"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Риза Молдашева: АУЫЛҒА ОРАЛҒАН ҮМІТ немесе Берік Уәлидің қанатқақты жобасы жайлы

06.02.2026
Риза Молдашева: АУЫЛҒА ОРАЛҒАН ҮМІТ немесе Берік Уәлидің қанатқақты жобасы жайлы
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ауылға оралу — артқа шегіну емес, керісінше, болашаққа батыл қадам жасау. Бүгінгі бұл  бастама ауылдың ертеңіне алаңдаушылық екені сөзсіз. Абай облысының әкімі Берік Уәлидің  “Қаладан — ауылға” жобасы — жай көшу науқаны емес, бұл — елге деген шынайы патриоттық ұстаным. Ұлттың алтын бесігі, рухтың тірегі, дәстүрдің тамыры — ауылға жан бітіру.

Урбандану толқыны талай ауылдың тамырын бырт-бырт жұлып, талай адамды ауыл атты қасиетті мекенінен  алып  кетті. Қалаға қарай ағылған көшпен бірге қараша үйлердің түтіні сиреді, қора-қопсы қаңырады, көшелердің шаңы басылды. Бүгінде бірқатар ауыл кілең зейнеткерлердің мекеніне айналды. Кемпір мен шал ғана қалған қоныстар «қалған ғұмырымызда ата мекенімізден топырақ бұйырса екен» деп алаң көңілмен күн кешіп отыр. Мектептері жабылып, әлеуметтік мекемелердің есігіне қара құлып салынған ауылдардың ертеңі не болмақ? Бала күлкісі естілмеген, бесік тербелмеген жерде болашақ қалай бүр жарады? Бұл — бір ауылдың емес, бүтін ұлттың жүрегін сыздататын сауал.

Сарапшылар соңғы жылдары кей өңірлерде ауыл тұрғындарының орта жасы 50-55-тен асып кеткенін айтады. Бірқатар елді мекенде еңбекке жарамды жастар үлесі 20 пайызға да жетпейді. Егер демографиялық теңгерім сақталмаса, алдағы он жылда жүздеген ауылдың толық қаңырап қалу қаупі бар. Зейнеткерлер ғана қалған ауыл — тіршілігі тоқыраған ауыл. Онда дүкен де ұзақ тұрмайды, пошта да жабылады, медпункт аптасына бір-ақ күн жұмыс істейді. Бұл — құр статистика емес, бұл — әлеуметтік организмнің баяу үзіліп бара жатқан тамыры.

Көңілді құлазытар көрініс – бір кездері бақытты балалықтың базары болған  мектептердің қаңырап қалған  қаңқалары мен қалаға көш түзеген ауылдардың соңында қалған жұрты. Бір кездегі күлкі мен шаттыққа толы, қазанында ас қайнаған, терезесінен жарық төгілген сол шаңырақтар бүгін өткен күннің елесіне айналғандай. Бақыттың базары болған мекендердің үнсіздігі жүректі шымырлатады: әр үйдің артында тағдыр. Атамекеннен бір уыс топырақ бұйырса деген тілегін жүрегіне жүктеп, артына қарай-қарай балаларының соңынан ілескен қарттардың орындалмай қалған арманы, тарқап кеткен тіршілік ізі жатыр. Осындай ауылдардың бірінде болғанымызда ескі мектептің алдында желмен тербеліп тұрған  тот басқан қоңырауды көріп  жүрегіміз сыздаған… Бір кезде балалар мектепке баратын жолдарды  шөп басып кеткен. Мектебі жабылған ауылдың жүрегі тоқтағандай әсер қалдырады. Өйткені мектеп — ауылдың үні, болашақтың шамы.

Ауыл — қазақтың алтын бесігі. Ұлттың мінезі сол топырақта қалыптасты, сөзі сол жерде түзелді, рухы сол жерде шыңдалды. Қала адамға мүмкіндік бергенмен, жүрекке сол әуенді бере алмайды. Сондықтан әр қазақтың көкірегінде ауылға деген сағыныш өмір бойы өшпей жүреді. Бірақ сағыныш әрекетке айналмаса, солғын тартады.

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің «Қаладан — ауылға» атты қанатқақты жобасы — сол әрекеттің үмітті қадамы. Бағдарлама қала тірлігінен қажыған, жерге жақын өмірді аңсаған азаматтарға баспана, кәсіп ашуға мүмкіндік беріп, мал шаруашылығына жеңілдетілген несие ұсынуды көздейді. Бұл — ауылды қайта тірілтудің нақты тетігі.

Өткен жылы облысқа көшіп келген 264 адамның 244-і қандастар болуы туған жердің тартылыс күші әлі жоғалмағанын дәлелдейді. Егер осы үрдіс жүйелі қолдау тапса, бүгін қарттар ғана қалған ауыл ертең жас отбасылардың қонысына айналуы әбден мүмкін.

Абай ауданындағы Медеу ауылының бастамасы көпке үлгі болды. Қаладан келген әр отбасының баспанамен қамтылып, он бас қой, екі ірі қара, бір жылқы беріліп, жұмысқа орналастырылуы — ауылды өз күшімізбен көтерудің жарқын мысалы. Ауылда туған әр балаға ат мінгізу дәстүрінің жаңғыртылуы — болашаққа деген сенімнің символы.

Медеудің бүгінгі келбеті — жаңарған қазақ ауылының бейнесі: 207 орындық мектеп, мәдениет үйі, медициналық пункт, интернет пен спорт алаңдары бар. Осындай инфрақұрылым облыстың өзге өңірлерінде де жасалып келеді. Демек, мәселе тек жағдайдың жоқтығында емес, сол дайын мүмкіндікті адаммен толтыруда.

Егер ауыл зейнеткерлердің соңғы аялдамасына айналса, ұлттың рухани иммунитеті әлсірейді. Тілдің тұнығы мен дәстүрдің өзегі ауылда сақталмаса, ертең кімге аманат етіп қалдырамыз? Сондықтан бұл жоба — экономикалық қана емес, ұлттық қауіпсіздікке пара-пар рухани қадам.

20 ақпанда Семейде өтетін ауыл әкімдерінің форумында жарияланатын бастама ауылға тек адам емес, өмірдің өзін қайтаруды мақсат етіп отырғаны сөзсіз. Бір отбасы көшіп барса, жабылғалы тұрған мектептің болашағына салынатын қара құлыптың терезесінен жарық қайта көрінуі мүмкін. Ауылға тіршілік оралса — тарих та, рух та оралады.

Алтын бесік ауылды сақтау — өткенді сағыну емес, болашақты қорғау. Урбандану үзіп әкеткен тамырды қайта жалғау. Ауылға оралған үміт — ұлтқа оралған рух. Оның қадірін ауылдың  самалын жұтып, топырағында аунап өскен адам ғана терең түсінер…

Ұқсас жаңалықтар

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі...

Толығырақ...Details

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

03.07.2026
Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің...

Толығырақ...Details

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

03.07.2026
Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың бұйрығымен құрылған Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Аталған іс-шара мемлекеттік органдарды,...

Толығырақ...Details

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

02.07.2026
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және Қазақстан–Қытай AI-кино мен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және...

Толығырақ...Details

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

02.07.2026
Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

Абай облысында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

18 часов бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

18 часов бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

18 часов бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

1 день бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

2 дня бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

2 дня бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

2 дня бұрын

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

2 дня бұрын

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

2 дня бұрын

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС