"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан қай жерім кем еді?», «Оның менен қандай артықшылығы бар?» деп іштей өзін жей бастайды. Ал өзі марапатқа ие болса, оны жұртқа көрсетіп, елге таныстыруға асығады. Тіпті кейде төсіндегі ордені мен медалін адамның өзінен биік қойып жіберетініміз де бар… Бұл – адамның өзін өзгемен салыстыруға, құнын сыртқы мойындау арқылы өлшеуге бейімделген қоғам психологиясының көрінісі.

Қазаққа атаққұмарлық қайдан келді? Неге бізге біреудің құрметіне бөлену, марапат алу, мінберге шығу, суретке түсу соншалықты маңызды боп кетті? Меніңше, мұның тарихи, саяси және психологиялық себептері бар.

Ең алдымен, бұл мінездің қалыптасуына Кеңес Одағының да ықпалы аз болған жоқ. Кеңес билігі бірнеше ұлт пен ұлыстан құралған алып мемлекетті біртұтас етіп идентификациялауға күш салды. «Совет адамы» деген ұғым қолдан қалыптастырылды. Бұл жоба ұлттық/этностық ерекшеліктерді толық жойған жоқ, бірақ ортақ идеологияға бағынған жаңа қоғамдық сана қалыптастыруды анық көздеді. Сол жүйенің маңызды құралдарының бірі – марапаттау саясаты еді. Еңбек озаттары, партия қызметкерлері, өндіріс басшылары, әскери адамдар, мәдениет пен ғылым өкілдері орден-медальдармен, құрметті атақтармен марапатталды. Еңбек адамының жетістігін мойындау, қоғамға үлгі ету деген ізгі мақсат та болды. Бірақ, түптеп келгенде, марапат жүйесі идеологиялық тәрбие мен саяси адалдықты ынталандыру тетігіне айналып кетті. Яғни, мемлекет кімнің еңбегін бағалайтынын ғана емес, қоғам кімді үлгі тұтуы керектігін де өзі айқындады. Сөйтіп, адамның қоғамдағы беделін оның білімімен, мінезімен, кәсіби қабілетімен ғана емес, мемлекеттік марапаттарымен де өлшеу дағдысы қалыптасты. Төсіндегі ордені бар адам – ең сыйлы, өте құрметті адам. Кеудесінде белгісі жоғы – қатардағы адам. Осындай түсінік бірте-бірте қоғам санасына сыналап кіріп, әбден орнықты. Кеңес Одағы 1991 жылы тарады. Арада 35 жыл өтті. Алайда сол кезеңде қалыптасқан кейбір әлеуметтік әдеттер мен психологиялық өлшемдер әлі де «өлген» жоқ.

Әрине, барлық атаққұмарлықты кеңестік кезеңнен іздеу дұрыс емес. Пенде баласының даңққа, құрметке, мойындауға ұмтылысы ықылым заманнан бері бар. Қазақтың өз тарихында да мансап пен мәртебе үшін тартыс аз болмаған. Бірақ Кеңес Одағының марапаттау жүйесі осы құбылысты институционалдық деңгейде көтеріп, оны күнделікті өмірдің маңызды бір бөлігіне айналдырды. Енді осы мәселенің психологиялық жағына үңіліп көрейікші.

Әлеуметтік психологияда адамның өзін өзгелермен салыстыруға бейімділігі «әлеуметтік салыстыру теориясы» деп аталады. Бұл теорияны 1954 жылы америкалық психолог Леон Фестингер ұсынған. Адам өзінің қабілетін, жетістігін, қоғамдағы орнын бағалау үшін айналасындағы адамдарға қарайды. Бұл – табиғи құбылыс.

Бірақ мәселе салыстырудың өзінде емес, оның нәтижесінде болып отыр. Біреу жетістікке жетсе, одан үлгі алудың орнына, оның жетістігін өзімізге төнген қауіп ретінде қабылдай бастаймыз. Біреу марапат алса, оның еңбегін бағалаудың орнына, өзіміздің марапатсыз қалғанымызды ойлаймыз. Біреу жоғары қызметке тағайындалса, оның кәсіби мүмкіндігінен бұрын, өзіміздің қай орында тұрғанымызды есептейміз. Мұны әлеуметтік мәртебеге ұмтылу, сыртқы мойындауға тәуелділік және әлеуметтік салыстырудың жағымсыз көріністері арқылы түсіндіруге болады.

Америкалық психологтар Эдвард Деси мен Ричард Райанның өзін-өзі айқындау теориясында адамның ішкі және сыртқы мотивациясы ажыратылады. Адам бір істі өзінің қызығушылығы, сенімі, жауапкершілігі үшін орындауы мүмкін. Ал енді бір жағдайда марапат, сыйақы, мақтау немесе өзгелердің мойындауы үшін әрекет етеді.

Егер адам жұмысты тек сыртқы марапат үшін істей бастаса, марапат оның басты мақсатына айналып кетуі мүмкін. 1999 жылы жарияланған 128 зерттеуді қамтыған талдау материалдық сыйақылар кей жағдайларда адамның ішкі қызығушылығы мен өз еркімен әрекет ету ынтасын төмендететінін көрсетті. Бұл жерде барлық марапат зиян деген сөз жоқ. Керісінше, орынды берілген жақсы пікір мен шынайы мойындау ішкі ынтаны күшейте алады. Демек, мәселе марапаттың бар-жоғында емес, адамның соған деген қарым-қатынасында болып тұр.

Ал енді марапат алған сәттегі адамның көңіл күйін алайық. Сөзсіз қуанады. Өзін құнды, бағалы сезінеді. Жұрттың назарында болады. Әлеуметтік желіде құттықтаулар көбейеді. Мұның бәрі жағымды эмоция тудырады. Бұны «бақыт гормондары» деген қарапайым түсінікпен ғана шектеуге болмайды. Марапатты күту мен оған ұмтылуда дофамин жүйесінің рөлі бар. Бірақ дофаминді бақыт гормоны деп атау ғылыми тұрғыдан дәл емес. Ол көбіне ынта, марапатты күту, әрекетке итермелеу және үйрену процестеріне қатысады. Ғалымдар марапатқа ұмтылуды (wanting) одан ләззат алудан (liking) бөлек қарастырады. Яғни, адам кейде марапаттың өзінен гөрі, оған ие болуды, жұрттың назарын аударуды көбірек қалауы мүмкін. Сонда бір сәттік қуаныш пен өзгелердің мақұлдауы үшін адамның өзара сыйластығын жоғалтуы, біреудің беделін түсіруге тырысуы, тіпті бет жыртысуы қаншалықты орынды? Бір медаль үшін ағайынның арасына сызат түсіру, бір атақ үшін әріптесті күндеу, бір марапат үшін адамның еңбегін жоққа шығару ақылға сыйымды әрекет пе? Осы тұста данышпан Абайдың сөзіне тоқтауға тура келеді.

Ойшыл өзінің ХХІ қара сөзінде мақтанның екі түрін ажыратады. Біріншісін «үлкендік» деп атайды. Бұл – адамның өзін ішкі өлшеммен бағалауы, арсыздықтан, надандықтан, пайдасыз әрекеттен сақтануы. Ал екіншісін мақтаншақтық дейді. Ұлы ақынның мына бір сөзі де бүгінгі қоғамға да арналғандай. «Мақтаншақ деген біреуі «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді».

Бір ғасырдан астам уақыт бұрын айтылған осы сөздің бүгінгі өмірдегі мысалын күн сайын көріп жүрміз. Біреудің «мемлекеттік сыйлықтың лауреаты» деген атағын естіп, шығармасының сапасына емес, атақтың өзіне назар аударамыз. Біреудің «еңбек сіңірген қайраткер» атанғанын көріп, оның өмір бойғы еңбегіне емес, неге дәл соған берілгеніне үңілеміз. Біреу орден алса, құттықтаудың орнына, марапаттың әділдігіне күмән келтіруге асығамыз.

Абай мұндай мінезді ХХХ қара сөзінде одан әрі тереңдете түседі. Онда «қырт мақтанды» сынап, ар, естілік, намыс, үлкен ой мен адамдықтың жоқтығын бетке басады. Тіпті «Ұялмас бетке талмас жақ береді» деп түйіндейді. Ал ІІІ қара сөзінде мақтаншақтықты қорқақтықпен, қайратсыздықпен, надандықпен сабақтастырады. Бұл жерде Абай жеке адамның мінезін ғана емес, қоғамның дамуына кедергі келтіретін тұтас әлеуметтік ортаны талдап отыр. Біз осы ойлардың тереңіне бойлай алдық па?

Тағы бір өзекті мәселе бар. Бізде марапатқа ие болған адамды қызғану ғана емес, марапаттың өзін қолдан жасауға бейімділік те кездеседі. Түрлі қоғамдық ұйымдардан, белгісіз мекемелерден, кейде ешқандай салмақты өлшемі жоқ құрылымдардан төсбелгі, диплом, медаль алып жатқандар аз емес. Біреуі «құрметті азамат» атанса, екіншісі «ұлт мақтанышы» болады. Үшіншісі «әлемдік деңгейдегі тұлға» атанып шыға келеді. Осылайша, атақтың қадірін өзіміз түсіріп жатырмыз. Мұндайда ең әуелі марапаттың өлшеміне назар аударуымыз керек. Ол нақты еңбектің, кәсіби жетістіктің, қоғамға сіңірген қызметтің нәтижесі болуы тиіс. Ал марапат адамның беделін қолдан көтерудің немесе белгілі бір ортада өзін өзгелерден жоғары көрсетудің құралына айналмауы керек.

Жуырда Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың биыл берілмеуі туралы шешім де қоғамда әртүрлі пікір туғызды. Мен мұны марапат жүйесі туралы кеңірек ойлануға мүмкіндік деп қабылдар едім. Тіпті батыл бір ұсыныс айтуға болады. Мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтарды тағайындауға бес жылдық мораторий жариялап көрсек қайтеді?

Бұл дегеніміз – ғылымға, мәдениетке, өнерге, өндіріс пен қоғамға еңбек сіңірген азаматтарды бағалаудан мүлде бас тарту деген сөз емес. Олардың еңбегін бағалаудың өзге жолдары бар. Кәсіби ортадағы мойындау, ғылыми жетістікті жариялау, нақты нәтижені көрсету, қоғамға тигізген пайдасын бағалау да марапаттаудың баламалы тетіктері ғой.

Бірақ бес жыл бойы төсбелгі мен орденге талас тоқтаса, атақ үшін бір-бірімен жарысуға деген қоғамдық құлшыныс та біршама саябырси ма еді? Ең бастысы, біз адамды атағымен емес, атқарған ісімен бағалауға біртіндеп үйренер ме едік?

Қазір мектеп оқушыларының арасында да мақтау қағазы мен дипломға бұрынғыдай қатты мән бермейтін буын өсіп келеді. Олардың арасында жетістігін әлеуметтік желіге жариялауға асықпайтын, марапаттан гөрі өз қызығушылығы мен қабілетіне басымдық беретін жалынды жастар бар. Бұл – сөсіз жақсы нышан. Әрине, барлық жасөспірім сондай деп кесіп-пішіп айтуға болмайды. Бірақ келешек ұрпаққа атақ жинауды емес, қабілет дамытуды, біреуден озуды емес, өз мүмкіндігін ашуды үйреткеніміз жөн.

Марапаттың өзі жаман емес. Еңбек еткен адам лайықты бағасын алуы керек. Қоғамға қызмет еткен азаматтың еңбегі елеусіз қалмауы тиіс. Бірақ марапат – мақсат емес, атқарылған істің нәтижесіне берілген баға ғана болуы керек. Бізге төсіндегі темірі көп адам емес, сөзі мен ісі бір жерден шығатын адам керек. Өмірбаяны марапатқа толы азаматтан гөрі, артында нақты ісі қалған азамат қымбат. Атағын айтып есік аштыратын адамнан гөрі, еңбегімен есік ашатын адам қашанда қадірлі. Бір күні біздің қоғам да осы қарапайым ақиқатты толық түсінер деп үміттенемін. Сол кезде біреудің орден алғанына қызғанбай, шын көңілмен қуана аламыз. Өзімізге атақ берілмесе де, еңбегіміздің бағасын жоғалтпаймыз. Біреудің алдында кеуде керу үшін емес, елге пайдамыз тисін деп жұмыс істейміз. Өйткені адамның шын абыройы төсіндегі темірде емес, артында қалдырған ізінде деп пайымдаймын. Атақ уақытша, ал адал еңбек пен адамдықтың қадірі – мәңгі.

Әли Хан.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

14 секунд бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

15 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

16 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

16 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

16 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

19 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

19 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

20 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

20 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

21 час бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС