"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨҢІРДЕ БІЛІМ САЛАСЫ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

22.08.2025
ӨҢІРДЕ БІЛІМ САЛАСЫ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының әкімі Берік Уәли педагогтардың тамыз конференциясына қатысып, өңірдегі білім саласының дамуына қатысты баяндама жасады. Баяндамада облыс әкімі Президенттің білім сапасын арттыру және мектеп инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі тапсырмалары бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Сәтжан қасымжанұлы
«Semeı tańy»

Облыс әкімі Берік Уәли тамыз конференциясында білім саласы бойынша қол жеткен табыстарды атап өтті. Бүгінгі күнде әрбір оқушының сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында игі қадамдар жасалып келеді. Облыс орталығындағы екі мектепке 1000 орындық қосымша құрылыс салынады. Облыстағы 3 апатты мектептің мәселесі шешімін тапты. Барлық мектеп заманауи жиһаздармен және оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталып, әрбір оқу кабинеті үшін қажетті техникалық құралдар жиынтығы қамтамасыз етіледі. Бұның барлығы ұстаздардың жұмысын жеңілдетіп, оқушылардың білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, өнер мен білімге үйрету мақсатында қосымша білім беру нысандары да салынып жатыр. Атап айтқанда, облыс орталығында оқушылар сарайының есігі айқара ашылатын күн алыс емес. Абай ауданы Кеңгірбай би ауылындағы Қарашоқы шатқалында балалар лагерінің құрылысы қарқын алды.

ӨҢІРДЕ БІЛІМ САЛАСЫ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

Сапалы істің басында сапалы кадр мәселесі тұрады. Мемлекет басшысының «Ұстаз қандай болса, мемлекет сондай болады» деген сөзіне орай мемлекет тарапынан ұстаздарды қолдауға ерекше мән беріліп келеді. Сол тұрғыда кадр мәселесінде атап айтуға лайықты оң өзгерістер бар. «Білім беру өзгерістерінің 1000 көшбасшы» жобасы аясында 26 үміткер сертификат алып, оның 20-сы қызметке тағайындалуы соның айғағы.

Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдай жасауға үнемі жете мән беріліп отырады. Облыста 2024 жылы басталған «Мейірім» қайырымдылық акциясы да оң нәтиже беріп отыр. 200-ден астам мекеме ұжымы акция аясында 222 жетім балаға патронаттық қолдау көрсетіп, 161 баланың есеп шотына 45 млн.теңгеден астам қаражат аударылды.
Өңір басшысы қазақ руханиятының алтын діңгегі – хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде үлкен жауапкершілікпен атап өтілгеніне де тоқталды.

«Біз бұл мерейтойды салтанатпен емес, сабақтастықпен, сырлы мазмұнмен, жас ұрпақтың санасына сәуле құятын рухани тереңдікпен атап өтуді мақсат еттік. Өткізілген іс-шаралар – жас ұрпаққа Абайды танытудың, Абайша ойлаудың, Абайша толғанудың жарқын мысалына айналды. Себебі Абай – өткеннің ғана емес, бүгін мен болашақтың да шамшырағы, ұлт санасының жаңғыруына серпін беретін тарихи тұлға. Оның сөзі – мәңгілік, ойы – өрелі» деді. Б. Уәли.

Конференция соңында облыс әкімі алдағы оқу жылындабұдан да зор абырой биігінен көрініп, білім ьеру саласының өркендеуі үшін аянбай еңбек етулеріне тілектестігін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

3 часа бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

4 часа бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

4 часа бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

20 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

20 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС