"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

03.07.2026
Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің кезекті отырысында талқыланды.

Жиын партия төрағасы Айбек Дәдебайдың жетекшілігімен өтті. Оған бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, қазақстандық өндірісті дамытуға бағытталған жүйелі өзгерістер жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Отырыста сөз сөйлеген Айбек Дәдебай жаңа Конституцияның күшіне енуімен ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заңда белгіленген қағидаттар жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмыс орындарын көбейту және отандық кәсіпкерлікті қолдау арқылы нақты іске асуы қажет.

Соңғы он жылда өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 50 пайызға өсіп, жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10,2 пайыздан 13 пайызға дейін артқан. Алдағы кезеңде қосылған құны жоғары өнім шығаратын өндірістерді дамыту негізгі міндеттердің бірі ретінде белгіленді.

Жиында мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қатысушылардың пікірінше, бұл жүйе тек сатып алу құралы емес, отандық өндірісті дамыту тетігіне айналуы тиіс.

«Универсал» компаниясының басшысы Замира Кузиева жеткізушілерді бағалау кезінде олардың өнімінің шығу тегінен бөлек, Қазақстан экономикасына қосқан үлесін де ескеру қажет екенін айтты.

Өз кезегінде «Каустик» АҚ-ның бас директоры Ермек Тоқмағамбетов локализация деңгейі жоғары кәсіпорындарды мемлекет тарапынан басымдықпен қолдау қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, кәсіпорын өнімінің 95 пайыздан астамы жергілікті шикізаттан өндіріледі, ал өндірісті дамытуға салынған инвестиция көлемі 100 миллион АҚШ долларынан асады.

Кездесуде ішкі нарықты қорғау мәселесі де көтерілді. Қазақстандағы цемент және бетон өндірушілер қауымдастығы ұлттық стандарттарды жаңарту сапасыз цемент импортының көлемін азайтуға мүмкіндік бергенін мәлімдеді.

Ал «Адал Тауар» қауымдастығының төрағасы Гүлмира Уахитова өткен жылы елімізде 205 мыңнан астам контрафактілік өнім анықталып, заңсыз айналымнан 8,6 миллион қорап темекі тәркіленгенін айтты. Оның пікірінше, заң талаптарын сақтайтын кәсіпкерлер заңсыз жұмыс істейтіндермен бәсекелесуге мәжбүр болып отыр.

Жиын қорытындысында айтылған барлық ұсыныстар Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының Ақ кітабына (White Paper) енгізілетіні хабарланды. Құжатта бизнес өкілдерінің бастамалары, сарапшылардың ұсыныстары және оларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспары қамтылады.

Мақалада: Әділет партиясыбизнес ұсыныстарымемлекеттік сатып алуөнеркәсіпөңдеуші өнеркәсіп

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 минуты бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

12 минут бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

26 минут бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

33 минуты бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

2 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

2 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

2 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС