"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Электрмен жабдықтау: не білу қажет?

27.03.2026
Электрмен жабдықтау: не білу қажет?
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстанда электр энергетикасы саласы стратегиялық маңызға ие. Оның тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуі ел экономикасының дамуына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты электр желілеріне қосылу тәртібі мен электр энергиясын пайдалану қағидалары заңнамалық деңгейде реттелген. Бұл саладағы негізгі құқықтық база – Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңы және соған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер.

Электр желілеріне қосылу – тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етудің алғашқы әрі маңызды кезеңі. Рәсім тұтынушының электр желісі ұйымына өтінім беруінен басталады. Өтінімде қажетті қуат көлемі, нысанның орналасқан жері және өзге де техникалық мәліметтер көрсетіледі. Осы негізде электр желісі ұйымы техникалық шарттар ұсынады. Онда қосылу нүктесі, рұқсат етілген қуат және орындалуы міндетті талаптар айқындалады.

Келесі кезеңде тұтынушы техникалық шарттарға сәйкес электрмен жабдықтау жобасын әзірлейді. Жоба қолданыстағы нормаларға сай болуы және уәкілетті органдармен келісуден өтуі тиіс. Одан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, электр желілері мен жабдықтар орнатылады. Барлық жұмыстар аяқталған соң нысан электр желілеріне қосылып, пайдалануға беріледі.

Заңнамаға сәйкес тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері нақты белгіленген. Олар электр желілеріне тең қолжетімділікке, сапалы әрі үздіксіз энергия алуға, сондай-ақ есепке алу құралдарының дұрыстығын талап етуге құқылы. Сонымен қатар техникалық шарттарды орындауға, есеп құралдарын орнатуға және шарт талаптарын сақтауға міндетті.

Өз кезегінде электр энергиясымен жабдықтаушы ұйым тұтынушылардың өтінімдерін уақтылы қарауға, негізделген техникалық шарттар беруге және электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге тиіс. Барлық тұтынушылар үшін кемсітусіз қолжетімділік қағидаты сақталуы қажет.

Электр энергетикасы саласындағы заң талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Сонымен бірге келтірілген залалды өтеу қажет болады, ал кей жағдайда электр энергиясын беру шектелуі немесе толық тоқтатылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес, энергетикалық жабдықтарды қауіпсіз пайдалану, электр энергиясын өндіру мен жеткізудің сенімділігі, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауына бақылау жүргізеді.

Өңір тұрғындары электр энергетикасы саласындағы заң бұзушылықтар бойынша арыз-шағымдарын немесе ұсыныстарын аталған департаментке — Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 9-үй, 605-кабинет мекенжайына жолдай алады. Өтініштер сондай-ақ  8 (7222) 56-50-24, 8 (7222) 56-50-25 байланыс нөмірлері арқылы немесе «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.

Департамент басшылығы азаматтарды апта сайын сәрсенбі және жұма күндері сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін жеке қабылдайды.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің
Абай облысы бойынша аумақтық департаменті» РММ

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және...

Толығырақ...Details

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

02.07.2026
Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

Абай облысында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Абай облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес мүшелері және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды....

Толығырақ...Details

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

02.07.2026
Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

Жаз мезгілінде жіті ішек инфекциялары мен сальмонеллездің таралу қаупі артады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

02.07.2026
Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен биыл атқарылып...

Толығырақ...Details

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

01.07.2026
Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

Бүгін Абай облысында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне орай жаңа Ата заңның ресми басылымын табыстау рәсімі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

3 часа бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

3 часа бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

4 часа бұрын

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

5 часов бұрын

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

9 часов бұрын

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

1 день бұрын

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

1 день бұрын

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

1 день бұрын

Қазақстан тарихында алғаш ретәкімшілік рақымшылық жасау жүргізіледі – Президент заңға қол қойды

1 день бұрын

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС