"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ТАЛДАУ МЕКТЕБІНІҢ» ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

19.08.2025
«ТАЛДАУ МЕКТЕБІНІҢ» ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада өңірімізге Сенат жанындағы Сарапшылар клубының мүшелері мен «Талдау мектебі» жобасының түлектері келіп, Семей  қаласының белсенді жастарымен, жас мемлекеттік қызметшілермен және  оқытушылармен кездесті.

Гүлім ЗАМАНБЕКҚЫЗЫ,
«Semey tany»

Кездесу барысында спикерлер қоғамның әр саласы бойынша маңызды аспектілерге тоқталып, қатысушыларға мазмұнды ақпарат берді. Сонымен қатар мемлекеттік мемлекеттік басқарудағы сараптаманың маңызы, Сенаттың қоғамдық жобалары, қаржылық сауаттылықты арттыру, жасанды интеллектімен тиімді жұмыс істеу әдістері, сондай-ақ табысты маман болып қалыптасу жолдары секілді мәселелер талқыланды.

Жиында мемлекеттік басқару, БАҚ және азаматтық сектордағы аналитикалық тәсілдерді күшейтуге бағытталған  «Талдау мектебінің» жобасы таныстырылды. «Талдау мектебі» қоғамдық жобасы мемлекеттік қызметте, бизнесте, халықаралық ұйымдарда және басқа да салаларда жұмыс істейтін жас мамандардың талдамалық дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді. Бұл жобаға кез келген адам байқау арқылы қатыса алады.

Жиында сондай-ақ жас сарапшылар клубының жұмысы таныстырылып, бастамалары туралы айтылды. Сенат төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Жасұланбек Майлыбай клубтың заң жобаларын әзірлеуге қатысатынын айтып, қолға алынған жобалар туралы баяндады.

– Абай атамыздың 180 жылдығы – ұлттық деңгейдегі айтулы мереке. Біз осы тарихи сәтке өз үлесімізді қосқымыз келді. Қазіргі таңда жас мамандардың бойында аналитикалық қабілеттің болуы аса маңызды. Бұл – заман талабы.. Осы орайда бағыт-бағдар беріп, көмектесу үшін біз де өңірлерге шығып, жастарға дәрістер өткізудеміз, – деді Жасұланбек Майлыбай.

Кездесуде спикер ретінде Семей қаласының тумасы – халықаралық қатынастар саласының тәжірибелі сарапшысы Искандер Ақылбаев сөз сөйледі. Ол қазіргі жастардың алдында тұрған мүмкіндіктер мен сын-қатерлерге тоқталып, табысты болу үшін қандай қасиеттер керек екенін айтты.

— Біріншісі – төзімділік пен ішкі рух, кез келген қиындыққа төтеп бере алу, сын сттерде мойымай, тек қана алға ұмтылумаңызды. Екіншісі —  білімге құштарлық. Жастар үнемі жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге талпынуы қажет. Бүгінгі күннің басты талабы – өзін-өзі дамыту. Үшіншісі – жарқын болашаққа деген сенім. Өйткені өмірлік және ксіби жолда түрлі кедергілер кездесуі мүмкін. Бұл — өсу мен қалыптасудың бір бөлігі. Үлкен жетістіктерге жеткен тұлғалардың барлығы дерлік жеңіс жолында жеңілістер болатынын жақсы білген,- деді сарапшы.

Облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Төлеуханов бұл кездесудің жастар үшін маңызы жоғары екенін айтады.

— Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай  Сенат жанындағы Сарапшылар клубының мүшелері мен «Талдау мектебінің» түлектері түрлі сала өкілдеріне дәріс өткізу үшін келген екен. Киелі Қарауыл мекеніне де барады. Астана қаласынан арнайы келген сарапшылар — өз саласының үздіктері шетелдік тәжірибемен бөлісіп, дәріс өткізді. Бұл – жастар үшін үлкен мүмкіндік. Бүгінгі кездесуде қозғалған тақырыптар жастарға да, барлық сала мамандарына қызықты деп ойлаймын. Мұндай бастамаларды біз өңірлік деңгейде жалғастыратын боламыз. Бүгінгі дәріске қатысқан жастарымыз алған білімдерін өзгелермен бөлісетін болады, – деді ол.

Жиынға қатысқан жас мамандар сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

4 часа бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

5 часов бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

5 часов бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

22 часа бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

22 часа бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС