"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИНДИРА — НЕРУДЫҢ ҚЫЗЫ

02.09.2025
ИНДИРА — НЕРУДЫҢ ҚЫЗЫ
44
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Джавахарлал Нерудың қызы Индира дүниеге келгенде, әкесі Британияға қарсы күресте жүрген еді. Әкесінің тәрбиесін көрген қыздың өмірлік көзқарасы да ағылшындарға қарсы көзқараста қалыптасты. Индира жастайынан өз айналасындағы достарының осы бағытта көзін ашуға ат барын салды. Тіпті өзінің сүйікті ағылшын ойыншықтарын отқа тастады деген де аңыз бар.

1947 жылы Үндістан тәуелсіздігін алғанда, Индираның әкесі Джавахарлал Неру Үндістанның алғашқы премьер-министрі болып сайланады. Сол жылы Индира Европаға оқуға аттанады. Европадан қайтып келіп, әкесінің қасына кеңесші болып жұмыс атқарған Индира дүниежүзін ресми сапарлармен аралайды. Нәтижесінде оның беделі өсіп, дүниежүзінде “Үндістанда да мықты әйелдер бар екен ” деген таңданысты пікірлер туындайды.

1964 жылы Индираның әкесі Джавахарлал Неру қайтыс болады. Сол жылы Үндістанның ақпарат министрі болып тағайындалған Индира Ганди, екі жылдан соң 1966 жылы премьер-министр лауазымына сайланады. Сөйтіп Индира Ганди Үндістан тарихындағы алғашқы әйел басшы болып шығады.

Айтпақшы Индира Ганди мен Махатма Ганди арасында ешқандай туысқандық жоқ, Индира өзінің фамилиясын Фероз Ганди деген журналистке тұрмысқа шығып иемденген. Просто однофамильцы. Біліп жүріңіздер )) егер Индира тұрмысқа шықпаса, тарихта “Индира Неру” болар еді.

1966-1977 жж аралығында Индира Ганди Үкіметі қатал саясат жүргізеді. Миллиард халқы, мыңдаған сенім-нанымы, жүздеген кастасы бар мипалау халықты жұмсақ ұстау мүмкін болмады. Алайда, үлкен саясатта қатал болған Индира Ганди, өзінің екі ұлына ие бола алмады. Екеуі де, Анасының қалауына қарсы шығып — саясатқа барғысы келмеді. Үлкен ұлы — Раджив, әуе пилоты мамандығын таңдап, Италияға көшіп кетеді. Кіші ұлы — Санджай, гәккулеп, хәләулімге саланып, авариядан қайтыс болады.

1977 жылы Ганди Үкіметі сайлаудан жеңіліп, Индираның өзіне “жеп қойдың, жемқорсың, коррупционерсің” деген айып тағылады. Сөйтіп алыс-тартыспен, арпалыспен, соттасып жүріп, Индира Ганди 1981 жылы парламент сайлауында жеңіп, қайтадан Үндістанның премьер-министрі болып алады. Сол кезде барлық айыптар шешіліп, «Индира — Ел Анасы»” деген ұлы марапатқа ие болады.

1982 жылы Үндістандағы сикхтар (басын шалмамен байлап, сақалын еркін жіберетін топ) «Үндістаннан бөлінеміз» деп Халистан мемлекеті құрылғанын жариялайды. Онсыз да сіркесі су көтермей отырған Индира Ганди сикхтарды 1984 жылы Амртисарх деген қасиетті қалаларында қоршап, «Көк Жұлдыз» атты арнайы әскери операцияны бастайды. Нәтижесінде 492 сикх және 83 әскер мерт болады. Сөйтіп, сикхтардың сепаратизмы басылады.

Алайда сол жылы, 31 қазанда Индира Гандидың сикх-оққағарлары, Беант Сингх пен Сатвант Сингх Үндістан патшайымын екі жақтан қоршап 11 рет атып өлтіреді. Индира Ганди қайтыс болған соң, бүкіл Үндістанда «Сикхтарға аңшылық» деген қозғалыс басталады. Шамамен 10-15 мың еш қатысы жоқ, Индираны өмірінде көрмеген, қарапайым сикхтардың басы алынады. Мыңдаған сикхтардың әйелдері жәбірленіп, сикх нәрестелер қинап өлтіріледі.

Индира Гандиден кейін билікке үлкен ұлы Раджив отырады. Италиядан әкелініп, әуе пилот мамандығынан бас тартып, Үндістан халқына бақыт сыйлаймын, анамның жолын жалғастырамын, “Ел Баласы” боламын деп сайлауда жеңіске жетеді. Алайда Радживтың да тағдыры анасына ұқсап кетті. 1991 жылы 21 мамырда “Шри-Ланкаға арнайы әскери операция жасаймыз” деген Раджив Гандиге жанкешті әйел таяп келіп, өз-өзін жарып жіберген.

Қазір Үндістанның астанасы Нью-Делидегі әуежай — Индира Ганди атында. Ең ірі ұлттық университет те Индира Ганди атында. Сонымен қатар 1999 жылы Индира Ганди — “мыңжылдық әйелі” деген атаумен мәңгі Үндістан тарихында қалды.

(Әлеуметтік желіден алынды).

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

14 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

14 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

22 часа бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС