"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте қатысты.

Аймақ басшысы құттықтау сөзінде жаңа білім ордасының өңір үшін маңызы ерекше екенін атап өтті.

«Бүгін біз облысымыздың білім беру жүйесі үшін айрықша маңызға ие тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Қарағайлы тұрғын ауданында дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі – өңіріміздің білім саласындағы жарқын болашаққа бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім мен ғылымды дамыту, адами капиталды нығайту, жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыру ел дамуының стратегиялық басымдықтары екенін үнемі атап өтіп келеді. Президент айқындаған осы міндеттер аясында бүгінгі қолға алынып отырған игі бастаманың маңызы ерекше. Өйткені, мектеп салу – ғимарат тұрғызу ғана емес, ол – елдің ертеңіне, жас ұрпақтың білімі мен болашағына салынған инвестиция деп білеміз. Жобаның тағы бір маңызды қыры – жаңа ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін қазіргі лицей орналасқан ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, қыз балаларға арналған мамандандырылған лицей ретінде ашуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, бүгінгі құрылыс екі бірдей игі мақсатқа жол ашады: біріншіден, ұлдар мен қыздарға арналған білім беру бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді; екіншіден, өңірдегі дарынды балалардың сапалы білім алуына қолжетімділікті арттырады. Бүгін қаланып жатқан іргетас – ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы. Осы игі іске атсалысып отырған барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін», – деді Берік Уәли.

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына сұраныстың артуына байланысты 400 орындық жаңа лицейдің құрылысы қолға алынды. Ғимарат жанынан 300 оқушыға арналған жатақхана салынады. Жоба құны – 6,8 млрд теңге. Нысан 4,7 гектар жер учаскесінде орналасады. Ғимарат үш қабаттан тұрады. Жобада математика, физика, химия, биология, информатика және робототехника пәндеріне арналған оқу кабинеттері, жаратылыстану бағытындағы зертханалар мен заманауи IT сыныптары қарастырылған.

Сонымен қатар, мұнда шығармашылық үйірмелерге арналған бөлмелер, спорт залы, асхана, кітапхана, мәжіліс залы және медициналық кабинет болады. Ғимарат аумағында демалыс орындары, көгалдандыру аймақтары, жаяу жүргіншілер жолдары мен автотұрақ салу көзделген.

Жаңа білім ордасының іргетасын қалау рәсімінде сөз сөйлеген ұстаздар мен ата-аналар өз ризашылықтарын жеткізді.

«32 жыл бұрын дәл осы күні қазіргі «Білім-Инновация» лицейі ашылған болатын. Басында 100 бала қабылданған еді. Оқушылар саны жылдан жылға өсіп келеді. Бүгінгі күні біздің түлектеріміз төрткүл дүниенің әр түкпірінде жүр. Жаңа ғимараттың іргетасы қаланып, құрылыс жұмысы басталғанына дән ризамыз. Барша ұстаздардың, ата-аналардың, тұрғындардың және түлектердің атынан алғыс айтамыз», – деді ардагер ұстаз Кенжехан Накишев.

Семейдегі «Білім-Инновация» лицейі 1994 жылы құрылған. Осы кезеңде лицей көптеген дарынды оқушыны тәрбиелеп, олардың республикалық және халықаралық деңгейде білімін көрсетуіне мүмкіндік берді. Лицей оқушылары бірнеше жыл қатарынан облыстық «Үздік олимпиадалық команда» атағын иеленіп, пәндік олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Қазіргі уақытта лицей 1981 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Нысанның жобалық қуаттылығы 140 орын болғанымен, мұнда 224 оқушы білім алуда. Лицейге деген сұраныс жыл сайын артып келеді.

Бүгінде Абай облысында 304 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Онда 100 мыңға жуық бала білім алуда. Өңірде оқушы орындарының тапшылығы 6,3 мыңды құрайды. Оның 4,3 мыңы Семей қаласына тиесілі. Бұл мәселені шешу мақсатында «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында облыста 5 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданында 1400 орындық BINOM мектебінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, «Абайға құрмет» акциясы аясында Астана қаласы Семейде 1500 орындық мектеп салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек Жарма ауданының Суықбұлақ ауылындағы 100 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ, Ақсуат ауданының Ақсуат ауылында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 300 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы басталады.

Ұқсас жаңалықтар

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

04.11.2026
Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында су ресурстарының тапшылығын болдырмау және...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

23 секунды бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 час бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 час бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 час бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

4 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

5 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

5 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

5 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

6 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС