"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

05.02.2025
ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ел қазынасы ортайып, Ұлттық қор трансфертіне мұқтаждық артты. Еселеп өскен шығынды салық түсімдері жаба алатын емес. Билік осы теңгерімсіздікті түзеу мақсатында қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін арттырамыз деп отыр. Бұл ұсыныс төңірегінде қоғамдық пікір екіге жарылды. Бірі «бизнеске қысым күшейеді» деп алаңдаса, екінші тарап «салық әділ бөлінсе, мемлекет өркендейді» дейді. Көзқарас сан алуан, ал басты сұрақ – бұл өзгеріс­тер елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ете ала ма?

 

ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

Инфляциялық шок қысқамерзімді болады

Қаржыгер Андрей Чеботарев бұл реформаны ертерек қолға алу қажет еді дейді.

– Кейінгі бірнеше жыл бойы бізде салық мөлшерлеме­лері өте төмен болып келді. Бірақ ешқандай нақты қадам жасалмады. Енді бюджет тапшы­лығы асқынған кезде, Үкіметтің басқа амалы қал­май отыр. Салық мөлшерлемесін күрт көтеру мен табыс шегін төмендетудің қисыны бар. Бұл, сөзсіз, инфляциялық шок тудырады, бірақ ол қысқамерзімді болады әрі жылдам басылады, – дейді ол.

р

Қаржыгер салықтық жеңілдік­терге қойылатын шекті деңгейдің төмендеуі (78 млн-нан 15 млн теңгеге) бизнесті көлеңкелі экономикадан шығарады деп отыр.

– Кейбір сарапшылар бұл кері әсер беріп, «көлеңкелі» бизнестің күшеюіне алып келеді деген пікір­де жүр. Алайда біз қазірдің өзінде нарықтағы «бөлшектеу» құбы­лы­сын байқап отырмыз. Мысалы, мей­рамхана, дәріхана мен дүкен­дерде бірнеше касса орнату ар­қы­лы кәсіпкерлер салықтан жал­тару­ға тырысып бағуда. Жаңа шарттар аясында, әрине, кейбір кәсіпкерлер «көлеңкеге» кетеді. Бірақ цифрландыру заманында ондай астыртын әрекетті байқамай қалу мүмкін емес. Оған қоса төмендетілген шек бизнестің толық жасырынуына мүмкіндік бермейді, – деді.

«Экономикалық зерттеулер институты» Фискалдық саясат орталығының директоры Ксения Загал ҚҚС мөлшерлемесінің артуына байланысты бизнестің қосымша шығындары пайда болатыны сөзсіз дейді.

ро

– Осы әсерді жұмсартуға Үкі­мет еңбекке ақы төлеу қорына салынатын салықтық жүктемені айтарлықтай төмендету арқылы бұл шығындардың бір бөлігін өтеуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл бизнестің қаржылық жағ­дайын жеңілдетуге әрі эко­но­микалық белсенділікті қол­дау­ға көмектеседі. ҚҚС мөл­шер­ле­месінің өсуі тауарлар мен қыз­мет­тердің түпкілікті құнына әсер етуі мүмкін. Аталған реформа аясында әлеуметтік көмек, жа­ла­қы мен зейнетақының инфля­ция деңгейіне қарай индек­сациясы қарастырылған. Бұл халықтың әлеуметтік осал топта­рын қолдап, бағаның өсуіне бай­ла­нысты жағымсыз әсерлерді азай­туға мүмкіндік береді. ҚҚС мөл­­шерлемесінің артуы инфля­ция­ға қысым жасайтыны рас, бірақ бұл қысқамерзімді әсер болмақ. Ортамерзімді кезеңде эко­­номика жаңа жағдайларға бейім­­деліп, қосымша бюджет кіріс­тері есебінен нақты секторды да­­мытуға, бизнеске қо­лай­лы жағ­дай жасауға жол ашылады, – дейді ол.

 

Баспасөз салықтан босатыла ма?

Бұл салық дегеніңіз өндіріс, өндіріс емес деп бөліп-жармай, қызмет көрсетіп, табыс та­уып отыр­ған кез келген ұйымға салы­на­тын­дықтан оның ішінде медиа саласы да кіреді. Ақпарат тара­тушы мекемені кәсіпорын, дүкен­дермен қатар қою қисынға соқпайтын секілді. Осы тұрғыда баспасөзді ҚҚС-дан басы бүтін босату туралы ұсыныс қылаң береді. Мұндай ұсыныс 2019 жылы айтылды да. Одан бері де медиаменеджерлер баспасөзге ҚҚС салқынының қаттырақ тиетінін айтып жүрді.

Біраз уақыт бұрын Мәжіліс депутаты Айдос Сарым газеттерге салықтық жеңілдіктер беру жа­йын көтерді.

«Салық кодексіне баспа мәсе­ле­­сіне, газет, журналдарға салық­тық жеңіл­дік беру мәселесін енгізуді көтеріп отырмыз. Біз есептеп көр­дік, газет, кітап бизне­сі­нің ортақ салыққа салатын қар­жы­сы көп емес. Руханиятты да­мыт­қымыз кел­се, қолдау білдіру қа­жет», дейді депутат. Жалпы бәріне бір өлшеммен қарамай, әр сала­ның ерекшелігін де ескеру керек секілді.

 

Лаффер қисығы не дейді?

Сарапшы Аякөз Ханет ҚҚС мөл­шерлемесін 12%-дан 20%-ға дейін арттыру бастамасына бір­қатар елдерге жасалған эмпи­ри­калық зерттеулер көзімен қарап көрген. Оның айтуынша, қазірдің өзінде біздің бюджеттегі салық түсімдерінің төрттен бірі – ҚҚС. Бірақ қосылған құн салығының мөлшерлемесін көтеру салық түсімдеріне әрдайым оң әсер ете бермейді. Бұл құбылысты түсіндіру үшін экономистер Лаффер қисығы ұғымына жүгі­неді. Оның мәні – салық мөл­шер­ле­месі белгілі бір шекке дейін өскенде салық түсімдері артады, бірақ осы шектен асқанда салық түсімдері ке­рі­сін­ше, төмендей бас­тайды. Себебі тым жоғары салық бизнеск­е ауырт­палық салып, «кө­лең­­келі» эконо­ми­каға көшуге немесе тұ­тыну мен инвестицияны қыс­­қар­туға мәж­бүр­лейді.

ап

– «Laffer Curves» (Лаффер қисығы) тұжырымдамасы салық мөл­шерлемесі мен салық түсім­дері арасындағы байланысты көрсетеді. Қисық-дөңес пішін­де болады (Ո). Бұл дөңестің тура ортасындағы нүкте «салық мөлшерлемесінің максимумы», яғни бұл нүктеге дейінгі көте­ріл­ген мөлшерлемедегі салықтан тү­сімдер артады, ал сол нүктеден бастап түсімдер азаяды. Бас­тысы осы «нүктеден» қателеспеу керек. Әйтпесе қауіпті аймаққа өтіп кетеміз. Бізде ҚҚС-ны бірден 67%-ға өсіру, бұл – «фискалдық шок». Әдетте, мұндай реформалар жасау үшін тек одан ке­ле­тін түсімдерді ғана емес, бұл «шоктың» қаншалықты оптимал көрсеткіш екенін дәлелдейтін модель, экономикаға қандай импульс беретіні сарапталған талдау жұмысы болуы қажет, – дейді экономист.

1995–2011 жылдары Еуропа Одағындағы 27 елдің тәжірибесі көрсеткендей, ҚҚС мөлшерлемесін арттырған сайын салық түсімдері де артқан, бірақ бұл үрдіс әрдайым тұрақты болмаған. Экономикалық циклдің кезеңдері де маңызды рөл атқарған. Экономика өсіп тұрған кезеңде – халықтың табысы мен тұтынуы артады, кәсіпорындардың айналымы өседі. Осы кезде ҚҚС мөл­шерлемесі өзгермесе де, салық түсімдері көбейеді. Рецессия кезеңінде – тұтыну төмендейді, бизнес қиындықтарға тап болады, тиісінше, салық түсімдері де азаяды. Егер дәл осы кезде ҚҚС мөлшерлемесін көтерсе, тұты­нушылардың реакциясы өте жылдам болады. Олар шы­ғын­дарын күрт азайтып, бизнес те инвестицияларын қыс­қартады. Осылайша, салық түсім­дері күтілгендей артпай, кері­сін­ше, төмендеуі мүмкін. Бұл эко­но­микалық тоқырау ке­зеңінде Лаффер қисығының өзгеретінін, салық түсімдерінің салық мөлшер­ле­месіне әлдеқайда сезім­тал болатынын көрсетеді. Яғни салық саясатында экономиканың қай кезеңде тұрғанын ескермеу кері әсер етуі бек мүмкін.

– ҚҚС мөлшерлемесін көтеру тұтынуға, бизнестің ашық­­тығына айтарлықтай ықпал жасайды. Бұл әсерлер негізінен тұ­ты­нушы мінез-құлқының өзге­руі­не, өндірістің қысқаруына, көлеңкелі экономиканың өсуіне, инфля­­­цияның жеделдеуіне және эко­но­микалық сенімнің төмен­деуіне байланысты. Әсіресе тұты­ну­ға әсері мол. ҚҚС – тұтынуға салынатын салық болғандықтан, оның мөлшерлемесі көтерілген сайын тауарлар мен қызметтердің бағасы қымбаттайды. Бағалардың өсуі халықтың сатып алу қабілетін төмендетеді. Тұтынушылар қо­сым­ша әрі қымбат тауарларды сатып алуды қысқартып, тек ең қажетті тауарлар мен қыз­мет­терге ақша жұмсайды. Нәти­же­сінде сұраныстың төмен­деуі өн­ді­ріс көлемін азайтады, ал бұл өз кезегінде экономиканың өсуін тежейді. Егер тұтыну қатты қыс­қарса, мемлекет «салық тұза­ғына» (tax trap) түседі, яғни салық мөл­шерлемесін көтер­ге­німен, түсім­дер төмендейді, – дейді сарапшы.

 

Кәсіпкерге кедергі көп

ҚҚС-ны жоғарылатудың негізгі тәуекелдері – ресми тіркел­меу, қол­ма-қол есеп айырысу, құжа­тсыз сату және салық есептілігін бұрмалау. «Friends» бизнес-қауым­дастығының өкілі Дмитрий Казанцев Үкімет айтып отырған ресми инфляция көрсеткіштері шынайы жағдаймен сәйкес келе бермейді дейді.

пр

– Қазір кәсіпкерлер белгісіздік жағдайында өмір сүріп жатыр. Бизнес өкілдерінің пікіріне құлақ асу, олармен ашық диалог жүргізу де кемшін түсіп тұр. Мемлекеттік органдар бизнес өкілдерімен кеңеспей, маңызды реформаларды өз бе­тімен қабылдаса, бұл бизнестің бо­лашаққа деген сені­мін азайтуы ық­тимал, – дейді Дмитрий.

Оның сөзінше, салықтан толық жалтару мүмкін емес. «Кәсіп­кер­лер заңсыз табысын ерте ме, кеш пе жұмсайды, ал мем­лекеттік органдар ақшаның қайдан келгенін бақылап отырады. Сондықтан «көлеңкелі» аймаққа кету – ұзақ­мер­зімді перспективада пай­дасыз. Нәтижесінде, бизнес заң­дастыруға мәжбүр болады, ал тұты­нушыларға тауарлар мен қыз­меттердің бағасы қымбат­тай­ды» дейді сарапшы.

 

Нарықтың жаңа жағдайларға бейімделуін күту ғана қалды

Қазақстан Қаржыгерлер қа­уым­­­­дастығының хабарлауын­ша, бюджет-салық жүйесін ре­фор­­малау барысында инфляцияны тежеудің қосымша шаралары қарастырылуы мүмкін. Мысалы, ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толтыру, шағын бизнесті бейімделу кезеңінде қолдау үшін өндіріс секторында жеңілдіктер ұсыну деген секілді.

– ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі өте күрделі мәселе, өйткені ол тұтынушыларға да, бизнеске де маңызды. Тұтынушылар бір тауар мен қызметке бұрын­ғы­дан көп төлеуге мәжбүр болады, ал бизнес бухгалтерлік шығын­дар­дың артуына, жиынтық сұра­ныс­тың әлсіреуіне тап болады. Қуантарлығы, Үкімет жалақы қорына жүктемені 40%-дан 30%-ға дейін төмендететінін жариялады және ҚҚС-ны көтеруден күтілетін түсімдерді экономикалық өсуді ын­таландыруға, инфрақұры­лым­ды дамытуға, басым салалардағы пер­спективалы бизнес-жобаларды қолдауға бағыттауды жос­парлап отыр. Осылайша, кері әсерді азайтуға арналған алғаш­қы қадамдар анық көрінеді. Неғұрлым шынайы сценарий – нарықтың жаңа жағдайларға бейім­делуін күту. Сонымен қа­тар жиынтық сұраныс, сәйке­сін­ше инфляция, тауарлар мен қыз­меттердің түпкілікті баға­сы­ның өсуіне байланысты бәсең­деуі мүмкін. Яғни салық мөл­шер­лемелерін көтеруге жауап ретінде экономикалық сұ­р­анысты қосымша тежейтін қа­жеттілік болмайды, – деді ҚҚҚ сарапшысы Рамазан Досов.

пр

Сарапшылар қауіпті аймақ­қа өтіп, салық тұзағына түсіп қалмас үшін, салықтық әкім­ші­лен­діруді жақсарту керек дейді. Бұл мөлшерлемені көтеруден гөрі көбірек нәтиже береді. Соны­мен бірге бюджеттегі тиімсіз шығындардан арылу, биз­нестің ашық жұмыс істеуін ынталандыратын шаралар қабылдау, заңсыз әрекеттердің (жемқорлықтың) алдын алуға бағытталған бастамаларды күшейту арқылы салық тәртібін жақсарту, азаматтардың салық жүйесіне деген сенімін арттыру, дифференцияланған мөлшерлемені енгізу маңызды.

Ұқсас жаңалықтар

Көкпекті халқы таңдаған әкім: Нұрбек Қошқарбаев қызметіне кірісті

26.12.2025
Көкпекті халқы таңдаған әкім: Нұрбек Қошқарбаев қызметіне кірісті

Semeytany.kz - «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңына сәйкес 2025 жылдың 26 желтоқсанынан бастап Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев Көкпекті ауданының әкімі қызметіне...

Толығырақ...Details

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

26.12.2025
Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

2025 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру және азаматтардың мерзімді...

Толығырақ...Details

Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

26.12.2025
Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

Ел Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде туризм және спорт салалары бойынша 2025 жылды қорытындылады. Сонымен қатар спорт саласының...

Толығырақ...Details

Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

26.12.2025
Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

2025 жылы еліміздегі 8 негізгі курорттық аймаққа инвентаризация жүргізілді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау...

Толығырақ...Details

Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

26.12.2025
Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

2025 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі қонақ үй қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған қонақ үйлерді классификациялау жүйесін жаңарту жұмыстарын жүргізуде....

Толығырақ...Details

2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді

26.12.2025
2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді

2025 жылы Қазақстан ірі халықаралық спорттық жарыстар өтетін алаңға айналды. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Көкпекті халқы таңдаған әкім: Нұрбек Қошқарбаев қызметіне кірісті

2 дня бұрын

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

2 дня бұрын

Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

2 дня бұрын

Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

2 дня бұрын

Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

2 дня бұрын

2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді

2 дня бұрын

Қазақстан халықаралық спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейтуде

2 дня бұрын

2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді

2 дня бұрын

2 метр 10 сантиметр: Қазақстандағы алып сарбаз – бойдың ұзындығы қызметке кедергі емес екенін дәлелдеді

2 дня бұрын

МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС