"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПКЕРЛІКТЕ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА ДА ЖОЛ АШЫҚ

16.10.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық әкімдігінде «Әйелдердің және отбасылық кәсіпкерліктің гендерлік мазмұны. Шығыс Қазақстандағы бағдарламалар мен даму қорларына қолжетімділік» тақырыбында конференция өтті. Басқосуға қоғам дамуына өзіндік үлес қосып жүрген іскер нәзік жан иелері қатысты. Сонымен қатар конференцияда  әйелдер және отбасылық бизнестің дамуы да сөз болды.

{jcomments on}Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова конференция жұмысын аша отырып, Семей  қаласында нәзік жандылардың қоғамдағы белсенділігі, іскерлігіне тоқталып өтті. Айта кету керек, елімізде 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді. Бүгінде Семей қалалық әкімдігіне қарасты он бес дербес бөлім бар болса, оның алтауын қазір нәзік жандылар басқаруда. Сонымен қатар Семей қаласына қарасты төрт ауылдық округтің де әкімі әйел адамдар. Семей қалалық мәслихатының қатарында да төрт нәзік жан иесі халық қалаулысы атанған.

— Еліміз дербестігін алғаннан бастап, гендерлік тепе-теңдікке ерекше мән беріліп келеді. Қазіргі таңда әйелдер қауымы түрлі салада ер азаматтарымызбен тең дәрежеде еңбек етуде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында шағын бизнес отбасылық мұраға айналып, ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде берілу қажеттігін атап өткен еді. Бүгінде әйелдердің жеңіл өнеркәсіпте, сауда саласында, қонақ үйі және мейрамхана кәсібінде бағындырған белестері аз емес. Олардың іскерлігі нәтижесінде қаламыз әлеуметтік тұрғыдан қарқынды дамып келе жатыр, — деді қала әкімінің орынбасары.

 

Конференция барысында кәсіпкерлік төңірегіндегі мәселелер қызу талқыланды. Нәзік жандылар әлі де болса бұл салада өздерінің мүмкіндіктерін толықтай пайдалана алмай келеді екен. «Бизнес жүргізудегі жеңілдік» рейтингісінде Қазақстан ТМД елдері арасында көшбасшы орында болғандығына қарамастан, жаһандағы экономикалық дағдарыс пен өзге де факторлар әйелдердің осы саланы игеруіне қолбайлау болып отырған көрінеді. Сондықтан да болар ағымдағы семинар әйелдер және отбасылық бизнесті арттырумен қатар олардың мемлекеттік бағдарламаларға барынша қатысуына арналып отыр.

 

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 часа бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 часа бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

4 часа бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

22 часа бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС