"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында жаңа «Келешек мектебінде» ерекше форматтағы Ашық есік күні өтті

22.10.2025
Абай облысында жаңа «Келешек мектебінде» ерекше форматтағы Ашық есік күні өтті
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аягөз қаласында салынған жаңа №11 жалпы білім беретін «Келешек мектепте» ерекше форматтағы Ашық есік күні ұйымдастырылды. «Келешек мектеп – кедергісіз орта» атты EduFest іс-шарасына 100-ге жуық ата-ана, 200-ден астам оқушы мен ұстаз қатысты. Қатысушылар заманауи білім ордасының құрылымымен, оқу процесінің ерекшеліктерімен және жаңа форматтағы оқу кеңістігінің мүмкіндіктерімен танысты.

Бұл – Абай облысындағы төртінші «Келешек мектебі». 600 орынға арналған үш қабатты жаңа ғимараттың құрылысы толық аяқталып, екінші тоқсанда оқушыларды қабылдауға дайын. Мектепте 30 пән кабинеті, 6 зертхана, спорт және акт залы, кітапхана мен оқу залы бар. Оқу процесі бір ауысымда және толықтай мемлекеттік тілде жүргізіледі.

EduFest барысында мектеп кеңістігі зертханалық және тәжірибелік сабақ алаңына айналды. Қатысушылар жаратылыстану, математика, ағылшын тілі, көркем еңбек сияқты пәндерден өткізілген ашық сабақтарға қатысып, жаңа оқу ордасының артықшылықтарын өз көздерімен көрді.

Оқушылардың бірі Аружан Кабдулмаратова, жаңа мектептің зертханалық мүмкіндіктері ерекше әсер қалдырғанын айтты.

—        Маған ең ұнағаны – химия зертханасы. Бұрын тек суреттен көретін тәжірибелерді өз қолыммен жасап көрдім. Сабақтың қызықты өтетініне көзім жетті. Осындай мектепте оқитыныма қуаныштымын, – деді ол.

Ал 11-сынып оқушысы Бақнұр Берікболов жаңа технологиялық сыныптардың оқуға деген ынтаны арттыратынын атап өтті.

—        Информатика мен робототехника кабинеті ерекше ұнады. Құрал-жабдықтар жаңа, жобалар жасауға барлық мүмкіндік бар. Биология зертханасындағы микроскоптар да заманауи. Бұрын тәжірибе жасау аз болса, мұнда сабақтың өзі тәжірибеге негізделген. Мұндай ортада оқуға да, ізденуге де ынта артады, – дейді ол.

Мұғалімдер де жаңа кеңістіктің оқу процесіне серпін беретінін атап өтуде. Информатика пәнінің мұғалімі Асель Нұрлановна бұл мектептің оқыту тәсілін түбегейлі өзгертетінін айтады.

—        Бұрын тек тақта мен дәптер болса, енді оқушы өз ойын тәжірибе арқылы дәлелдей алады. Бұл – мұғалім шығармашылығын арттырып, оқушының ойлау көкжиегін кеңейтетін орта. Нағыз жаңа дәуір мектебі, – деді ұстаз.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Төлеубекқызы да мектептің басты ерекшелігі – зерттеу мәдениетін дамытуға жағдай жасалғанын атап өтті.

—        Келешек мектебі – жаңа ойлау мен зерттеу мәдениетінің орталығы. Мұнда әр баланың қызығушылығын ашуға мүмкіндік бар. Оқушылар еркін ойлап, өз ойын дәлелдеуге үйренеді, – дейді ол.

Ата-аналар да жаңа мектептің жайлылығы мен мүмкіндіктеріне ризашылық білдірді. Мәселен, Жанат Ералиева мұндай білім ордасы көптен күткен арман болғанын айтты.

—        Бұрын мұндай мектеп арман еді. Енді балаларымыз заманауи, жарық әрі жылы ғимаратта оқиды. Балам қала ортасындағы мектепке қатынап жүретін, енді үйдің жанында осындай жайлы мектеп бар – бұл біз үшін үлкен қуаныш, – деді ол.

Ал Дана Баянбаева мектеп инфрақұрылымының балаға қолайлы етіп жасалғанын ерекше атап өтті.

—        Абаттандырылған ауласы, кең сыныптары, жайлы асханасы – бәрі баланың ыңғайы үшін жасалған. Осындай мектепте оқитын бала бақытты болады деп сенемін. Мұндай мектептер – келешекке жасалған инвестиция, – деді ата-ана.

Іс-шара соңында оқушылар Абайдың 180 жылдығына арналған көрініс қойып, өлең мен қара сөздер оқыды, ән шырқады. Мектеп фойесінде «Болашақ қабырғасы» интерактивті аймақ ұйымдастырылып, қонақтар өз тілектерін жазып қалдырды.

Аягөздегі жаңа «Келешек мектебі» білім ордасы ғана емес, баланың қызығушылығын оятатып, ұстаздың шабытын арттыратын, ата-ананың сенімін нығайтатын ортаға айналып отыр. Бұл – аймақтың білім беру кеңістігіндегі жаңа сапалы кезеңнің айғағы.

Абай облысында жаңа «Келешек мектебінде» ерекше форматтағы Ашық есік күні өтті Абай облысында жаңа «Келешек мектебінде» ерекше форматтағы Ашық есік күні өтті Абай облысында жаңа «Келешек мектебінде» ерекше форматтағы Ашық есік күні өтті Абай облысында жаңа «Келешек мектебінде» ерекше форматтағы Ашық есік күні өтті Абай облысында жаңа «Келешек мектебінде» ерекше форматтағы Ашық есік күні өтті Абай облысында жаңа «Келешек мектебінде» ерекше форматтағы Ашық есік күні өтті Абай облысында жаңа «Келешек мектебінде» ерекше форматтағы Ашық есік күні өтті Абай облысында жаңа «Келешек мектебінде» ерекше форматтағы Ашық есік күні өтті

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 час бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС