"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі Берік Уәли, ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, «Курчатов» КЭС жобасының инвесторы Темірлан Өтегенов қатысты.

«Курчатов» КЭС жобасы – еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға және инвестициялық тартымдылығын күшейтуге бағытталған ірі стратегиялық бастама. Жаңа электр станциясы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, электр қуаты тапшылығының тәуекелдерін азайтуға, өнеркәсіптің дамуына серпін беруге және жаңа инвестициялар тартуға мүмкіндік жасайды.

Жобаны іске асыру мерзімі 2026–2032 жылдарға жоспарланған. Станция толық пайдалануға берілгеннен кейін жылына 5 миллиард кВт·сағатқа дейін электр энергиясын өндіреді. Бұл өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, елдің бірыңғай энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын күшейтуге ықпал етеді.

Жобаның әлеуметтік маңызы да зор. Құрылыс кезеңінде 5 мыңға дейін адам жұмыспен қамтылса, станция іске қосылғаннан кейін 400 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл Курчатов қаласы мен жалпы Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген аймақ басшысы бұл жоба еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды бастама екенін атап өтті.

«Бүгін біз Абай облысы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін тарихи маңызы бар оқиғаның куәсі болып отырмыз. Қуаты 700 мегаватт болатын Курчатов конденсациялық электр станциясының іргетасын қалап, болашаққа арналған естелік капсуланы салудамыз. Бұл – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған үлкен стратегиялық жоба. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін күшейтіп, жаңа генерациялау қуаттарын іске қосуды басым міндеттердің бірі ретінде айқындады. Бүгінгі жоба – осы маңызды тапсырмаларды жүзеге асыру жолындағы нақты қадам. Жаңа энергетикалық нысандарды іске қосу – уақыт талабы. Біздің облыс еліміздің энергетикалық әлеуетін нығайтуға қомақты үлес қосып келеді. Станция пайдалануға берілгеннен кейін 400 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл жергілікті кәсіпкерліктің дамуына, инфрақұрылымның жаңаруына және облыс экономикасының жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізеді. Ең бастысы – бұл жоба Курчатов қаласының одан әрі индустриялық дамуына серпін береді. Осы маңызды жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметке, Энергетика министрлігіне, инвесторларға және осы құрылысқа атсалысатын барша азаматтарға облыс жұртшылығы атынан шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Берік Уәли.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов бұл жобаның еліміздің энергетика саласының ғана емес, ел экономикасының дамуына тың серпін беретінін айтты.

Қазіргі уақытта Ертіс өзеніндегі Шүлбі су электр станциясы 702 МВт орнатылған қуатымен республиканың негізгі гидроэнергетикалық нысандарының бірі саналады. Алайда гидроэнергетика су ресурстарының көлеміне тәуелді болғандықтан, елдің энергетикалық жүйесінің сенімділігі үшін генерация көздерін әртараптандыру маңызды. Осы бағытта Абай облысында бірнеше ірі энергетикалық жоба қатар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, қуаты 350 МВт болатын Семей су электр станциясының құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар Шүлбі су электр станциясының екінші кезеңі іске асырылып, оның қуаты 702 МВт-тан 1050 МВт-қа дейін ұлғайтылады. Бұдан бөлек, Семей қаласында қуаттылығы 360 МВт болатын ЖЭО-3 құрылысы жоспарланып отыр.

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

3 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

3 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

3 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

3 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

3 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

3 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС