"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ АЙШЫҚТАЛДЫ

16.06.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Адамзаттың Абайы: әдеби мұрасы және абайтану мәселелері». Осындай атаумен Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараның өтуіне аталған мұражай мен М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты ұйытқы болды.

 

{jcomments on}Конференция жұмысына республикамызға белгілі ғалымдар, жоғары оқу орындарының ғылым қызметкерлері мен оқытушылары, сондай-ақ Түркия, Қытай, Белоруссиядан ғалымдар қатысты. Алқалы жиын ашылар алдында «Баламды медресеге біл деп бердім…» атты жаңа экспозициялық көрме ашылды.

 

— Халқымыздың ең үлкен мақтанышы, ойшыл ақын, кемеңгер бабамыз Абайдың мұрасын насихаттап келе жатқан мұражай үшін де, баршамыз үшін де бүгін тарихи күн. Хакімнің дүниеге келгеніне әр он жыл толған сайын, осылай бас қосып, өткеніміз бен кеткенімізді, жеткеніміз бен болашақ жоспарымызды бір сарапқа салып алу әрқашан да әдетімізге айналған. Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. Бүгінде ұлы ақын сол көксеген арманына жетіп, баршаға аты қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат адамзат ардағы, адамзат ақыны, адамзат ақылманы болып жетіп отыр, — деді көрменің ашылу салтанатында Жандос Мағазбекұлы.

Конференцияның пленарлық мәжілісіне М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі У.Қалижанов, «Қазақстан-ZAMAN» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бас директоры Хастүрік Серкан, ҚР БҒМ Экономика институты ғылым орталығының жетекшісі, академик, профессор Оразалы Сәбден, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті педагогика жоғарғы мектебінің директоры, профессор Арап Еспенбетов қатысып, өз баяндамаларын жасады. Бұлардан бөлек шараға Минск қаласының «Звязда» баспа үйінің директоры А.Карлюкевич, Қытайдан келген қандасымыз, жазушы, зерттеуші Кәрім Дүйсенбайұлы сыды зиялы қауым өкілдері қатысты.

Келесі кезекте белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбденнің «Абай және қазақ болашағы» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі жасалды. Абай Құнанбайұлының шығармалары мен қара сөздері қазақ халқын, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде. Еңбекте дара ойшылдың қара сөздерінде көтерілген мәселелерді XXI ғасырда іске асыру тетіктері айқындалған. Сондай-ақ қазақ еліне, жалпы өркениетке елеулі үлес қосқан әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абылай хан сияқты 30-ға жуық тарихи тұлға туралы қысқаша мәлімет беріледі. «Біз Абайға қайта бет бұрып, оның туындыларынан ақиқат пен шындықты, оның толық адамынан ар-ұят, намыс пен мейірімділікті алып, өзімізді өзгертуге, рухани жан дүниемізді түзетуге бет алсақ екен», – дейді автор. Оразалы Сәбден — алпыстан астам елде болып, өз елінде жетпіс монографиялық кітабы жарық көрген экономист — ғалым. Ақыл — ой, білім — ғылым деңгейі жоғары ғалымның еліне айтар жүрекжарды ойлары баршылық. Аталмыш еңбекте сол ойларын ел игілігін ойлап ортаға салады.

Конференция барысында зерттеуші — ғалымдар әртүрлі тақырыптарда баяндамалар жасады. Айта кету керек, конференция материалдары топтастырылып, жинақ құрастырылатын болады.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Табиғатқа жанашырлық алғаш рет конституциялық міндетке айналды: еліміздің жаңа Ата Заңы күшіне енді

01.07.2026
Табиғатқа жанашырлық алғаш рет конституциялық міндетке айналды: еліміздің жаңа Ата Заңы күшіне енді

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ресми түрде күшіне енді. Бұл құжат мемлекет, қоғам және әрбір азаматтың қоршаған ортаны қорғау мен...

Толығырақ...Details

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының нормалары

01.07.2026
Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының нормалары

Қазақстан Республикасында электр энергетикасы экономиканың тұрақты жұмыс істеуін, өндіріс орындарының қызметін және халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды сала болып...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

01.07.2026
Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді әр адамның жеке өмірінің қолсұғылмаушылығына...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған ұсыныстар әзірлейді

01.07.2026
«Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған ұсыныстар әзірлейді

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі алаңында партия төрағасы Айбек Дәдебай тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының басшыларымен, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастық өкілдерімен...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты мәлімдеме жасады

01.07.2026
«Ақ жол» партиясы Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясы арнайы мәлімдеме жасап, бұл оқиғаны ел тарихындағы маңызды кезеңдердің...

Толығырақ...Details

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

01.07.2026
Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Негізгі жаңашылдықтардың қатарында мемлекеттiң ең...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Табиғатқа жанашырлық алғаш рет конституциялық міндетке айналды: еліміздің жаңа Ата Заңы күшіне енді

14 минут бұрын

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының нормалары

2 часа бұрын

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

2 часа бұрын

«Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған ұсыныстар әзірлейді

2 часа бұрын

«Ақ жол» партиясы Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты мәлімдеме жасады

2 часа бұрын

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

2 часа бұрын

Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті

2 часа бұрын

Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

2 часа бұрын

Шығармашылық еркіндік пен волонтерлікті қолдау: жаңа Конституцияның азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі

2 часа бұрын

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС