"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды

15.03.2026
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін республикалық референдум аясында — «Референдум – 2026» атты онлайн марафон басталды.Ауқымды шараны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырып отыр.

09:00-де басталған онайын марафон 01:00-ге дейін жалғасады. Он алты сағатқа созылатын шара барысында қоғамдағы өзекті тақырыптар талқыланып, ел дамуына қатысты бастамалар мен инновациялық жобалар таныстырылады. Шара шымылдығын 100 домбырашыны “Балбырауын” күйімен ашты.

Іс-шара барысында тұңғыш рет отандық өнертапқыштар жасаған роботтар марафон жүргізушілеріне көмектеседі, сондай-ақ голограмма технологиясы арқылы еліміздің жетістіктер тізбегі ұсынылады.

Марафонда 5 негізгі алаң жұмыс істейді:

  1. Басты сахна – қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен танымал тұлғалардың қатысуымен өтетін негізгі пікірталас алаңы;
  2. Ток-шоу алаңы – білім беру, креатив индустрия, цифрландыру, жасанды интеллект және жастар мәдениетіне қатысты өзекті тақырыптар талқыланатын студия;
  3. Инновация алаңы – жасанды интеллект жобалары, роботтар, отандық стартаптар мен IT өнімдер таныстырылатын арнайы кеңістік. Мұнда роботтандыру мен ЖИ бағытындағы жаңа бастамалар көрсетіледі; (тұңғыш рет ұсынылырып отыр)
  4. Орталық коммуникациялар алаңы – республиалық референдумның өту барысына қатысты ресми органдар өкілдері мен сарапшылар әр екі сағат сайын тікелей эфирде пікір білдіреді;
  5. Экспресс-камера – шараға қатысушы көрермен пікірін жеткізетін интерактивті формат. Журналистер қонақтар мен қатысушылардан блиц-сұхбат алып, азаматтардың шараға қатысты көзқарасын, көңіл күйі мен азаматтық ұстанымын көрсетеді.

Онлайн марафонда «Киберспорт», «Инклюзивті қоғам», «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі», «Бала тәрбиесі: дәстүр мен заманауи әдістердің сабақтастығы», «Патриотизм», «Жасанды интеллектінің дамуы»«Креативті индустрия», «Волонтерлік – жаңа азаматтық мәдениет», «Білім беру», «Ұлтты ұйыстырған мереке», «Ұлттық музыка – жаңа форматта», «Коучинг қызметін реттеу» секілді өзекті тақырыптар талқыланады.

Марафон барысында АҚШ, Ресей, Түркия, Қытай, Бельгия мемлекеттерінен, сондай-ақ еліміздің аймақтарынан меншікті тілшілер тікелей қосылады.

Медиа шарада алғаш рет ұйымдастырылған инновация алаңында отандық өнертапқыштардың ерекше жобалары таныстырады. Атап айтқанда, Aleem ағылшын тілін үйрету қосымшасының авторы Асылжан Алтай, болашақта адам ағзасына салынуы мүмкін механикалық жүрек жобасының авторы Аделия Анаш, сал ауруы диагнозы бар адамдарға өте қолайлы жасалған жаңа арба, сондай-ақ майтабан диагнозын анықтауға арналған «ақылды» ұлтарақ» жобалары көпшілік назарына ұсынылады.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт сөндіруге арналған роботтың мүмкіндіктерін таныстырады. Жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін робот иттер де қатысады. Олар белгіленген аумақты автономды түрде аралап, бейнеақпаратты бірден басқару орталығына жібереді. Бұдан бөлек, шахтерлердің қауіпсіздігін арттыруға арналған «Mainsafe» атты смарт-қолғап таныстырылады. Бұл қолғап өндірістік қауіпсіздікті күшейтуге арналған заманауи технологиялық шешімдердің бірі. Сондай-ақ Ластанған ауадан принтерге арналған қара бояу өндіруге мүмкіндік беретін инновациялық жоба да ұсынылады.

Медиа алаңда халықаралық UAE SWAT Challenge турнирінде әйелдер арасында бірінші орын алған «Томирис» арнайы жасағы да қатысып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Іс-шараға еліміздің саясаткерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, өнер және спорт өкілдері қатысады. Олардың қатарында киберфутболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Абылайхан Ахметов, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан және басқа да танымал тұлғалар бар.

Онлайн марафон отандық бұқаралық ақпарат құралдарының YouTube, Facebook, Instagram, TikTok, Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей көрсетіледі. «Референдум – 2026» арнайы Telegram арнасы да жұмыс істеп, көрермендер шараның онлайн нұсқасына қосыла алады.

Наурызнама онкүндігі аясындағы – Қайырымдылық күніне орай онлайн марафон барысында «Қайырымды жан» номинациясының жеңімпаздары марапатталады.

Марафон сахнасында BAYANSULU, AUKA, KOBA сияқты танымал жас жұлдыздар өнер көрсетеді. Шараны бастан аяқ DJ MONOGAMM музыкамен сүйемелдейді.

Марафон аясында Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының пресс-орталығы сайлау учаскелерінің ашылуы, дауыс берудің басталуы және дауыс беру процесі туралы ресми ақпараты тұрақты түрде жарияланып отырады.

«Референдум – 2026» онлайн марафоны қоғамдағы маңызды тақырыптарды кеңінен талқылауға, пікір алмасуға және еліміздегі инновациялық жобаларды таныстыруға арналған ірі ақпараттық алаң.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС