"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Әзербайжан емдеу-сауықтыру кешенін салады

Әзербайжан Алакөл көлінің жағалауында халықаралық деңгейдегі емдеу-сауықтыру кешенін салуды көздеп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли мен Қазақстанның Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Әлім Байелмен кездесу барысында айтылды.

08.08.2025
Әзербайжан емдеу-сауықтыру кешенін салады
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Кездесуге Әзербайжан-Қазақстан Іскерлік кеңесінің төраға орынбасары, Түркі кәсіпкерлер қауымдастығы басқарма кеңесінің төрағасы Аслан Кунияров, Әзербайжан инвестиция холдингінің,  Әзербайжан бизнесті дамыту қорының өкілдері қатысты»,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әзербайжандық делегация Алакөл жағалауында жыл он екі ай жұмыс істейтін халықаралық емдеу-сауықтыру кешенінің құрылысын салу жөнінде ұсыныс жасап, инвестициялық жобаны таныстырды. Кешен бір мезетте 800 адамға дейін қабылдай алатын туристік нысан болмақ. Жобаның инвестициялық көлемі – 20 миллион АҚШ доллары. Кешен іске қосылған кезде 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар бұл жоба өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, жергілікті бюджетке түсетін салық көлемін ұлғайтып, медицина мен демалысты тоғыстырған жаңа кластер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

— Бүгінде Әзербайжан мен Қазақстан одақтастықтың жаңа деңгейіне шықты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Әзербайжанға үш рет ресми сапармен барды. Мемлекет басшысы алдымызға Әзербайжан елімен экономикалық байланыстарды нығайтып, өндіріс, туризм салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде нақты міндет қойды. 2024 жылы Қазақстан-Әзірбайжан бірлескен инвестициялық қорын құрдық. Егер Алакөл жобасы сәтті жүзеге асса, бұл аталған қор аясында іске асатын алғашқы жобалардың бірі болмақ,- деді Әлім Байел.

Аймақ басшысы туристік жобаның өңір үшін маңызды екенін атап өтті.

— Қазақ пен әзербайжан – тарихы бір, тамыры ортақ туысқан ел. Бізді біріктіретін, бауырластыратын ортақ дүниелер көп. Біздің облысымызға осындай тамаша ұсыныспен келгендеріңізге, ауқымды туристік кешенді біздің аймақта салуға ниет білдіргендеріңізге қуаныштымыз. Қазіргі таңда Алакөл туристік аймағының бас жоспары әзірленіп жатыр. Сол жерден орын бөлуге дайынбыз. Әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетілетін болады,- деді облыс әкімі.

Баян ТӨЛЕУҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

15 часов бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

16 часов бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

16 часов бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

1 день бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

1 день бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС