"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді

27.03.2026
Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді
39
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысында Алакөл жағалауын дамыту және 2026 жылдың жазғы маусымына дайындық мәселелері арнайы жиында қаралды. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен басқосуда өңірдегі туристік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған 2026-2028 жылдарға арналған жол картасы бекітілді.

Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді

Жиында туризм басқармасының басшысы Бекжан Бапышев, Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин және Цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаламқас Жұмағалиқызы Алакөл жағалауындағы маңызды жобалардың орындалу барысы мен алдағы міндеттер жөнінде баяндама жасады.

Бекітілген құжат өңірдің туристік әлеуетін арттыруға және жағалаудағы инфрақұрылымды кешенді түрде дамытуға бағытталған. Жоспарға сәйкес, Алакөл жағалауын дамытуға арналған бас жоспар әзірленіп, инженерлік инфрақұрылым кезең-кезеңімен жаңартылады. Атап айтқанда, электр желілері тартылып, су және кәріз жүйелері салынады, тазарту қондырғылары орнатылып, жағалау нығайтылады. Сонымен бірге санитарлық тораптар қойылып, аумақ жарықтандырылады.

Қауіпсіздік мәселесіне де айрықша мән беріліп отыр. Биыл көл жағалауына жасанды интеллектпен интеграцияланған 115 бейнекамера орнату жоспарланған. Оның 22-сі тікелей жағалау сызығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қойылады. Бұдан бөлек, барлық нысанды жоғары жылдамдықты интернетпен қамту және талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту көзделген.

Жол картасында жолдарды жөндеу, қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру, келушілерге арналған орталық салу, инвестор тарту және мәдени-туристік іс-шаралар өткізу де қарастырылған. Бұл бастамалар Алакөлдің туристік тартымдылығын арттырып қана қоймай, демалушылар үшін жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жиында облыс әкімі шомылу маусымына екі айдай ғана уақыт қалғанын айтып, тиісті басқармалар мен Мақаншы ауданы әкімдігіне барлық жұмысты жеделдетуді тапсырды. Аймақ басшысы инфрақұрылымды дамыту, қауіпсіздік пен тазалықты сақтау, қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы шаралар нақты жоспармен жүзеге асуы тиіс екенін атап өтті.

Берік Уәлидің айтуынша, бұл мәселе Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше бақылауында. Сондықтан әрбір жауапты құрылым өз міндетін нақты айқындап, мерзімі мен жауапты тұлғаларын белгілеуі қажет. Облыс басшысы негізгі мақсат жазғы туристік маусымды талапқа сай өткізу ғана емес, Алакөлдің туристік әлеуетін сапалы жаңа деңгейге көтеру екенін жеткізді.

Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС