"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

15.01.2026
Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті.

Жиында Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан азаматтардан, сарапшылардан және қоғам белсенділерінен келіп түскен ұсыныстар жөніндегі аралық ақпаратпен бөлісті. Былтыр қазан айынан бері e-Otinish және eGov платформаларындағы «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі арқылы халық арасынан, сарапшылар қауымдастығынан және қоғамдық бірлестіктерден 600-ге жуық ұсыныс жинақталған. Атап айтқанда, «Байтақ» партиясы, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы, Республикалық адвокаттар алқасы, «Toqtamys» адвокаттық қауымдастығы, Халықаралық арбитраж және медиация палатасы, Парламентаризмді дамыту қоры, Қазақстандық татарлар мен башқұрттар конгресі, Экономикалық саясат институты, «Азаматтық бастама» бастамашылық тобы және басқа да ұйымдар өз ұсыныстарын білдірді. Бұған қоса құқықтанушы ғалымдар сарапшылық ұсынымдарын жолдап, белсенділік танытуда.

Сонымен қатар Парламентаризм институтының директоры азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерден парламенттік реформадан бөлек, конституциялық реформаға қатысты да бастамалар түсіп жатқанын жеткізді.

Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев Парламенттің Үкіметті, Конституциялық Сотты, Жоғары аудиторлық палатаны, Орталық сайлау комиссиясын және басқа да мемлекеттік органдарды жасақтауға қатысуын реттейтін конституциялық рәсімдердің жалпы тәсілдері туралы айтты. Бұл тәсілдер Жұмыс тобы мүшелері мен саяси партиялардың ұсыныстары негізінде әзірленген.

Жұмыс тобының мүшелері қатарынан Марат Шибұтов, Азат Перуашев, Елнұр Бейсенбаев, Серік Егізбаев, Магеррам Магеррамов, Айдарбек Қожаназаров, Марат Башимов, Нұрлан Бекназаров, Индира Әубәкірова, Үнзила Шапақ, Алуа Ибраева, Бөріхан Нұрмұхамедов, Лейла Жақаева, Виктор Малиновский, Ерлан Сәрсембаев, Айдос Сарым, Қарлығаш Жаманқұлова өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын соңында Жұмыс тобының жетекшісі – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин конституциялық реформа бойынша түпкілікті тәсілдерді әзірлеу үшін келіп түскен ұсыныстардың барлығын жинақтап, жан-жақты зерделеуді тапсырды.

Анықтама: Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы 2025 жылғы 8 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен құрылды. 14 қазанда Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Екінші отырыс – 2 желтоқсанда, үшінші отырыс – 29 желтоқсанда, төртінші отырыс 2026 жылғы 9 қаңтарда ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС

16.01.2026
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС

Өкілді билікті цифрлық трансформациялау – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың толық цифрлық мемлекет құруға арналған стратегиялық бағдарының ажырамас бөлігі. Бұл туралы Сенат...

Толығырақ...Details

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА САПАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

16.01.2026
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА САПАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты жаңа мақаласында болашақ Парламенттің институционалдық келбетіне ерекше мән берілген....

Толығырақ...Details

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: БІРІККЕН ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

15.01.2026
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: БІРІККЕН ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламентке көшу туралы бастамасы саяси ауқымды реформалардың заңды жалғасы. Ол кемел қоғамның әділетті және теңгерімді...

Толығырақ...Details

Өңірде «Халық бухгалтері» акциясы бастау алды

15.01.2026
Өңірде «Халық бухгалтері» акциясы бастау алды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасымен 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Семейдегі дарынды балаларға білім беретін лицейде болды

15.01.2026
Облыс әкімі Семейдегі дарынды балаларға білім беретін лицейде болды

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласын аралау барысында дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-Инновация» лицейіне барып, оқу орнының...

Толығырақ...Details

Өңір басшысы жаңа нефрологиялық қызметтің жұмысымен танысты

15.01.2026
Өңір басшысы жаңа нефрологиялық қызметтің жұмысымен танысты

Semeytany.kz - Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында орналасқан «BB Nura» нефрологиялық орталығына барып, медициналық мекеменің...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС

1 час бұрын

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА САПАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

1 час бұрын

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: БІРІККЕН ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

2 часа бұрын

Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

2 часа бұрын

Өңірде «Халық бухгалтері» акциясы бастау алды

2 часа бұрын

Облыс әкімі Семейдегі дарынды балаларға білім беретін лицейде болды

2 часа бұрын

Өңір басшысы жаңа нефрологиялық қызметтің жұмысымен танысты

13 часов бұрын

Жаңа Парламент қалай жұмыс істейді: Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының реформалары туралы

13 часов бұрын

Берік Уәли Иранбек Оразбаевпен жүздесті: Абай мұрасы мен өңір мәдениеті талқыланды

1 день бұрын

Мақаншыда «Інжу-Маржан» бөбекжайы ашылып, 52 жаңа жұмыс орны құрылды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС