"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай әулеті: текті тарих пен үзілмеген рухани сабақтастық

12.08.2025
Абай әулеті: текті тарих пен үзілмеген рухани сабақтастық

Сурет: e-history

59
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeitany.kz — Абай – ұлттың ғана емес, тұтас әулеттің рухани өзегіне айналған тұлға. Оның арғы тегі Арғынның Тобықтысынан тарайды: Ырғызбай би – әділдігімен, Өскенбай би – тура билігімен танылған. Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы XIX ғасыр ортасында Қарқаралының аға сұлтаны болып, билік, дін, дәстүр тоғысында елге қызмет етті. Төрт әйелінен тараған ұрпағы ішінде Абай (Ұлжаннан) – әулеттің ең жарқын өкілі.

Құнанбай әулеті мен жақындары

Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден – Құдайберді (оның ұлы – ойшыл Шәкәрім), Ұлжаннан – Абай, Тәкежан, Ысқақ, Оспан; Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады, Нұрғанымнан перзент қалмаған. Ысқақтың ұлы Кәкітай Абай мұрасын жинап, 1909 жылы Петерборда кітап боп шығуына ұйытқы болды.

Абайдың балалары мен өнер мұрасы

Ділдәдан – Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Мағауия және қыздары; Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, тағы перзенттер бар. Әмеңгерлікпен алған Еркежаннан бала болмаған. Ақылбай «Дағыстан», «Зұлыс», «Жаррах батыр» поэмаларын жазды (толығырақ сақталғаны – «Дағыстан»). Абайдың үміт артқан Әбішінен ұрпақ қалмады. Мағауияның ұл-қыздары: Уәсила (Абайдың қолында тәрбиеленген, «Боздағым» жоқтауы енген), Құтайба, Жағыпар, Кәмилия, Бабыр. Кәмилия 1917 жылғы Ойқұдықтағы алғашқы қойылымда Еңлікті ойнап, кейін Мұхтар Әуезовпен отбасын құрған. Бабыр майданда қаза тапты. Тұрағұлдан – Ақыш (Ақылия), Қалиман, Жебірейіл, Зүбәйір, Мәкен тарайды. Мәкен Тұрағұлқызы Абайдың 17 әнін және әулет ән-әуендерін ғылыми институтқа өткізіп, мұраның сақталуына айрықша еңбек сіңірді.

Абай әулеті: текті тарих пен үзілмеген рухани сабақтастық
Тұрағұлдың отбасы. Солдан оңға қарай: Бірінші қатарда Зұбайыр Тұрағұлұлы, Қабыш Оразбайұлы; отырғандар: Жебрәйіл Тұрағұлұлы, Ахмет Әуезұлы, Өміртай Ақбердіұлы, Тұрағұл, алдында қызы Мәкен, жанында әйелі Сақыпжамал, оның алдындағы немересі Алпаш (Жебірәйілдің ұлы), Жебірәйілдің әйелі Райхан; түрегеп тұрғандар: Қабыш Тұмабайұлы, Құсайын Әкімбайұлы, Ағзам Әуезұлы, Ұлықбек Мұқаметжанұлы. Сурет 1924 жылы Семей қаласында түсірілген.

Немерелер тағдыры

Ақылбайдың балалары: Әлімқұл (шаруашылық иесі), суырыпсалма әрі жазба ақын Әубәкір (кеңестік қуғынға ұшырап, жер аударылып қаза болған), Сағадат (қыздарға сауат аштырған, ерте дүние салған), Бәкизат (мәдени орта белсендісі), Исраил (Жидебайдағы музейде домбыра оркестрін құрған), Рухия (жастай өмірден өткен). Мекайылдан Құзайыр мен Қалышер (кей деректе – Әлішер) – екеуі де соғыстан оралмаған. Ән мен театрға бейім Ізкәйіл 1917 жылы «Еңлік-Кебекте» Кебекті ойнаған; оның ұлы Тоқташ Бірінші дүниежүзілік соғыста қаза болды.

Шәкәрім әулеті

Абайдың немере інісі, ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы – саяси қуғын-сүргін құрбаны. Балалары Ғафур, Ахат, Зият, Нәзіпа, Гүлнар да жазалау мен жер аударуды бастан кешті. Ахат әке аманатын сақтап, мұрасын хатқа түсіріп, ұрпаққа жеткізді.

Сабақтастықтың өзегі

XX ғасырдың қуғын-сүргіні мен соғыстары әулеттің еркек кіндікті тармақтарына ауыр соққы болды. Соған қарамастан, Абайдың мұрасы қыз-келіншек желісі арқылы, ән-әуен, естелік, қолжазба, жәдігер жинау дәстүрімен сақталды. Музейлерге тапсырылған құжаттар мен естеліктер абайтанудың негізгі дерекқорын құрап, ақынның әдеби, музыкалық, отбасылық қырларын кешенді зерттеуге жол ашты. Абай әулетінің өмірі – ұлт жадын сақтаудың, мәдениет пен әділет идеясына адал қызмет етудің үлгісі.

Ақпарат «Qazaqstan tarihy» e-history порталынан алынып, өңделді.

Мақалада: АбайАбай әулетіҚұнанбайТұрағұлШәкәрім

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

13 часов бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

14 часов бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

14 часов бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

1 день бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

1 день бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС