"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде 100 гектарлық орман тұқымбағы іске қосылды

22.10.2025
Семейде 100 гектарлық орман тұқымбағы іске қосылды
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» аясында Семейдегі Бейбітшілік аралында жаңа орман тұқымбағы өз жұмысын бастады. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері, сала ардагерлері және белсенді жастар қатысты.

Нысанның жалпы аумағы 100 гектар. Құрылысты 2026 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған. Тұқымбақ аумағында қылқан жапырақты және жапырақты ағаштардың егістік алаңы, жабық тамыр жүйесіне арналған контейнерлік жылыжай аймағы, шеберханалар, қоймалар, кеңселер салынады. Сонымен қатар 3 гектарда инженерлік желілер мен қосалқы алаңдар орналасады, ал 5 гектар жер аналық плантациялар мен тұқым бауына арналады.

Биыл облыста 65 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. «Семей орманы» аумағындағы өрт салдарын жою мақсатында жыл сайын 20 миллионнан астам қарағай егіледі. Жаңа тұқымбақ өңірді көгалдандыруға сапалы отырғызу материалын ұсынуға, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және Семейдің сол жағалауы бойында жасыл белдеу құруға мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы Берік Уәли бұл бастама өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және орман қорын қалпына келтіруге бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, тұқымбақ Ертіс өзенінің жағасында орналасқандықтан, көшеттерді көбейтуге қолайлы жағдай жасайды.

Сала ардагерлері де жобаның маңызын ерекше атады. «Бүгін немерелерімді ертіп келдім. Тұқымбағымыз көркейіп, ағаштары жайқалып өсе берсін. Бұл Семей үшін өте қажетті жоба. Осы тұқымбақ арқылы ағаштарды сатып алмай-ақ, өзіміз өсіре аламыз», – деді Құрмет Мұхамадиев.

Ашылу рәсімінен кейін аймақ басшысы орманшылармен және жастармен бірге көшет отырғызуға қатысты. Шара барысында тұқымбақ аумағына он мыңға жуық қылқан жапырақты және жапырақты ағаш егілді.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өңірде жүйелі жұмыстар жүргізілуде: Абай облысында 44 іс-шарадан тұратын өңірлік жоспар бекітілген. 2022–2024 жылдары облыс аумағында 213 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Семейде алғаш рет 75 мың ағашты толық түгендеуді қамтитын дендрологиялық жоспар әзірленді.

Семейде 100 гектарлық орман тұқымбағы іске қосылды Семейде 100 гектарлық орман тұқымбағы іске қосылды Семейде 100 гектарлық орман тұқымбағы іске қосылды Семейде 100 гектарлық орман тұқымбағы іске қосылды Семейде 100 гектарлық орман тұқымбағы іске қосылды Семейде 100 гектарлық орман тұқымбағы іске қосылды Семейде 100 гектарлық орман тұқымбағы іске қосылды Семейде 100 гектарлық орман тұқымбағы іске қосылды

Ұқсас жаңалықтар

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

07.07.2026

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат (2026 жылғы 7 шілдедегі № 89-НҚ) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасы...

Толығырақ...Details

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

06.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы...

Толығырақ...Details

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

06.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас...

Толығырақ...Details

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

04.07.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Әділет» партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға толықтай дайын екенін мәлімдейді. Біз бұл сайлауды жаңа Конституцияны іске асырудың және Қазақстандағы демократиялық...

Толығырақ...Details

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

04.07.2026
Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

Semeytany.kz – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасымен өткен республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы өз жұмысын аяқтады. Алты айға жуық уақытқа созылған...

Толығырақ...Details

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

04.07.2026
Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталулы шара Ұлттық домбыра...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

9 часов бұрын

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

1 день бұрын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

1 день бұрын

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

4 дня бұрын

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

4 дня бұрын

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

4 дня бұрын

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

4 дня бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

5 дней бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

5 дней бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС