"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: АБАЙ, ШӘКӘРІМ, МҰХТАР ТУҒАН КИЕЛІ МЕКЕНГЕ ӘРДАЙЫМ ТАҒЗЫМ ЕТЕМІН

10.04.2015
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Семей қаласына келіп, шаһардағы бірқатар нысандарды аралады. Сапар барысында Мемлекет басшысы қаладағы «Kondiz» ЖШС кондитерлік фабрикасында болып, кәсіпорын жұмысымен танысып, өңірлік онкологиялық диспансерінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен, Абай мұражайында қаладағы зиялы қауым өкілдерімен жүздесті.

{jcomments on}Елбасының Семейдегі   жұмыс сапары «Kondiz» ЖШС кондитерлік фабрикасынан басталды. Өткен жылы жұмысын бастаған немістің «Werner pfleiderer» және италиялық «Laser» деп аталатын заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған фабриканың өндірістік қуаты жылына 22 мың тонна кондитер өнімін шығаруға қауқарлы. Бүгінде кәсіпорынның өніміне тапсырыс берушілер саны да артқан. Кондитерлік фабриканың өнімдері, елімізден бөлек, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан және Қытай Халық Республикасына экспортталады. Өнімі сұранысқа ие өндіріс орнында бүгінгі таңда 119 адам жұмыспен қамтылған. Орташа жалақының көлемі мұнда 99669 теңгені құрайды екен.

— 2014 жылдың ақпан-наурыз айларында жұмысымызды бастадық. Қазіргі таңда фабрика аяққа тұрып, ауқымы кеңейіп, қарқынды жұмыс жасауда. Мұнда әзірге кондитерлік өнімдердің 35 түрі өндірілуде. Ағымдағы жылдың ортасына қарай өнім түрлерін 50-ге жеткізсек деген жоспарымыз бар. Әрине, алдағы жылдары жаңа технологияларды іске қосып, өнім түрлерін одан әрі де көбейту жоспарда бар. Соған орай жұмыс орны да едәуір артатын болады, — дейді «Kondiz» ЖШС-нің директоры Мәди Өмірзақ.

Семейдің ежелден жеңіл өнеркәсіп  бағытындағы  қалалардың бірі екені белгілі. Отандық өнім өндіріп, жұртшылықты табиғи азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыс жасап жүрген қаладағы бірқатар кәсіпкерлер Елбасына өздерінің атқарып жатқан жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл орайда «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында «Kondiz» ЖШС-і кондитер фабрикасы ғимаратында «Семей ет комбинаты» ЖШС-і өнімдерінің көрмесі де ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған ет комбинатының шығарған өнімдерімен және «Kondiz» ЖШС-і кондитерлік фабрикасының жұмысымен танысқан Мемлекет басшысы кәсіпорын  жұмысшыларымен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы облыста халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасалғанына тоқталды. Атап айтқанда, әлеуметтік және спорт нысандары, тұрғын үйлер салынып, инфрақұрылым жаңғырып  жатқанын, бұл жұмыстар өңір экономикасының өсуіне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететінін айтып өтті. Кәсіпорын қызметкерлері  бүгінгі Тәуелсіз Қазақстандағы тұрақтылық пен өркендеу  дәуірі үшін, алаңсыз өмір сүруге мүмкіндік жасалып отырғандығы үшін  Мемлекет басшысына  жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін арнады. Барлығының тілектері бір. Ол – елдің тыныштығы мен береке – бірлігі.

— Мен мұнда бағдарламашы болып жұмыс істеймін. Жұмысым өзіме қатты ұнайды. Ал ата-анам – әскери қызметкерлер. Жалпы, елімізде еңбек еткісі келетіндер үшін барлық мүмкіндік бар. Бұл, ең алдымен, сіздің көрегендігіңіздің арқасы деп білеміз, Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізбен жүзбе-жүз жолығып, тілдесіп тұрғаным үшін өте қуаныштымын. Осы кездесуімізді ешқашан ұмытпаймын. Тіпті болашақта балаларыма да сізбен кездескенім жайлы айтып отыратын боламын. Біз байтақ Отанымызды сүйеміз. Ал еліміздің болашағын сізбен байланыстырамыз. Біз, яғни Қазақстанның жастары, сізбен біргеміз. Сізге қажымас қайрат тілейміз, — деген жас маман  Игорь Коновалов Елбасының алдында өзінің қатты қобалжып тұрғанын да жасырмады.

 

Сол сияқты кәсіпорын қызметкерлері  Аслан Мұқашев пен Назым  Асқарова да Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміздегі бейбітшілік үшін, кемел келешектің кепілі – жалынды жастарға зор қолдау көрсетіліп, барлық жағдайдың жасалып жатқаны үшін, жастардың атынан шексіз алғыстарын айтты.

 

Ал өз кезегінде «Kondiz» ЖШС-нің бас технологі Алла Станиславская:

— Мен Украина елінің тумасымын. Бұл кәсіпорында келісімшарт бойынша жұмыс істеймін. Осы елге келуімнің басты себебі — мұнда бейбітшілікте тыныш өмір сүруге мүмкіндік бар. Оның бәрі, әрине, сіздің басшылық жасауыңызбен жүргізіліп отырған дұрыс саясаттың нәтижесі екені белгілі. Украинадағы анам сізді теледидардан көрген сайын «сенің Президентіңді тыңдадым» деп, маған  айтып отырады. Сіз басшылық жасайтын мемлекетте тұрып жатқаным үшін, алыстағы анам  өзінің менің тағдырыма алаңсыз екендігін қайталап айтудан жалыққан емес. Бейбітшілік пен тыныштық орнаған елдің дамуы жолында жасап жатқан жүйелі жұмысыңызға толағай табыс тілеймін, — дей келе, өзінің туған елі  Украинада орын алып жатқан оқиғаларды есіне алып, бір сәт көңілі де босап, көзіне жас алды. Сөз соңында елдегі тыныштық үшін Елбасыға зор алғысын білдірді.

Кондитерлік фабрика ұжымының жылы лебіздеріне ризашылығын білдірген Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмысына оң бағасын берді.

— Семейге  жыл сайын келіп, қаланың жағдайымен танысып тұрамын. Жыл өткен сайын мұнда көптеген мәселелер шешілуде. Мысалы, жол, жылу, ыстық су, суық су мәселелері жөнге келтірілді. Қалада көптеген ғимараттар бой көтеруде, соның ішінде балабақшалар саны көбею үстінде. Жаңадан жұмыс орындары ашылып жатыр. Жалпы, ел игілігі үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ал кондитерлік фабриканың жұмысы көңіл қуантарлықтай екен. Бұл жерде қаншама адам жұмыспен қамтылып, нәпақасын тауып, отбасыларын асырап отыр. Барлықтарыңыздың еңбектеріңізге жеміс тілеймін, — деді Н.Назарбаев еңбек ұжымымен кездесу кезінде.

Келесі кезекте  Елбасы Семей қаласындағы өңірлік онкологиялық диспансеріне ат басын тіреді. Ондағы радиологиялық орталығының жұмысымен танысқан Мемлекет басшысы жаңа медициналық құралдармен жабдықталған мекемені аралап көрді. Осы жерде Елбасы онкологиялық ауруларға көрсетілетін  емдеу қызметінің жұмысы мен болашағы жайлы толыққанды ақпаратқа қанықты.

Диспансерде онкологиялық науқастарға амбулаторлық-емханалық, стационарлық және стационар алмастыру формасында мамандандырылған әрі жоғары білікті медициналық жәрдем, соның ішінде орталықтың емханасы жыл сайын 42 мың емделушіге консультациялық көмек көрсетіледі. Медициналық мекемеде 413 адам қызмет етеді. Жалпы, онкологиялық орталықта жыл сайын 5 мың адам емделетін 160 тәуліктік және 40 стационарлы төсектік орын қарастырылған. Сонымен қатар Семейде Ядролық медициналық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын. Мұнда Қазақстандағы тұңғыш радиоизотопты диагностиканың радиойодтерапия бөлімшесі жұмыс істейтін болады. Орталықтың жұмысы ядролық технологияны бейбіт мақсатта қолданудың жарқын үлгісі болмақ. Мұнда еліміздің барлық облыстарынан емделушілер келіп жоғары мамандандырылған емдеуден және диагностикадан өтуге мүмкіндік болады.

Онкологиялық диспансердің жұмысымен танысып шыққан соң Қазақстан Республикасының Президенті ақ халатты абзал жандармен әңгімелесіп, қаланың медициналық мекемелерінің қажетті емханалық және диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп отырғанын айтты.

— Бұл кешенге мемлекет 7,2 миллиард теңге бөлді, соның 4 миллиарды заманауи жабдықтар алуға арналған. Бұл – ядролық медицина элементтерін қолданатын Қазақстан үшін бірегей мекеме. Енді осы жабдықтарды халыққа кәсіби көмек көрсету үшін барынша тиімді қолдану сіздерге байланысты. Бүкіл ел бойынша денсаулық сақтау саласын дамытудың арқасында азаматтардың орташа өмір жасы соңғы он жылда 64-тен 71-ге дейін ұлғайды, — деді Мемлекет басшысы.

Жарқын жүздесу барысында денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа аталмыш саланың дамуына зор қолдау көрсетіп, еліміздегі барлық салалардың қарқынды түрде дамуы жолында көреген саясат жүргізіп отырғаны үшін шексіз алғыстарын айтты.

Семей мемлекеттік медициналық университетінің ректоры Төлебай Рахыпбеков пен Семей қаласы өңірлік онкологиялық диспансері директорының емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Баян Бекетова сынды бірқатар денсаулық сақтау саласының өкілдері Елбасыға деген ыстық ықыластарын жеткізді.

Өңірлік онкологиялық диспансердегі  кездесуден  кейін Мемлекет басшысы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына барды.

Іргетасы 75 жыл бұрын қаланған 20 мыңнан астам жәдігері бар мұражайда 82 адам жұмыспен қамтылған. Мұражай қорында араб, парсы, түрік тілдерінде жазылған 500-ден аса көне кітап сақталған. Оның ішіндегі 250-і Абай оқыған медресенің кітаптары. Мұражай қорында, сондай-ақ 1896-1903 жылдар  аралығында Абайдың түскен суреттері мен 1896 жылы ұлы Мағауияға жазған хаты да сақтал-ған. Музей жәдігерлері  қатарында Абай дәуірін, оның қоғамдық қызметін сипаттайтын түпнұсқа құжаттар, этнографиялық және мұрағаттық материалдар, Шығыс классиктерінің сирек кітаптары, батыс философтарының шығармалары мен ақын замандастарының естеліктері бар. Айта кету керек, Омбы, Мәскеу, Қазан қалаларына ғылыми іссапар барысында мұражай қорларында Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды құжаттар табылған болатын. Аталмыш қалалардың мұражайларында тек хакім Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы туралы 800 бет мұрағат құжаттары бар екен.

Абай мұражайының директоры Жандос Әубәкір Мемлекет басшысына музейдегі «Абайдың шығармашылық ортасы», «Абайтану» және «Абай дәуірі» залдарының экспозицияларын таныстырды.

Елбасы мұражай жұмысымен танысып шыққан соң Семей қаласының бір топ  зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы мәдени және рухани мұраларға бай екенін, оларды сақтау мен дамыту мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

— Бұл жердегі сөзімді Ұлы Абайдан бастасам ба деп тұрмын. Семей – Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған киелі мекен. Ұлы тұлғалардың рухына қашан да тағзым етеміз. Олардың шығармаларында терең философия тұнып жатыр, — деген Елбасы көпшілік алдында хакім Абайдың өлеңінен үзінді оқып өтті.

— Жас – қартаймақ, жоқ – тумақ, туған – өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

Астарында қандай философия жатыр десеңізші! Абайдың жолын, істеген ісін біз халқымызға паш етуіміз керек. Ұлы Абай барлық ұлттар бір әулеттің балалары екенін жүз жыл бұрын айтқан. Біз бүгін елдегі достықты, тұрақтылықты нығайтудамыз. Көптеген елдер 100 жылда да жетпеген белеске біз небәрі 23 жылда қол жеткіздік. Егер тәуелсіздік сақталмаса, ел экономикасы өркендемесе және әлеуметтік мәселелер шешілмесе, халық игілікке кенелмейді. Бүгінде барлық бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұрын Семейде жылу беруге байланысты проблема болды. Қазір бұл проблеманың бәрі шешілді. Біз Семей ГЭС-ін салу мәселесін ойластырып жатырмыз. Жалпы, Қазақстан дұрыс жолда келеді, саяси тұрақтылықты, өзара түсіністікті және достықты сақтау қажет, — деді Қазақстан Президенті.

Президентпен кездесуге келген зиялы қауым өкілдері де Нұрсұлтан Назарбаевпен риясыз әңгіме өрбітіп, өздерінің ақ тілектерін білдірді:

— Сізбен кездескенімізге өте қуаныштымыз. Өйткені ғасырлар бойы арман бол-ған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, сіздің көреген саясат жүргізіп, басшылық жасауыңыздың арқасында еліміз биік белестерді бағындырды. Заман тынысын тыңдай біліп, қазағымызды төрге шығардыңыз. Кең — байтақ еліміз, Ұлы Президентіміз барда, біздің көңіліміз жайлы. Біз, семейліктер, Сізбен біргеміз, — деді Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің  тарихи зерттеулер ғылыми орталығының жетекші маманы Мұхаметбек Асылбеков.

Ал өз кезегінде филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов:

— Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Абай елі, Семей жеріне қош келдіңіз. Семей халқы үнемі сіздің қамқорлығыңызды сезініп отырады. Сіздің жүргізіп отырған сарабдал саясатыңыздың арқасында тәуелсіз еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Тарихымыз түгенделді. Жаңа тұрпатты мемлекет болдық. Зиялы қауым өкілдерінің атынан мен сіздің жасап отырған барлық жарқын істеріңізге шексіз алғысымды білдіремін, — деді.

Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Юлия Каменская, «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев сынды бірқатар кездесуге қатысушылар сөз алып, ізгі тілектерін білдірді.

Кездесу соңында жиналғандармен естелік суретке түскен Мемлекет басшысы көрсеткен қолдаулары үшін зиялы қауым өкілдеріне алғыс айтып, еңбектеріне табыс тіледі.

Президент Семей қаласына, жалпы, Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Мемлекет басшысы өнеркәсіп саласындағы өсімнің жоғары екенін, сондай-ақ өңірдің мәдениет саласы да жақсы дамып келе жатқанын айтты.

— ШҚО-на сапар барысында мен мырыш, қорғасын, мыс, алтын және күміс сияқты экспорттық өнімдерді көп көлемде өндіретін «Қазмырыш» кәсіпорнында болдым. Жұмысшы металлургтер мен жүргізіп отырған саясатты қолдайтындықтарын ерекше жігермен жеткізгендерін байқадым. Олардың ауысымнан кейін үйлеріне қайтпай, жиналып, менімен кездесуді күтуі — мен үшін үлкен мәртебе. Металлургтердің маған қараған жалынды көздері, шынымды айтсам мені ерекше толқытты. Олар да менің еңбек жолым металлургиядан басталғанын естеріне алған болар. Металлургтерге зор алғысымды білдіргім келеді.  Өскемен индустриясы үшін басты мәселенің бірі экологиялық тазалық болып отыр. Қазіргі уақытта заманауи экологиялық талаптарға сай кәсіпорындар салынуда, бұл — қаланың қауіпсіз болашағын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жаңа театр ғимараты салынды. Бұрынғысы ХІХ ғасырда салынған ескі ғимаратта орналасқан еді. Енді театр ұжымы тиісті жабдықтары, 600 орындық көрермен залы, 150 орындық кіші залы бар керемет жаңа ғимаратқа кірді. Өскеменде тұрғындар өнерді тамашалау үшін келетін жаңа мәдени орталық пайда болды, — деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесін және медициналық көмек сапасын жақсарту бағытында мемлекеттің күш-жігер жұмсап жатқанына да назар аударды.

— Семей қаласы қырық жыл бойы ядролық сынақ өткізу орны болып, соның салдарынан көптеген адам зардап шеккен өңірде орналасқан. Бүгінде қаланың медициналық мекемелері мен олардың жабдықталуы Қазақстандағы ең үздіктердің қатарында саналады. Мен елдегі онкологиялық ауруларды емдеуге арналған бірден-бір радиологиялық орталықты аралап көрдім. Осындай орталық Астанада да салынатын болады. Диагностика және емдеу ісінде енгізіліп жатқан радиологиялық әдіс еліміздің көптеген азаматтарына көмек көрсетуге мүмкіндік береді, — деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті республиканы көлік және инфрақұрылымдық тұрғыдан одан әрі дамыту қажеттігіне тоқталды.

— Қазіргі уақытта біз «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудамыз, оның аясында әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруді жоспарлап отырмыз. «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асырып, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ілгерілетудеміз. Халық бұл бастамаларды, Қазақстандағы тұрақтылық пен бірлікті қолдап отыр, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөз соңында Мемлекет басшысы облыс тұрғындарына, қала жұртшылығына табыс және бақ-береке тіледі.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

4 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

5 дней бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

5 дней бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

5 дней бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

6 дней бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

6 дней бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

6 дней бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

6 дней бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

1 неделя бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС