызды жұмыстарға тоқталды.

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алаңында 370 төреші 21 спорт түрі бойынша төрешілік қызмет атқарады. Сондай-ақ, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел құрамасы сапында өнер көрсететін спортшылар мен спорттық жылқылардың функционалдық және психологиялық жағдайын бақылау үшін  ветеринар, биолог, генетик, спорттық психология және медицина мамандарының жетекші ғалымдарынан тұратын екі кешенді ғылыми топ құрылды».

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

5 дней бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

5 дней бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

5 дней бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

5 дней бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

5 дней бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

5 дней бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

5 дней бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

5 дней бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

5 дней бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС